«COVID-19». ІНДЕТ ТҰСЫНДА НЕГЕ БАСҚА АУРУЛАР ЖОҚ БОЛЫП КЕТТІ?

Денсаулық
345 Views

Адамзат тарихында бұған дейін қаншама инфекциялар болған. Өткен ғасырларға таңба салып кеткен оба, тырысқақ, шешек аурулары індеттерін адам баласы вакцинаның күшімен жеңіп шыққан. Вакцина ойлап табылғанға дейін жер бетінде қаншама адам шыбындай қырылды.

Бір қызығы, табиғаттың жазылмаған тылсым заңы бар, әлемге ең мықты қоздырғыш инфекция апаты келген кезде, өзге аурулар: мәселен, тымау, қызылша, менингит секілді індеттер зым-зия жоқ болып кетеді. Уақытша тоқтайды. Бұл ненің әсері? Жаратылыста мұндай құбылыстар әлі күнге жұмбақ, дегенмен, дәл осындай оқиғалар талай рет қайталанған.

Мәселен, ковид-19 туындаған кезде әлемде дүрлігу басталды. Пандемияны еңсеремін дегенге шейін ЖРВИ, конго-қырым безгегі секілді аурулар белгісі көрінбеді. Әдетте Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында айына 1500-2000 науқас емделіп шығады. Пандемия кезінде көрсеткіш он есеге өсті.

Халықта үрей пайда болды, осы қорқынышты еңсеру дәрігерлерге де оңай болған жоқ. 2020 жылдың жазында Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы үздіксіз жұмыс істеді. Инфекция шарықтау шегіне жеткенде аурухананың есіктерін жауып тастауға тура келді. Сол кезде күннен күнге дерті асқынып үдеп бара жатқан халық есік-тереземізді сындырып кірген кездер де кездесті. Өкінішке қарай, күніне 7-8-10 адам өмірімен қоштасты. Науқастар өте ауыр халде келетін еді, өкпенің 60-80 пайызы қабынып кеткендіктен жағдай мүшкіл, алғашқы көмек көрсетіп үлгерсек те жарамайтын, ағзасы тозған жандар үзіліп кетті. Ал өкпесі 90-95 пайыз «тамырлап» кетсе жағдай өте ауыр. Мұны компьютерлік томография көмегімен анықтаймыз, көбінде қант диабетімен ауыратын науқастар ковид инфекциясына тез ілікті. Себебі, бұл аурумен ауыратындардың иммунитеті төмен. Негізі ковидтің механизмі қанның қоюланып кетуі, фиброздан (өкпенің қабынуы) туындайды. Қан қоюланып инсульт, инфаркт болып кетпеу үшін біз қанды сұйытатын дәрі-дәрмек жасаймыз. Бұл дәріні жасаған кезде қант диабетімен ауыратындар көтере алмайды. Олардың бүкіл органдары шаршаған, ішкі ағзасы әлсіз болады. Дегенмен, осынау ауыр дертті жеңіп шыққандар да көп болды.

Адам организмінде қандай ауру меңдесе де, ең бірінші алдын алу жолын қарастыру керек. Халықтың бойындағы кеселді біздің қалалық емханалар алдын-ала анықтап, дұрыс диагнозын тауып, емдік қызмет көрсетіп жұмыс жасауы керек. Ал тұрғындар өз кезегінде өз денсаулықтарын әрқашан күте білуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да аурудың алдын алу бойынша халыққа дұрыс ақпарат жеткізсе дейміз. Әрбір тұрғын иммунитетін көтеру мақсатында дұрыс тамақтанып, денені шынықтыру керек. Таза ауада көп жүріп, денсаулығына барынша көңіл бөлуі тиіс.

Әлемдік пандемия кезінде Шымкент қаласында жұқпалы ауруларға арналған 200 төсектік арнайы модульді ауруханасы салынды. Оның ішінде 50 орындық жан сақтау бөлімі бар. Қазір соңғы кезде ковид азайған, 6-7 адам жатыр. Биыл ЖРВИ, қызылша ауруы өрбіп жатыр. Қазіргі таңда 100 адам ауруханада жатса, солардың 15-20 ересектер, қалғаны балалар. Кейде-кейде бас миының қабынуы келуі жиіледі. Бұл балалардың суықтап қалуынан, сыртқа жеңіл шығуынан болады.

Көбінесе сәуірдің ортасында, аяғында кене шағу жиі түседі. Тұрғындарды осы жерде абай болуға шақырамын. Кене шаққан кезде өз әдіс-тәсілдерін білгендеріңіз жөн. Кене денеге жабысқан жағдайда бірден жұлып алмау керек, қолмен езбеу де керек. Майлап, жайлап жіппен алу керек. Тез арада дәрігерге көрінген дұрыс.

Қазіргі таңда ауруханада 10 бөлім бар. Біреуінде гепатит, біреуінде бруцеллёз, ЖРВИ бөлімі әрқайсысы әр бөлімде орналасады. Аурухана жанында жалпы биохимиялық лаборатория және бактерологиялық лабораториямыз бар. Осы зертханалар арқылы қандай инфекция түрлері анықталады

Сондай-ақ ауруханамызда 360 төсек-орын бар, екінші бөлімде 200 орын. Жалпы 70 дәрігер бар, оның ішінде 50-ы нақты қызметте жүр. Короновирус өршіп тұрғанда 120 дәрігер жұмыс жасады.

Ғани ҮСЕНОВ,

Шымкент қалалық Жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігердің ішкі-аудит жөніндегі орынбасары

Мұрат АҒАБАЕВ,

Шымкент қалалық Жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *