ЕҰУ TIMES HIGHER EDUCATION РЕЙТИНГІНДЕ 301 + ТОБЫНА КІРІПОТЫР

Білім
1 205 Views

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Университеттердің БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесін бағалайтын Times Higher Education University Impact Rankings 2019 жаңа рейтингіне кірді. ЕҰУ «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», сондай-ақ «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» рейтингісінің көрсеткіштері бойынша 200-ге енеді. Сол арқылы Times Higher Education компаниясы ЕҰУ-дың қарқынды дамуына және тұрақты экономикалық өсім, толық және өнімді жұмыспен қамтылуына, сонымен қатар барлық жұмысқа лайықты жәрдемдесуіне жоғары баға береді.

ЕҰУ-дің «Бейбітшілік, әділ сот және тиімді институттар» көрсеткіші бойынша жоғары нәтижесі жоғары оқу орнының тұрақты даму мүддесінде бейбітшіліксүйгіш және ашық қоғам құруға, барлық деңгейлерде әділ сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге және тиімді, есеп беретін және барлық дең-гейдегі мекемелердің кең қатысуына негізделген тиімді жәрдемдесуін куә-ландырады. «Білім сапасы», «Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым», «Тұрақты даму мүддесін-дегі серіктестік» үш көрсеткіші бойын-ша ЕҰУ 301 + позицияда тұр.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлем мойындаған мұндай рейтингке енуі тек оқыту мен зерттеу жүргізуге ғана байланысты емес, сонымен қатар ішкі тәжірибемен саясатты жүргізу арқылы тұрақты даму мақсаттарына бейімділігін көрсетеді. Еуразия ұлттық университетінің студенттер арасында тұрақты даму саласындағы мақсаттарды жүзеге асыруға ұмтылысының бірі Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі бойынша құрылған ЕҰУ клубы болып табылады. Бұл рейтингіге енуде Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізудегі жаһандық университеттердің жетістіктер өлшемі бірінші кезекте ықпал етті және оған әлемнің 75 елінен 500-ден астам мекеме қатысты. Бұл орайда ЖОО ақпаратынан бөлек Elsevier компаниясының деректері пайдаланылғанын да айта кеткен жөн. 400-ден астам университет өмір бойы оқу шаралары және бірінші буын студенттерінің үлесі туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынған.

«Times Higher Education» журналының бас редакторы Фил Бэйти аталған рейтингке қатысқан университеттердің қызығушылығын ерекше атап өтті.

«Рейтингке әлемдік рейтингтерде өздерін көрсеткен беделді зерттеу университеттерімен қатар бұрын жаһандық рейтингтермен айналыспаған жаңа жоғары оқу орындары да қатысты. Бұл ретте әсіресе зерттеулерде қарқынды емес, бірақ жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген Дамушы елдердің университеттерін ерекше атап өту қажет», – деді Фил Бэйти.

https://www.timeshighereducation.com/world-university-rankings/hundreds-universities-submit-data-impact-ranking

Бұл орайда аталмыш рейтингке ЕҰУ-мен қатар қазақстандық тағы бір ЖОО-AlmaU кіргенін айта кеткен жөн.

Қорыта айтқанда, Қазақстан үшін бұл білім беру жүйесін жаңғыртудан Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне қосылуы көрінеді. Ендеше, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін бұл әлемдік білім кеңістігінде өз орнын табу және жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім сапасының әлемдік стандарттарына бағдарлануын білдіреді. Сонымен қатар білімді интернационалдандыру – халықаралық, мәдениетаралық немесе жаһандық өлшемдердің жоғары білімнің мақсатына, функциялары мен үдерістеріне ықпалдасу үдерісі. Ал, білімді интернационалдандыруға халықаралық ынтымақтастықтың келесі формалары кіреді: жеке ұтқырлық; білім мақсатында студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының ұтқырлығы; білім бағдарламаларының ұтқырлығы және институционалды ұтқырлық; білім бағдарламаларының халықаралық жаңа стандарттарын жасау; оқу бағдарламаларына халықаралық өлшем мен білім стандарттарын ықпалдастыру; институционалды әріптестік: стратегиялық білім альянстарын құру.

ЕҰУ-нің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *