ЖҰМЫССЫЗ ЖҮРГЕН АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ӨЗ КӘСІБІН АШТЫ

Экономика Қоғам
411 Views

Қазір көлікке қатысты кәсіп түрлері сұраныста. Сан түрлі көліктің модельдерін жөндейтін шеберлер де қолдан-қолға тимейді. Себебі, елімізде көлік тізгіндейтіндер күннен-күнге артып келеді. Осыны ескерген түркістандық тұрғындар бизнеске бет бұруда осы бағытты таңдап отыр. Бірі көліктің жабындыларын тігіп, замана талабына сай етіп әспеттесе, енді бірі түрлі техникалық қызметтер ұсынады. Қайсысын болса да тұтынушылар көп.

Темір тұлпар иелеріне қызмет көрсетіп, шаруасын дөңгелетіп отырғандардыңбірі қала тұрғыны Әбдусамат Қалжанов. Жасынан техникаға, темір-терсекке жақынөскен ол өсе келе ақыры көлік жөндеп, нәпақасын тауып жүрді. Ал қазір мемлекетбағдарламасы аясында грант қаражатына ие болып, өз ісін ашқан. Көлік дөңгелектерін жөндеу, теңестіру сияқты бірқатар қызметтерді көрсетіп, көпбалалыотбасын асырап жүр. Грант қаражатының бір тиынына дейін тиімді жұмсағанкейіпкеріміз шаруашылығын жүргізуге арналған түрлі құрылғы, саймандарын сатыпалған. Пайдасы орасан болса да бұл құралдарға қолы жетпей жүрген шеберге қазір тапсырыстарда көбейген. Себебі, ауылда мұндай көліктерге қызмет көрсететін арнайытехникалық орталықтар тым аз. Сондықтан да көп клиент күні бұрын хабарласып,жазылып келеді.

Осылайша мемлекет қолдауының арқасында қолынан келетін ісін кәсіпке айналдырып отырған Әбдусаматтың еңбекқорлығына, ізденісіне ауыл-аймақ тұрғындары сүйсініп отырады. Ауылдардағы әсіресе, шалғай елдімекендердегі жұмыссыздық проблемасын шешуде шағын кәсіпкерлікке бағытталып отырған 1 миллион 200 мың теңгенің қаражаты көп септігін тигізуде. Грантты естіген ауыл тұрғындары дереу үш айлық курстарға қатысып, түрлі мамандықтарға машықтанды. Жұмыссыз үй шаруасында отырған әйелдер тігіншілікке, кондитерлікке оқыса, ерлер тарапы жылыжай өндірісін, шаштараз, техникалық орталықтардың қызметтеріне машықтанды. Нәтижесінде әрқайсысы өз бағытында түрлі кәсіптерін ашып, ауылдың тұрмысын түзеуге атсалысып отырған жайы бар.

Барлық түйткілді тарқататын еңбек деп білетін біздің кейіпкердің арманы асқақ, мақсаты айқын. Ол бизнес түрлерін көбейтіп, ауылға ең қажетті деген кәсіптерді түлетіп, жұмыссыздық мәселесін шешуге атсалысқысы келеді. Себебі, ауылдың тұрмысын түзейтін – отбасылық шағын кәсіпкерлік деп біледі. Бұл бағдарламаны әсіресе ауыл жастарын, екі қолға бір күрек таппай қиналып жүрген тұрғындарды, кәсіпке бет бұрғысы келетіндерді қолдауда шарапаты мол.

Ауыл тұрғыны алдағы уақытта өз меншігіндегі жер телімін пайдаға асырып, егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Түрлі көкөніс, жеміс-жидектермен, етпен, сүт өнімдерімен ауыл тұрғындарын қамтамасыз етуді жоспарлайды. Айтуынша, жылдан-жылға халық саны артып отырған ауылда сұраныс зор.

Бұл бастамаға да мемлекеттен түрлі қолдаулар жеткілікті. Осыны ескерген ауыл тұрғыны техникалық орталықтағы шаруаларын бір ізге түсіріп болған соң мемлекеттік бағдарламамен берілетін жеңілдетілген несие алып, ойында жүрген кәсіптерін де қолға алмақ ниетте. Осылайша сан түрлі кәсіпті түлетіп, ауыл-аймақтың өркендеуіне, болашағының жарқын болуына атсалысуды жоспарлайды.

Меруерт МАҚАЖАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *