АЗАТ ЕЛІМІЗ АБЫРОЙЛЫ ДА АЙБЫНДЫ БОЛСЫН!

Қоғам
1 168 Views

Биылғы жылдың наурыз айынан желтоқсанына дейін Шымкент қаласында 42 мыңнан аса коронавирусқа шалдыққан жағдай тіркелді. Оның 31 134-і симптоммен, 10 926-сы симптомсыз. Республикалық матрица келсек, Шымкент қазір жасыл аймақта тұр. Халыққа айтарымыз, жұқпалы дертті болдырмаудың бірден бір бағыты вакцинациялау, сондықтан екпе егуге көңіл бөлсеңіздер деген ұсыныстарымыз бар.

Қаламызда қоғамдық иммунитетті қалыптастыру үшін 596 205 адам вакцинациялануы тиіс. Яғни, бұл көрсеткіш орындалса, бес жүз мыңнан астам тұрғын вакцинацияның І және ІІ компонентімен егілген жағдайда қаламыздың 60 пайызы егілген болып есептеледі.

Дегенмен, қоғамдық иммунитет қалыптасты деген сөз – бұл ковидті түбейгейлі жойылады деген түсінік емес. Вакцинация алған адам вирусты жұқтырған жағдайда жеңіл түрде өтіп, арты өлім-жітімге ұласпауы мүмкін. Яғни, қауіптің алдын алады. Мәселен, жаз айларындағы үшінші толқында біз біраз жайтты байқадық. Екпе алғандар мен алмағандардың арасындағы ауру әртүрлі деңгейде өтіп жатты. Әсіресе, вакцина алмаған азаматтардың сырқаты асқынып, соңы өкінішке қарай өліммен аяқталған жағдайлары да бар.

Сондықтан қалың көпшілікке айтарым, елімізде вакцинаны тегін беріп тұрған кезде, максималды түрде екпе салдыруымыз керек. Қазіргі талаптар бойынша АҚШ-тан Pfizer вакцинасын алып келдік. Бұл күнде 9 000-ға жуық адам бірінші компонентін алды, мың екі жүзден астамы екінші компонентін алуға кірісті. Жаңа вакцинаны үш бағытта қолданып жатырмыз, жүкті әйелдер, емізулі әйелдер және 12-18 жасқа дейінгі жасөспірім балалардың арасында салынды. Құрметті қала тұрғындары, алдымызда Тәуелсіздік күні келе жатыр, баршаңызды Ұлық мерекемен құттықтай отырып, жалпы халықты вакцина алуға шақырамыз. Денсаулығымыз мықты, отбасымыз дін аман, еліміз қуатты болсын десек, вакцинация қабылдауымыз керек. Мереке күнін санитарлық талаптарға сай үй жағдайында өткізіп, оқыс жағдайдың алдын алу – әрбіріміздің міндетіміз.

Егемендігіміздің 30 жылы құтты болсын, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз!

Әбдіманап ТӨЛЕБАЕВ,

Шымкент қаласының

санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *