ӘЛІБЕК БИ: ТАҒДЫРЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ

Таным
2 019 Views

ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Қазақ ордасы кезеңінде қазақтан талай-талай азулы да ақылман билер шыққан. Олар халықтың мұңын мұңдап, мемлекеттің рухани-идеологиялық саясатын жүзеге асырушылар болды. Сондай тұлғалардың бірі хан кеңесінде төрелік айтқан аузы дуалы ұлылық иесі, еларалық дәрежеде мемлекет атын зор беделге жеткізетін, еліне береке-ырыс тыныштық әкелетін бітістіруші дипломат – Әлібек би болды. Бүгінде қазақ тарихшылары Әлібек бидің ғұмырдариясына байланысты бір тоқтамға келген жоқ. Оның туып-өскен жері, туған, қаза болған жылдары туралы нақты жазба мәліметтің болмауынан (әзірше қолға түспеуінен – М.М.) ауызша тарихнаманың жетегінде келеміз.

Тектілік деген киелі ұғым – ертеден қалыптасып, жігіттің сынын, аталы елдің қадір-қасиетін айқындап келе жатқан нышан. Тегін жоғалтқан түгел жоғалатынын, түбінен айырылғанның түгі қалмайтынын бүгінгі заман айқындап отырған жоқ па? Қазақта жан сүйсіне риза болудың белгісі: «Е, ол текті атаның тұяғы ғой, сүйегі асылдығына басады да» деген төркіні түгел төбе сөзбен білдірілген. Түңілу мен түршігу «тексіз неме емес пе, одан не үміт, не қайыр» деген тірідей көмер суық сөзбен сездірілген. Адамзатқа алғашқысын естуден артық мәртебе, соңғысын естуден өткен қорлық болмағандай.

Өткен тарихымызды, сол тарих қалыптастырған ұлттық қадір-қасиеттерімізді, қанға сіңген әдет-ғұрыпты саралай келіп, тектілік деген ұғымды үш мағынада алып қарауға болатын сияқты. «Тұқым мен қан тектілігі, азаматтың өз басының тектілігі, халықтың тектілігі» (Алдан Смайылұлының жазбасынан).

Алғашқы мағынада ол әулет пен үрім-бұтақтың өз бойында үзілмей келе жатқан түпкі тектілікті білдіреді. Исі қазақтың бәрі мойындаған осындай ұлы тектілік әріде Шыңғыс ханнан басталатын төре тұқымына, беріде Абылай ханның балаларына қатысты айтылған. Бұл ұрпақтан тараған ұл-қыздың осалы жоқ, бәрі қазақ жеріне қаһармандығымен, ұлтжандылығымен, кемеңгерлігімен мәшһүр болды. Азды-көпті ғұмырларын елдің қамын ойлап, ат үстінде жүріп, күреспен өткізді. Бұл бір ұсағы жоқ, ірісі көп киелі тұқым еді. Абылай ханның өз басы сарқылмайтын ерлік дастаны десеңіз. Кенесарының даңқы тәңірдей құдіретті уақыттың өзін табындырып, мәңгі жасай бермек.

Сондай қасиетті хандар әулетімен заманы бір болып араласқан, ұрпағының алғысына бөленіп, пір тұтар әулиесіне айналған, қарадан шығып хан болған дара тұқым – Құдайберді ұрпағы. Ел билеу, ақыл әлемінде Құдайберді топырағының мәртебесі биік, салмағы басым. Бұл тұқымның тым әріден басталған киесі бар, қанға сіңген тектілік қасиеті бар, үзілмей жалғасқан желісі бар. Құдайберді би – Әлібек би –Төле би – Жолан батыр – Шойбек би – Момынбек датқа – Қасымбек болыс, тағы басқа болып өріле береді. Асылы, дара тектіліктің сара белгісі осында – атадан балаға дарып отыратын қан асылдығында.

Бұл текті әулетті танып білу үшін оның түбіне, тегіне тереңірек үңілуіміз керек. Қазақтың іргелі де бақ қонған Дулат ұлысының Жаныс руынан өрбіп шығатын атақты Құдайберді би Еңсегей бойлы ер Есім ханның мұңдасы мен сырласы болды. Оның сарбаздарының сапында жауға жасындай тиді. «Қожамберді Ұлы жүзге би еді. Ол өлген соң орнына Құдайберді деген баласы би болды. Оның тоғыз ұлы бар еді. Құдайберді өлген соң оның орнына баласы Әлібек би болды. Ол кезде Есім ханның баласы Салқам Жәңгір еді», – деп жазады шежіреші Зайыр Сәдібеков өзінің «Қазақ шежіресі» деген Ташкентте баспадан шыққан кітабында. Зайыр ақсақалдың бұл мәліметі шындыққа жанасымды. Оған Қазанғап Байболұлының жырларынан да тұшымды жауап аламыз:

… Ынтымақпен сайлады

Құдайберді Жаныстан

Ең әуелі болғаны.

Орта жүздер сайлады

Арғын Шаншар мырзаны.

Қаз дауысты Қазыбек

Осыдан тарап шығады.

Кіші жүз Алшын Жидебай (Жиембет – М.М.)

Баласы мұның Әйтеке

Шежіреде шығады…

(Еңсегей бойлы ер Есім. дастан. 69-бет).

Текті әулеттің тұқымы Құдайбердінің қазақтың қаһарман перзенттері – Арғынтай, Қарасай, Алатау, Жақсығұл, Жиембеттермен қатар жүргенін Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» еңбегінен де көреміз.

«Құдайбердінің тоғыз ұлы атқа мінгенде бір қосын әскер еді» деген сөз мәнісі де бізге бекер жетпеген. Оның Түгелбай, Данай атты ұлдары мен Сарыбатыр есімді немересі де Есім хан мен Жәңгір ханның Қалмақтар мен Қатағандарға қарсы жорықтарының сапында болып, ерен ерлік көрсеткен. Қатаған қырғынындағы жаужүректігі үшін Есім хан Түгенбай батырға Қатаған қызын атастырған екен. Бұрынғы аталарымыз төрелермен құдандалығымыз бар, олардан кейін біз сөйлейміз деп арқаланып отыратын. Жаныстардың жауға шапқанда «Арқарлап» ұрандайтыны да бекер емес шығар.

Барша әлемдегі зиялы қауым ғасырлар бойы: «Тарихта жеке тұлғаның алар орны қандай?» – деген сауалды қойып, сан-саққа жүгіртіп, жауап іздеп келеді. Шынында да бұл пәни жалғанға кімдер келмейді, кімдер кетпейді? Бірегейлері найзағайдай жарқылдап «менмұндамын», – деп жар салып өтеді. Мұндай жандар тарихпен сырласады, өз халқымен мұңдасады. Тек қана осылай олар өз есімін мәңгілік кітабына жазады, болашақ ұрпаққа үлгілісін, даналық сөзін, ғибратты қасиетін жаттатады.

Сондай ұлы тұлғаның бірі де бірегейі Құдайберді бидің кенже ұлы – Әлібек дер едік. Ол ақындар айтқандай: жұлдыздай ағады, найзағайдай қақ жарады. Айтпайды, айтса қайтпайды, орынсыз ақтауды білмейді. Оның қаруы – шындық, азаматтық ерлік. Әлібек Жәңгір ханның кеңесшісі, ақылгөйі болған. Профессор Сәрсенбі Дәуітовтің жазбасы бойынша Әлібек Тәуке ханның тұсында ордадағы белді би, батагөй ақсақалдың бірі болған. Оны мына жыр жолдары да нақтылай түседі:

Айтулы бұлар бар еді,

Бұларға кім тең еді.

Тұсындағы билері

Әлібек деген ер еді,

Бұлар да аcқар бел еді…

(«Шақшақ Ұлы ер Жәнібек» жырынан).

Сауытбек пен Ақбөпенің айтысында Әлібектің Тәуке хан кезеңінің биі болғаны тамаша айшықталған.

Сауытбек:

Әлібек Жаныс еді би болыпты,

Басқарып Ұлы жүзді игеріпті.

Қазыбек, Әйтеке би, Әлібекпен

Заманы үшеуінің бір болыпты.

Бір мүшел Әлібек би үлкен екен,

Құрметпен «ағамыз» деп сый беріпті.

Бір жағы Ұлы жүз деп сыйлайды екен,

Қадірлеп Әлібекті күнделікті…

Әлібектің қай кезеңде өмір сүргенін атақты шайыр Майлықожаның мына толғауынан де аңғаруға болады:

Атасы Төле бидің Әлібекті

Айтылған олардың да даңқы көпті.

Жаныс – Жаныс болғалы өкіметтер,

Жұртты сұрап олардың бәрі де өтті.

Сауытбек жырында Әлібекті Қазыбек, Әйтекелерден бір мүшел үлкен еді дейді. Бұл жаңсақ ой. Әлібектің олардан 40 жас шамасында үлкендігі бар. Оған Майлықожаның «Атасы Төле бидің Әлібек-ті» дегені де дәйек бола алады. Әлібектің Есім хан өмірінің соңында би атанғанын Қазанғап Байболұлының жырынан да білуге болады:

…Би сайланған Әлібек

Құдайберді биден соң,

Опат болып жасында

Құдаймеңді ағасы…

Есім заманындағы қазақ рухы, қабілет-күші, өзге ел алдындағы абыройы өте жоғары болды. Оның бірден-бір себебі, сол дәуірдің өршіп де рухты тұлғалары көп болды. Соның нәтижесінде жеңісті жолдар жалғасып жатты. «Есім ханның ескі жолы» содан жалғас тапқан болатын. Есім хан тұсында қазақ рулары Бұқара-Шәріптен Шығыс Түркістанға, Ферғана мен Ташкент өлкесіне дейін иелік жасап, малға майлы, адамға жайлы жерлерге баратын. Бұл кезеңде Ташкентте – Келді Мұхаммед, Әндіжанда – Абылай сұлтан, Шығыс Түркістанда – Көшек сұлтан Есім ханды аға тұтып, билік жүргізді. Тарихи мәліметтерге ден қойсақ, Абылай сұлтанның Ташкенттегі билігі кезінде Әлібек би оның жанынан табылып отырғанын аңлауға болады.

Орта Азия шаруашылығына тікелей әсер етіп отырған Ташкентте өзін-өзі билеу дәстүрі бар. Хандар қашанда жергілікті қала дахаларын (бөліктерін) басқаратын билер, бектер, қазылармен кеңесіп отыратын. Сыртқы қатынастарда қазақтардың рөлі зор болатын. Сырт елдермен сауда жүргізу, елшіліктер алмасу мәселесінде Салқам Жәңгір мен Тәуке хандардың кезінде Әлібек би көптеген мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасаған. Оны бізге жеткен мынадай мағлұматтан аңлаймыз: «Субанхули ханның 1678 жылы өзінің елшісі Көшекей биді Ташкентке Тәуке ханға жібергені баяндалады. Осында сарабдал саясат ұстанып, Көшекеймен келісім жасаудың ортасында Әлібек би болған».

Әлібек би есімі тарихымыздың ескерілмей, қалтарыста елеусіз жатқан беттерінің бірі десек болады. Шағын мақалалар мен халық жырларында аракідік аты аталғанымен, күні бүгінге дейін бұл дана бабамыз жөнінде жазылған бірде-бір зерттеудің, не еңбектің болмауы өкінішті-ақ. Елім деп еңіреп туған, жерім деп аласұрған, ақылдың кеніндей аяулы Әлібек бабаның қай жерде, қай жылы туғаны жөнінде әзірше хатталған дерек жоқ. Бірақ бізге жеткен жырлар мен ауызша тарихтың сүрлеуіне түсіп салыстыра зерделегенде оның шамамен 1624 жылы Шу өңірінде дүниеге келіп, ХVІІ ғасырдың соңында дүниеден озғаны белгілі. Ат жалын тартып мініп жаужүрек атанған, қолы қорамсақтан, аузы даналық биліктен кетпеген Әлібектей әулиені танып білмей, жұртшылыққа таныта алмай жүрміз. Әлібек заманында Жәңгір, Тәуке сынды ардагерлердің, арыстан жүректі Абылай сұлтанның «қарт Әбілқайыр» мен «Жеті жарғыны» жазысқан, Мұхаммед, Жаймаң, Мүсірәлі, сияқты тарландардың қатарында ел тізгінін ұстады. Әлібек би туралы қолға түскен жазба деректер жұтаң десек болады. Оның себебі би ғұмырбаянына байланысты зерттеулер бүгінге дейін толыққанды қолға алынған емес. Екіншіден, би өміріне, оның қызметіне терең бойлау үшін әсіресе Ташкент, Қоқан, Бішкек, Орынбор, Мәскеу мұрағаттары мен кітапханаларындағы сирек қолжазбаларға үңілу керек. Ал онда сақталған том-том құндылықтардың негізгі бөлігі араб, парсы, шағатай, ескі орыс әріптерімен хатталған. Кез келген адамның оны оқуы, түсініп аударма жасауы неғайбыл. Тілді білген күнде де апталап, айлап, мұрағаттың көнерген қағаздарын аударыстырып, көз майын тауысуға әркімнің ерік-жігері жете бермейтіні тағы бар.

Тарихтың қалтарысы көп. Жәңгір мен Тәуке хандардың аралығындағы ширек ғасыр тарихшылар үшін де жұмбақ күйінде қалуда. Бұл кезеңге қатысты көптеген құжаттар, деректер бізге әлі жеткен жоқ. Соның салдарынан сол дәуірдегі тарихи тұлғаларымыз туралы да толыққанды мәліметтерге қол жеткізе алмай отырмыз. Бұл Әлібек биге де қатысты.

Әлібек бидің ел бірлігі үшін күрес жолының алғашқы кезеңі әз Тәукемен бірлесе дала демократиясының орнығуына бел шеше атсалысуында болатын. Әз Тәуке бастаған қазақтың Ата Заңының негізі – «Жеті жарғы» ережесін қалыптастыруға белсене атсалысқан Әлібек би қазақтың үш ордасы танып, мойындаған тұлға ретінде танылды. Мәселе осы жолдағы Әлібек қайрат етіп атсалысқан шындықты ғылыми негізде танып біліп, оны жас ұрпаққа ұлттық тәрбие негізінде үлгі-өнеге ретінде ұсынып, санасына сіңіріп, ұлттық мақтанышқа айналдыру – басты парызымызға айналса ғанибет болар еді.

Тарих ғылымдарының докторы, марқұм Мақаш Қозыбаев ағамыз жазғандай, Әлібек бидің «қарашоғыр» емес, текті әулеттен, қазақ мемлекетінің нығаюы мен ұлт тұтастығының сақталуына ерекше үлес қосқан билер әулетінен екенін халықтың ауызша тарихнамасы арқылы танып білеміз. Оған тереңірек ой жіберсек – елінің қол бастаған батыры, сөз бастаған шешені, ақылгөй данасы, көреген көсемі болғанын танимыз. Өсер ел, өркендер жұрт ондай арыстардың өмір жолын құрмет тұтып, өнеге өрісінің ұйтқысы болып, оны ұрпақ санасына жадылауға әрекет жасайды.

Әлібек би ең алдымен саяси тұлға. Аласапыранды ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы оқиғалар, әсіресе жоңғар-қалмақтардың шабуылына қарсы күрес, ел, ұлт ретінде жойылып кету қаупімен бетпе-бет келу қазақ халқының ішкі саяси бірлігін, тұтастығын талап етті. Өзге жұрттармен (әсіресе Орта Азия бектік, әмірліктерімен) арақатынасы және тағы басқа да толып жатқан түрлі мәселелерді жылдам және әділ шешіп отыру – бұл ел басқарушы топқа артылған салмақты жүк әрі сын еді. Осындай ауыр жағдайда ел басқару, оның күнделікті тіршілігін ұйымдастыру ісінде билер институты мен батырлар қызметі өздерінің өміршеңдігін анық байқатты. Сөйтіп, ауыр заман жеке тұлғаның адами қасиеттерінің жарқырап көрінуіне түрткі болды. Осынау заманада Әлібек би Жәңгір мен әз Тәуке хандарға серік болып Билер институтының қалыптасуына өзгелермен бірге ерекше үлес қосты. Билер институтының ең үлкен маңызды жұмысы – «Жеті жарғыны» өмірге әкелуі болды. Міне, осынау заңдар жинағын алғаш рет түзгендер қатарында әділеттілікке келетін болсақ, Әлібек би бастаған, Қатаған Жайман би, Құрама Мұхаммед би, Керейіт Мүсірәлі пір қостаған топ болатын.

Шындыққа келсек, «Жеті жарғы» 1678 жылға дейін жазылып, қолданысқа енгізілген. Оның басында Тәуке ханмен қатар айтқан билер болған. «Қазақстан тарихында» кеткен олқылықтың орнын Әлібек сынды билермен толтыруымыз керек. Ақиқатқа жүгінгеніміз абзал болар.

Хан, сұлтан да Әлібектің ақылын, парасатын, әділеттілігін мойындаған, онымен келелі істерді әрқашан кеңесіп отырған. Әлібектің ұлт руханиятында алатын орны ерекше. Ол – билік шешімдерінде, шешендік сөздерінде «Жеті жарғыда» бекітілген Ата Заңнан ауытқымауды мақсат етіп өткен тұлға. Даналығымен, алыстан болжайтын көрегендігімен, «қара қылды қақ жарған» әділдігімен, биік парасат-пайымымен үш орда ғана емес, өзбек, қырғыз, қарақалпаққа да қадірлі болды.

Тәуке ханның тұсында қазақ билерінің атқарған ерекше рөлі – дала дәстүріне өзгеріс әкелгені дер едік. Олар Қасым ханның қасқа жолын жалғастырып, Ататек мәселесіне ерекше назар аударуды және жеті атаға дейін қыз алыспау мәселесін негіздеді. Осындайда Тәуке хан күрмеуі қиын мәселеге тап келсе, ол билер алқасына салып кеңесіп, кемел байлам жасаған. Әлібек сынды кең толғар билердің, от ауызды, орақ тілді даналардың ақылына жүгініп, болашақ ісіне бағдар алып отырған. Қазақ билерінің бойында әулиелік қасиеттер көп болғаны жайында мағлұматтар таба аламыз. Егер олардың бойында бұл қасиет болмаса, мына мақалдар айтылмаған болар еді: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Елге бай құт емес, би құт», «Батыр деген барақ ит, екі қатынның бірі табады, би деген ақ шариғат, ілуде бір табады».

Біздің пайымдауымызша, тарихи тұлғаларға әркім өзінше баға беріп, оларды өмір сүрген кезеңінің шындығымен санаспай, бүгінгі таным биігінен, түсінік тұрғысынан үкім шығаруды дәстүрге айналдырып бара жатқан сыңай байқалады. Мұндай олқылықтар опық жегізеді. «Атам менің ақылды, бабам менің батыр-ды» деп орынсыз өрекпи бермей, деректер мен дәйектерге, халықтың тарих айту дәстүрі мен шежірешілдікке ден қойып жазылған зерттеулерге оң көзбен қарағанымыз жөн.

Отан тарихы Орта Азия тарихымен біте қайнасып жатыр. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы тарихи тұлғаларымыздың ғұмырдариясын ашуымыз үшін Шығыс жазбагерлерінің жазбалары мен мұрағат қойнауында сақталған қолжазбаларды ақтарып, сүзгіден өткізуіміз керек. Бұлардан қаншама айғақты мәліметтерді табамыз. Қазақ тарихында көмескі болып келе жатқан «ақтаңдақтардың» орнын толтыру үшін шығыс жұлдыздарының бүгінге жеткен тарихи шығармаларын төлнұсқадан (араб, парсы, шағатай, қытай) ана тілімізге аударуымыз керек. «Абыздар», «билер», «аталықтар» институтының мәнін ашамыз десек, орта ғасырлардың жазба мұраларына барынша терең үңілуіміз қажет.

Әлібек бидің тағы бір тағылымды ісі Есім хан өз заманында Шығыс Түркістанның біраз жеріне иелік еткен Әбдірақым ханның қызы Айғанымды алған. Жәңгір осы Айғанымнан туған. Сол себепті де Жәңгір балаларын нағашы жұртына жиі жіберіп тұрған. Жәңгір хан Шығыс Түркістан әкімдерімен жақсы қарым-қатынаста болған. Шығыс Түркістанда хан болған Абдоллаға Жәңгірдің балалары – Абақ пен Тәуке қонаққа келіп-кетіп жүреді. Сондай-ақ Абдолланың баласы Жолбарыс Жәңгірдің қызына үйленеді. Міне, сол кездерде Әлібек би Абақ пен Тәукенің жанынан табылып отырған. 1670 жылы Қарғалы маңындағы жоңғарлармен соғыста Әлібек би Жолбарыс пен Исмаил ханға бағыт-бағдар беріп, кеңесшілік қызмет атқарған. Әке мен билердің тәрбие-тәлімін көріп өскен Тәуке өзі хан болған соң ең алдымен ел қорғанын күшейтуге, халық ынтымағын нығайтуға ерекше күш салған. Тәукені сол заманда ел иелері «Әз» деп атаған. Бұл «Әзиз» – әулие, әділ, ақиқатшыл деген мағынада айтылған. Қазақта «Әз» деген атақ Жәнібек, Тәуке хандарға және Төле биге ғана берілген. Бидің тағы бір тағылымды ісі Әз Тәукемен бірлесе елге: «Көшетін жеріңді белгіле», деді. «Малыңды араластырып алып жанжал туғыза бермес үшін оны таңбала», – деді. Жыл сайын күзде бас қосып Құрылтай өткізу де хан мен билердің үлгі тұтарлық игі істерінің сүбелісі. Қазақтың «Жеті жарғысының» негізі Мәртөбеде (Нартөбе) алғаш ауызға алынып, қайнар бұлақтың көзі осында ашылуында да Әлібек бидің еңбегі зор. Оны жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мына сөзі де нақтылай түседі:

«Мәртөбе. Мына төбе – қазақ тарихының гауһары. Біздің тарихымызда бұдан қасиетті жер жоқ. Қазақтың алғашқы заңдық, құқықтық жосықтары осында қамтамасыз етілген. Мұнда ең соңғы Құрылтай өткізген билікші Тәуке хан. Ол барша жұртты біріктіріп, қазақтың үш жүзін үш ұлыс етіп, әрқайсысының жүретін жолын, баратын өрісін, сағалайтын суын, көші-қонын Мәртөбеде белгілеген».

1684 жылдан кейін Құрылтай Сырдария өзені бойындағы «Мәслихат төбеде» өтетін болды. Бірақ, жаудың қазақтың жеріне қауіп төндіріп ішкерілей енуі халықтың жиынды басқа жерге өткізуге мәжбүрледі. Әз Тәуке, Әлібек би бастаған ұлт қаһармандары Құрылтайды Ангрен өзенінің жағасындағы Күлтөбеде «Ханабад» атты Тәуке ханның ордасында өткізуге шешім қабылдады. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер осында өткен жиындарға жетекшілік жасаған. «Күлтөбенің басында күнде жиын» аталған сол жиынға үш биден басқа Сасық би, Тілеуке, Едіге би, Бүркіт би, Қожаберген, тағы басқа беделді билер қатысқан деген дерек бар.

Міне, осынау заманда Тәуке ханның жанында тірек болған Әлібек би, Жайман би, Мұхаммед би, Мүсірәлі сияқты ардақты тұлғалар еді. Қасым салған қасқа жол мен Есім салған ескі жолды жалғастырып “Жеті жарғы” заңдар жинағын түзген де алғаш осы билер болатын. Заң ережелерінің түзілуіне шариғаттан да салиқалы баптар жүйеленуіне ерекше үлес қосқан Мүсірәлі пір болды. Керейіттерге пір болған ол кейін Тәуке ханның тұсында көпшіліктің ұйғаруымен Үш орданың пірі атанды.

Тәуке ханның бұйрығымен Түркістан қаласының қамал-қорғаны нығайтылды. Төрт тараптан төрт қақпа ашылды. Олар қазірге дейін Ишан қақпа, Мұсалы қақпа (Баб Араб), Ысты ата қақпа, Дарбаза қақпа аталып келді. Бұл қорғандар қаншама шайқастардың куәсі болған.

Қазақ тарихы тек талассыз шайқастар мен күрестердің ғана емес, бейбіт өмірде жүргізілген келесі саясатының да куәсі екенін атап өту қажет. XVII-XVIII ғасырларда ата-бабаларымыз көршілес елдермен дипломатиялық қарым-қатынастар, түрлі келісімдер жасасып, өзара сауда-саттық жүргізгендерімен де хандықтың мерейін асырып отырған. Қоқан-Бұхар бектік-әмірліктерімен, Ресеймен мәмілегерлік келісімдер жасауда Әлібек бидің рөлі зор болған. Соның нәтижесінде Тәуке хан кезеңінде Бұхармен қарым-қатынас орнықты болды. Әлібектің тағы бір ерлігі Орта Азия қалаларымен сауда қатынасын жолға қоюға үлкен үлес қосты. Тәуке ханмен кеңесе отырып билер өздеріне қарасты қалаларға қазақ би, сұлтандарын отырғызып, Есім ханның ісін жалғастырды.Әлібек би ұлы Төле мен немересі Ақботадан үлкен үміт күтті. Ақбота 1724 жылы Хожандтың басқарушысы болды. Ата сынды би дәрежесіне жетті. Ферғаналықтар оны бек атауымен атайтын. Әлібек би жұлдызы оңынан туып, жан біткен соңынан еріп, алты сан алаш төрт сан… баласын қырғыз бен қарақалпақты соңынан ерткен билігіне жүгіндіріп, тоз-тозы шыққан елді біріктіріп, бір ту астына топтастырып, азаттық күреске жұмылдырған Әз Тәуке ханның оң қанатында болып, көрегендігімен, сұңғылалығымен құрметке бөленген ардақты қайраткер.

Жоңғар, Орта Азия бектіктері жан-жақтан қыспаққа алып, ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда дана билігімен азаттық үшін жеңісті жолға бастаған Әлібек бидің Жәңгір ханның заманында қазақтың бір қанаты Үлкен орда ұлысының «ұлыс бегі» болғаны белгілі.

Ел басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін бірегейі өнер екені, бәрі есте қала бермейтіні де белгілі ғой. Демек, ақыл-парасатына қажыр-қайратты сай, дегдарлығы мен білімдарлығы бірдей, мінезі маңғаз, иманды жетекші ғана жұрттың жадында ұзақ сақталады.

Әлібек би күні бүгінге дейін әділ бағасын ала алмай, тарихтан тиісті орнын таппай келген қайраткер. Оның сындарлы саясаткер, сарабдал мәмілегер, даналықтың ақылына жүгінген елші болғанын хатқа түскен жазба жоқ деп зерттеуден тыс қалдырып келеміз.

Әлібек ғұмырында сан түрлі ардақты тұлғалармен қатар жүрді. Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, қарт Әбілқайыр хан, Қайып хан, Иман хан, Ғанишер Абылай сұлтан, көптеген батырларды көзі көрді, сырлас болды.

Жаhангер мен Тәуке ханның беделінің биіктеп, ықпалының пәрменді болуына хандық мемлекетінің қуаттанып, нығаюына көрегендігімен, даналығымен, абыздығымен өмірінің соңына дейін ақылшы кеңесші болған Әлібек бабамыздың есімі мен ерлігі тарих қатпарларынан толық аршылып алынды деуге әлі ерте.

Мұхитхан МИРАЗОВ,

«Қазақтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *