«BIRGEMIZ» ҚОРЫ ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНДІ

Қоғам
619 Views

Биылғы мамыр айында Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасында апат орын алды. 1 млрд. текше метр су бас бермей өзбек елінің үш бірдей ауданын басып өтіп, Қазақстан шекарасына қарай бағыт алды. Лайқы су шекара асып, көршілес Мақтаарал ауданына лезде келіп жетті. Су қоймасының бұзылғанын естігенжұрт уайымға салынды. Дәл сол сәтте топан судың қандай көлемде келе жатқанынешкім болжап айта алмайтын еді. Мақтаарал мен Жетісай ауданының халқын уайымғасалған жәйт та осы болатын. Лайқы судың шекара асып, жақын қалғанын естігенжұрт үрейленіп, бала-шағасы мен құжаттарын алып, баспаналарын тастап көшебастады.

Екінші мамыр күні Мақтаарал ауданының 5 бірдей ауылын субасып қалды. Бұл жайттан Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының төрағасы, ҚР ТұңғышПрезиденті мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хабардар болды. Сөйтіп,апат салдарын жою жөнінде шұғыл тапсырма беріп, мемлекеттік комиссияны жасақтады. Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке зардаптың алдын алу, салдарын жою туралы нақты тапсырма жүктелді. Сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты барлық қажетті құрылымдар Мақтаарал ауданына жөнелтілді.

Апат орнында облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен жедел штаб құрылып, ахуал шапшаң бағамдалып, Үкіметке ұсыныс жолданды. Арнайы штабтың жоспары мен бірнеше бағыт бойынша жауапты адамдар бекітілді.

Апаттың алғашқы күні 32 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 24 эвакуациялық орталыққа орналастырылды. Үрей құшағындағы тұрғындарға қажетті барлық жағдай жасалынды. Яғни, олар ыстық тамақ пен киім-кешекпен, қажетті төсек орынмен қамтылды. Елбасымыз, ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасының пәрменімен «Birgemiz» қоры құрылып, «Мақтааралдықтармен біргеміз» ұранымен еліміздің барлық облысынан гуманитарлық көмектер келе бастады.

Апат болған күннен бастап «Nur Otan» партиясы облыс әкімі, Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы жедел штаб құрамында жұмысқа кірісіп кетті. Партия филиалы тұрғындарды эвакуациялық орталықтарға орналастыру, гуманитарлық көмектерді үйлестіру және зардап шеккен тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғам белсенділері мен еріктілерді ұйымдастыру бойынша тиімді жұмыс атқара білді.

Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орталықтандырылған қойма жасақталды. Мұндағы жауапкершілік облыстық партия филиалына жүктелді. Ондағы мақсат – еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жатқан гуманитарлық көмекті дұрыс қабылдап алып, эвакуациялық орталықтарында орналасқан халыққа қажетті көлемде дер кезінде таратып беру болатын.

«Nur Otan» партиясының орталық аппараты бұл жағдайды бірден бақылауға алып, Мақтаарал ауданына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізді. Бұл көмек партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы бойынша жолданды.

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қоры 20 тонна гуманитарлық көмек жеткізді. Бұдан бөлек, облыс әкімдіктерінің және партия филиалдарының үйлестіруімен барлық облыстардан жүздеген тонна гуманитарлық көмек жетті. Мәселен қостанайлықтар 20 тонна ұн жеткізсе, атыраулықтар балығын жіберді. Өзге өңірлердегі азаматтар да аянып қалған жоқ.

Сондай-ақ, Түркістан облыстық мәслихатының және барлық аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары «Біз біргеміз!» акциясы бойынша 32 млн. теңгенің гуманитарлық көмегін көрсетті.

«Көп түкірсе – көл» демекші, апаттан кейінгі екі ай көлемінде орталықтандырылған қоймаға 1000 тоннадан астам азық-түлік пен киім-кешек және басқа да гигиеналық заттар келіп жетті. Дәл осы тұста қазақ халқы нағыз ауызбіршілік пен адамгершіліктің, ынтымақ пен берекенің озық үлгісін танытты. Әрбір қазақстандық Мақтааралдағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын соза білді.

Осынау қиын сәтте Мақтааралға «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы келіп, тұрғындармен кездесті. Оларға мемлекет, партия тарапынан жүйелі көмек берілетінін айтты. Мырзакент маңындағы жаңа шағынауданда «Nur Otan» партиясының қолдауымен салынатын 20 үйдің бірінің іргетасын қалады. Кейін оған қосымша тағы 12 үй қосылды.

Міне, содан бергі бес айда Мақтааралда қыруар тірлік атқарылды. Қазіргі таңда Мырзакент ауылының маңында жаңа шағынаудан құрылып, осында 386 баспана салынды. Бұл үйлерге су тасқынынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінің тұрғындары қоныстанды. Сонымен бірге мұнда мектеп пен балабақша және фельдшерлік бекет салынуда. Инфрақұрылымы толық тартылып, заманауи шағын ауданға айналды.

Мырзашөлдегі 32 үй «Nur Otan» партиясы «Birgemiz» қоры арқылы салынды. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр үйдің құрылысына 17 млн. теңге бөлінген болатын. Бүгінде партия қорынан салынған 20 үй ел игілігіне берілген. Тұрғындарға кілт тапсыру салтанатына «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы қатысты.

Бұдан бөлек, еліміздегі короновирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде табыстан айырылған, қиын жағдайда қалған отбасыларды қолдау үшін «Jas Otan» жастар қанатының белсенділерінен еріктілер жасақталып, мұқтаж отбасыларға «Есіктен – есікке» принципі бойынша азық-түлік себеттері таратылып тұрды. Жалпы акция аясында 43 980 отбасына азық-түлік себеттері берілген. Бұл қайырымды іске облыс кәсіпкерлері, партия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттарының үлес қосқанын айта кету керек.

Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоры арқылы 5 кезеңмен облыстың 38907 отбасына 50 000 теңгеден берілді. Жалпы 1945 350 000 теңге берілді. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «ӨМІР» және «ШИПА» атты 2 жоба жүзеге асырылды. Бұған ел жанашырлары, «нұротандық» депутаттар мен өзге де азаматтар қолдау көрсетті. Жиналған 15 миллион теңгеден астам қаражатқа Түркия және Қытай елдерінен 50-ден астам жасанды тыныс алу аппараты жеткізілді. Сондай-ақ «Шипа» жобасы арқылы 650 отбасына дәрі-дәрмек қорапшасы таратылған.

Осы игі істердің басында «Nur Otan» партиясы жүргенін қоғам біледі. Қайырымдылықты, игі іс атқаруды міндеті деп білетін партия осы бағыттағы жұмысын жалғастырады деген сенім бар. Қоғамды ұйыстыру, ел бірлігін нығайту жолында әрбір партия, әрбір азамат атсалысуы тиіс. Сонда ғана ел несібесі артады.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *