ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ БІЛІМ ТУРАЛЫ ШЕТЕЛДІК ҚҰЖАТТАРДЫ НОСТРИФИКАЦИЯЛАУҒА БОЛАДЫ

Білім
617 Views

Қазақстандықтар, Қазақстан Республикасында танылуға және нострификациялауға жататын білім туралы құжаттар «Электрондық үкімет» порталында «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» көрсетілетін қызметін пайдалана алады. Қызмет көрсетудің нәтижесі электрондық нысанда білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

«Бүгінде көпшілігі шетелде білім алуда немесе шетелде білімге ие, және осы көрсетілетін қызмет өзінше танымал. Жүргізілген интеграцияның және процесті автоматтандырудың арқасында енді құжаттарды онлайн режимінде заңдастыруға болады. Сіздің өтініміңіз тікелей Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық мобильдік орталығына қарауға кетеді» – деп «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов түсініктеме берді.

Көрсетілетін қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіру және «Білім» қосымша таңдау қажет. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» бөлімінде қажетті қызметті таңдау. Бұдан әрі порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту. Содан соң құжат иесі туралы негізгі мәліметтерді енгізіп, «Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау», «Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасы» қызметінің бір түрін таңдау, барлық қажетті құжаттардың көшірмелерін бекіту, қызметті төлеу және бір реттік пароль немесе ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

press@nitec.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *