ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Тұлға Қоғам
106 Views

Ұлы Жеңіс күні – барша халықтың мерекесі. Ал, Жеңісті жақындатқан жандардың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.

Шәкір Егембердиев 1925 жылы бұрынғы Қызылқұм, қазіргі Отырар ауданы, Көксарайауылында дүниеге келген. 16 жасында соғысқа аттанған. Жас болса да жасымады.Кеудесін оққа тосып, жауға қарсы тұра білді. Қолына қару ұстаған боз бала Жеңісжолында көптеген қалаларды жаудан азат етті. 1945 жылы елге оралып, Арыстеміржол милициясына қызметке орналасты. Қызмет бабында абыройлы еңбегіментанылған оны 1966 жылы Арыс аудандық ішкі істер бөліміне қызметке шақырды.Соғыстан кейінгі қиын кезеңде учаскелік полиция инспекторы болып, елдегіқоғамдық тәртіпті қадағалады.

Ұлы Жеңіс жолындағы ерлігі үшін және абыройлы қызметі үшін көптеген марапаттарға ие болды. 1971 жылы зейнеткерлікке шыққан полиция аға лейтенанты 1999 жылы дүниеден өтті. Өмірінің соңғы жылдарын отбасына арнады. Зайыбы Өзипа мен төрт ұл тәрбиелеп өсірген болатын. Олардың бәрі бүгінде әке аманатына адалдық танытуда.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *