«БІЗ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРЕМІЗ»

Білім
892 Views

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының озық кезеңдеріне өтуіне байланысты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жаңа реформаларжасалуда.

Осыған орай Президентіміз Қ.К.Тоқаев «Біз барлығымыз Қазақстанды гүлденген және дамыған мемлекетке айналдыруға ұмтыламыз. Мұның кілті – сапалы, қол жетімді, заманауи және кәсіби білім. Қазіргі заманда жастарға техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткендей, жаһандану кезеңінде инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты – деп атап өткен болатын.

Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынымен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктеліп отырғаны белгілі.

Заман дамып, қоғам өзгерген сайын уақыт көшіне ілескен жаңа мамандықтарға қажеттілік туындауда. Қай кезде де жаңаны үйренуге бейімбіз ғой. Жас буын ақпараттық технология саласындағы бейтаныс мамандықты қиындықсыз меңгеріп, табысты еңбек атқаруда. Алайда, сонымен қатар елдің еңбек нарығында білікті құрылысшы, электрик, автомеханик, автоэлектрик, ағаш ұстасы, сантехник, сварщик, механизатор, аспазшы, тігінші секілді кәсіптік маман иелерінің де тапшылығы сезілуде. Экономикалық өндіріс нығайған сайын жұмысшы мамандықтарына қажеттілік айқындалып, кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға сұраныс артып келеді. Ал мұндай мамандықты игеруге елде барлық жағдай жасалған. Әрбір өңірде кәсіптік білім беретін іргелі оқу ордалары бар.

Солардың бірі – Шымкент аграрлық-техникалық колледжі.

Аталған білім ошағы жеке тұлғаны әлеуметтік-экономикалық бағытта дамыту үшін, еңбек нарығының сұранысына сәйкес тұлғаның жеке қажеттілігін ескере отырып, үздіксіз білім беру жағдайында техникалық және кәсіптік мамандарды дайындау бағытында зор үлес қосуда. Теория мен тәжірибені ұштастырып, білікті маман даярлауды мақсат еткен колледждің тарихы тым тереңде. Алғашында колледж 1958 жылы өңіріміздің құрылыс-жол салалары және ауыл шаруашылық салаларында сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар дайындау үшін ашылған. Қазіргі таңда колледжде 9 мамандық бойынша білім берілуде: Ауылшаруашылығын механикаландыру, Электр жабдықтары (түрлері салалары бойынша), Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану, дәнекерлеу ісі, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу және ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану.

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, Тұрғын үй–комуналдық шаруашылық обьектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану, электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша).

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент аграрлық-техникалық колледжі болып аталды. Алпыс жылды артқа тастаған колледжде бүгінде 123 инженер-педагог жұмыс істейді. Тәуелсіз елді өркениетті елдерге танытатын, дамыған елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім мен білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – елдің берік тірегі. Қазіргі кездегі Республикамыздағы білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алды. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз. Әрбір жеке тұлғаның бойында ізгілік, кішіпейілділік, батырлық, отансүйгіштік қасиеттер болуы керек. Жаңа ғасырдың тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңі шығармашыл кемеңгерлерді тәрбиелеу бесіктен басталып, үздіксіз даму барысында қалыптасатынын колледжіміз педагогтары өте жақсы біледі және осы жолда аянбай еңбек етуде. Біздің колледж құрылғаннан бері, бүгінгі таңға дейін ұрпақ тәрбиелеуде жан – жақты ізденіс үстінде.

Мұнда оқытылатын мамандықтардың негізі кәсіптік болғандықтан, материалдық-техникалық базаның мықты болғаны абзал. Әрбір мамандық иесіне арналған материалдық-техникалық база жоғары дәрежеде жабдықталған. Нақтырақ тоқталсақ. «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша жеңіл және жүк автокөліктері құрылысы шеберханалары, жолда жүру ережелері пәнінің кабинеті, компьютерлі автотренажер, автокөлік доңғалақтарына техникалық қызмет көрсету шеберханасы, ГАЗ-53 автомобиліне арналған автодроммен жабдықталса, Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша), «Фермер шаруашылығы», мамандықтары бойынша 2 шеберхана мен теориялық пән кабинеттері электр жабдықтарға қызмет көрсетуші электромонтерлерге арналған заманауи оқу стенділері бар жұмыс орындарымен қамтылған. Ал Ауылшаруашылығын механикаландыру, мамандығына арналған тракторлар құрылысы кабинеті мен тракторлар шеберханасы, МТЗ-82 тракторын жүргізуге қолайлы алаңы бар. Барлық мамандықтар бойынша интернет желісіне қосылған 105 компьютер, 14 интерактивтік тақта орнатылған кабинеттер, 2 проектор, информатика пән кабинеттері студенттердің білім алуына жәрдем беруде. Ал «Аспазшы» біліктілігін алуға арналған теориялық пән кабинеті, 100 орындық асхана, аспазшының жұмыс орындары студенттердің игілігіне қызмет етуде.

Осындай құрал-жабдықпен толық қамтылған, кәсіби негізде білім меңгеруге барлық жағдайы бар білім ордасында бүгінде 965 студент тәлім алуда.

Өзге білім ордаларынан ерекшелігі – болашақ маманды даярлауда оқу процесін өндіріспен байланыстыруы. Өйткені, оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындардағы байланыссыз білікті маман дайындау мүмкін емес. Болашақ маманның кәсіпке бейімділігі өндірістік оқыту барысында байқалады. Сонымен қатар, студенттер өздерін жан-жақты көрсету барысында жұмысқа орналасуға жолдама да алады. Колледж қаланың ірі кәсіпорындарымен және жұмыспен қамту орталығымен жас мамандарды даярлауға және колледжде жұмысшыларды даярлауға қатысу негізінде өз қызметкерлерін қалыптастыруға ұмтылатын келісімшарттар жасайды.

Жалпы 2016-2021 жылдар аралығында колледж жылына 475 маманға практикалық негіздерімен мамандар даярлау туралы келісім шарттар және үшжақты келісімдер жасасты.

Студенттер практика негізінде келісім-шарттар мен рұқсаттарға сәйкес ұйымдастырылады. Колледждің негізгі өндірістік базалары 50-ден астам кәсіпорындар:

«Сайрам жол сервис» ЖШС, «Элит Юг Строй» ЖШС, «Корпорация Береке А» ЖШС, «SOUTH ALUPLAST» ЖШС, «Югдорстрой» ЖШС, ӨК «Сайрам», З.Хусанов атындағы ӨК, А.Яссауи атындағы ӨК, «Сайрам Транс» ЖШС, «Карвон С» ЖШС директоры, «Юг-гофротара» ЖШС, «Нур Тан-билдинг» ЖШС, «Теміртас» ЖШС, «Авторемстрой ЛТД» ЖШС, «ССИ» ЖШС, «Эксклюзив Трейд» ЖШС, «Каратау ЛТД» ЖШС, «Автобус Сервис» ЖШС, «Снаб Лидер» ЖШС, «BNBARAKA» ЖШС.

Тәжірибе барысында болашақ маман өзінің кәсіби мамандығы бойынша алғашқы тәжірибесін жинақтай бастайды. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, іскер, бәсекеге қабілетті маман даярлауда әрбір білім алушыны жан-жақты ізденуге, өздігінен тың жаңалықтар ашуға, қай салада болмасын, ғылыми жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыру көзделуде. «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман»,- деп Елбасымыз атап көрсеткендей бүгінгі күні егеменді еліміздің дамыған отыз елдің қатарынан көріну үшін жастарымыз білімді және бәсекеге қабілетті болуы керек. Қазір колледжде дуальдік оқыту жүйесін екі мамандық «Дәнекерлеу ісі» мамандығы және «Аспазшы» біліктілігі бойынша – 75 студент білім алуда. Әлемнің озық елдерінде табысты қолданылып келе жатқан осы жүйе кәсіптік білім беру саласына батыл еніп келеді. Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке қабілетті, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Кез – келген өркениетті ел өз болашағына деген сенімді нығайтамын десе, ең алдымен, жас ұрпақтың ішкі жандүниесін, қоғамдық көзқарасын, бүкіл азаматтық болмысын қалыптастыруы керек.Тәуелсіз елімізде интеллектуалды ой – өрісі бай, білімді студенттеріміз бар. Біз бүгінгі күннің студенттерімен мақтана аламыз.

Біздің Шымкент аграрлық – техникалық колледж базасында «Ағаш ұстасы», «Шатыр жұмысы» бойынша WORLDSKILLS талаптары негізінде құзыреттілік орталығы құрылған. Бұл орталық студенттеріміз үшін жаттығу алаңы және кәсіптік бағдарлау орталығы. Колледж студенті Султонмуратов Шохзод Нұр-Сұлтан қаласында өткен WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2019 V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Ағаш ұстасы» құзыреттілігі бойынша қатысып жүлделі І –ші орынды иеленіп, Әлемдік чемпионатқа жолдама алды.

Турсунханов Одилхон «Ағаш ұстасы» құзыреттілігі бойынша, Якибжанов Санжар Шухратович «Шатыр жұмысы» құзыреттілігі бойынша, Рахманкулов Атабек Фарманкулович «Электрмонтаждау» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS SHYMKENT – 20» аймақтық кәсіптік шеберлік Чемпионатында жоғары кәсіби шеберлігімен үздік нәтиже көрсетіп I орынды иеленіп 3 студент республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Қазақстан Республикасы колледждерінің «ТОП-100 студенті» жобасына колледж студенттері қатарынан үміткерлер ІІІ курс студенттері Ирискул Юлдашваев, Равшан Ахмадшиковтар қатысып, Шымкент қаласы колледждері арасында жеңімпаз атанып, республикалық деңгейде өткізілген жобада белсенділік көрсетті.

ҚР БжҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Мен-кәсіпкермін» республикалық онлайн Гранд турнирінде біздің ө/о шебері Э.Кочкаров, студенті Ш.Абдазимовпен қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленіп арнайы мадақтамамен марапатталды

5 ақпан мен 10 наурыз аралығында, Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығының ұйымдастыруымен республикалық «Колледж Аруы – 2021» атты конкурс өткізілді. Осы байқауға Шымкент қаласындағы колледждер ішінен «Шымкент аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК-ның «Арнайы тігінші» мамандығының ІІ курс студенті Нышанбаева Сымбат Қайратқызы қатысып, жүлделі І орынды иеледі.

Шымкент аграрлық-техникалық колледжі еңбек нарығының сұранысына сәйкес тұлғаның жеке қажеттілігін ескере отырып, үздіксіз білім беру жағдайында техникалық және кәсіптік мамандарды дайындау бағытында зор үлес қосуда. Біздің негізгі мақсатымыз теориялық білім мен іс-тәжірибені (практиканы) ұштастырып, болашақ кәсіби құзыретті маман дайындау болып келеді.Колледж түлектері бүгінгі таңда Еліміздің түкпір-түкпірінде өз мамандықтары бойынша абыройлы еңбек етуде.

Елбасының Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр – қайрат жұмсалса, оны құлатпай сақтап, өркендетуге соншалықты күш – жігер қажет», бүгінгі жастарымыз саналы, ертеңгі болашағымыз жалынды да жігерлі, келер ұрпағымыз отаншыл болады. Дені сау, ұлттық сана сезімі жоғары, рухы мен ойлау дәрежесі биік ғылым мен техниканы меңгерген қабілетті, сапалы мамандар даярлауда оқытушылар қауымы қомақты үлес қосуға әркез дайын.

Альбина ЕЛШИЕВА,

Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің директоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *