Әділ Сасбұқаев –1922 жылы 5 желтоқсанда Қазығұрт ауданы Төбеқұдық ауылында дүниеге келген.Қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері. Облыстың құрметті азаматы. Еңбек жолын аудандық соттахатшы болып бастаған. 1942 жылдан бастап Севастополь, Симферополь,Днепропетровск қалаларын, Украина, Польша, Чехословакия жерін азат етугеқатысып, 1, 2-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Ерлігіүшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. 1947 – 1949жылдары аудандық прокуратурада тергеуші, соңынан аудандық комсомол комитетініңбірінші хатшысы. 1949 – 1952 жылдары облыстық партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі, бөлім меңгерушісі. 1952 – 1954 жылдары Алматы Жоғарыпартия мектебінде оқыған. 1954 – 1960 жылдары Шымкент қалалық партиякомитетінде үшінші хатшы, Фрунзе, Түркістан партия комитеттерінде екінші хатшы,кеңес атқару комитетінің төрағасы, Созақ партия комитетінің бірінші хатшысы.Одан соң облыстық партия комитетінің екінші, Қызылқұм аудандық партиякомитетінің бірінші хатшысы, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығықызметтерін абыройлы атқарған. «Өткен күннен белгі көп», «Шежірені білу –еліңді құрметтеу» кітаптарының авторы. Ленин (1966), «Құрмет белгісі» (1976),Еңбек Қызыл Ту (1981), «Парасат» (2003) ордендерімен марапатталған. Қазақ КСРЖоғары Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшелігіне сайланған.Шымкент, Түркістан қалаларының, Қазығұрт, Созақ аудандарының құрметті азаматы.Осындай саналы ғұмырын елдің өсіп-өркендеуіне жұмсап, зор беделге ие болғаназаматтың құрметіне Шымкентте еңселі ескерткіш ашылды. Тау тұлғаға арналғанмонумент Әділ Сасбұқаевтың өз есімі берілген көшеге орнатылды.
Шымкент шаһарының Ә.Сасбұқаев көшесінің бойындағы аллеяда Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында жерлесіміз Әділ Сасбұқаевтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Яғни, бүгінде ғұмыры көпке үлгі қайраткер азаматты білетін, етене танитын ел ағалары туған жерінің төсінде ескерткіш орнатты.
Қасиетті Оңтүстік жерінен қаншама өнерлі де білімді азаматтар шыққаны белгілі. Осындай өңірімізден шыққан қайталанбас тұлға, еңбек бастауында тұрған жерлесіміз Әділ Сасбұқаев артында өшпестей із қалдырды. Ордалы ойын ақылмен безбендеген, көлденең сөзге ермеген парасатты адам болған дейді әпсаналарды ел аузынан естіген жергілікті тұрғындар. Қазіргі ұрпақ Әділ Сасбұқаевтың сіңірген еңбегін еш ұмытпауы керек. Ең бастысы осындай асыл азаматтарымызды жүрегіміздің түбінде ұлы құрметке лайық деп тауып, қадіріне жетсек болғаны.
Кештің ашылу салтанатына қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов арнайы қатысып, Әділ Сасбұқаев жайында өзінің ыстық лебізін білдірді. Қазақ халқының біртуар азаматының, жерлесіміздің өмірде өте қарапайым да кішіпейіл, ашық-жарқын адам болғанына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, оның әрдайым адами қасиеттеріне тәнті болғанын айта келе, қаламыздағы еңселі ескерткіштің орнатылғанына өте қуанышты екенін жеткізді.
Аталмыш жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты. Сондай-ақ, басқа да өңіріміздің зиялы өкілдері жиналып, ескерткіш ашылған сәтте гүл шоқтарын қойды.
Ескерткішті салтанатты түрде Шыңғыс Жұмабекұлы мен Молдыбай Ілиясов, Орынбай Рахманбердиев, Анарбек Орманов сынды Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматтары ашты.
Өз құттықтау сөзінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан: «Ұйымдастырушылық қабілет-қарымы біліктілігі мен іскерлігіне астасқан жан ұзақ жыл партия, кеңес органдарында басшылық қызметтер атқарды. Әділ Сасбұқаев қай салада болсын халқына адал қызмет етті. Сонысымен ел есінде, көпшілік көкейінде жатталып қалды», – деді.
Шараға қоғам қайраткерінің көзін көрген қызметтестері мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Ұлт тағдырын, халық қамын ойлаған тұлғаның ұл-қызы, немере-шөберелері ата есімінің ұлықталғанына дән разы.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, заңгер Бекет Тұрғараев:
«Бүгін есте қаларлық оқиғаның куәсі болып отырмыз. Қазақтың дүлдүл ақыны Ілияс Жансүгіров айтқандай «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді». Сондай кемел тұлғаны халқымен қауыштырып, қаланың көрікті жеріне орналастыру қуанышына келіп отырмыз. Ол кісінің ерен еңбегі, айтулы қызметі баршаңызға аян, ал адами тұрғыда айтатын болсақ, кісілік келбетінің өзі бір төбе еді. Әділ Сасбұқаевтың келер жылы – 100 жылдығы. Міне, сол мерейтойдың алдында елімізге ерен еңбек сіңірген, адал, мейірімді жан, халыққа қамқор болған азаматтың ескерткішін қойып бір марқайып тұрған жайымыз бар. Осындай ардақты ұлды ұлықтау – ұрпақтық парызымыз»,– деп барша жамағатты құттықтап өтті.
Бұл жиынға шымкенттік тұрғындар да жиналды. Олар жерлесімізге арналған ескерткіштің келешек ұрпаққа өнеге болып қалатынын айтып, өздерінің жүрекжарды қуаныштарын жасырмады.
Бүгінде даңқты жерлесіміздің еңселі ескерткіші анадайдан жарқырап, мен мұндалап тұр.
Туған еліне қалтқысыз қызмет ету – Әдекеңнің асыл мұраты болды. Арман орындалды. Мақсат жүзеге асты. Тектілік тұғырынан таймаған тұлғаның есімі мәңгі ел есінде. Тағылым түйер шараға келгендер осыны ұқты.
Бой көтерген Қоғам қайраткерінің бейнесін Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне тамаша тарту деуге болады.
Осы тұрғыда, көптің қуанышына сеп болып, ескерткіштің орнатылуына мұрындық болған игі істердің, рухани кемелдену жолындағы еңбектердің басы-қасында жүрген, елін, жерін түрлентуге, тарихтың жандануына атсалысудан жалықпайтын ҚР қоғам қайраткері, заңгер Бекет Тұрғараевты және аталған игі бастамаға белсенді қолдау көрсеткен Анарбек Орманов, Жеңіс Тұрғанов сынды абыройлы азаматтарды ерекше атап өткеніміз жөн.
Біз өткен тарихымызды білмесек, оны ұрпаққа жеткізе алмасақ, қалай қазақ боламыз? Міне, біздің негізгі мақсатымыз – өсіп келе жатқан ұрпаққа өнеге көрсету.
Енді бұл ескерткіш Еңбек және соғыс ардагері, даңқты жерлесімізді жиі есімізге салатын болады.
А.СӘКЕНҚЫЗЫ