ХАЛЫҚ ҚАМЫН ОЙЛАЙТЫН ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ

Кездейсоқ жаңалықтар
1 277 Views

Екінші Мекке, Қазақстанның рухани астанасы саналатын теберік шаһар Түркістанның жаңа дәуірі басталды. 1500 жылдық тарихы бар көне де мәңгі жас қала жаңадан құрылған осы аттас облыстың орталығына айналып отыр. Еңбексүйгіш халқы бар қалада өздерінің жақсы жұмысымен қалың жұртшылықтың құрметіне бөленіп жүрген жандар көптеп саналады. Солардың бірі жомарт жүректі халық қалаулысы, облыстық мәслихаттың депутаты, Түркістан облысының құрметті азаматы, «Құрмет орденінің», бірнеше медальдың иегері Рахым Көлбайұлы Тәңірбергенов дер едік. Ол құрылтайшылық жасайтын «Жолаушы» және «Рахим и К 1» ЖШС транспорт компаниясы тұрғылықты халыққа мінсіз қызмет етуімен көзге түсуде. Қала тұрғындары арзан да сапалы қызмет көрсететін автобус жүргізушілерінің жұмысына дән риза. Былтыр Рахаңның Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне 2 миллион теңгеге 500 билет сатып алып, жерлестерін Астанаға аралатып қайтқаны да жадымызда.

Газетіміздің келесі санында, міне, осындай депутаттық қызметіне адал, бастаған шаруасын аяғына дейін апаратын білікті басшы, кәнігі кәсіпкер, халық қамын ойлайтын халық қалаулысы жайында көптеген мағлұматтарға толы материалды оқитын боласыздар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *