ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Денсаулық
27 Views

Шымкентте жалпықалалық ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Дезинфекциялау жұмыстарына барлығы 94 арнайы техника жұмылдырылып, 170 су бүріккіш жабдық, 5 тонна хлор ерітіндісі, 600 литр сірке қышқылы әзірленіп, пайдаланылды.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 27 дана техника жұмылдырылды. Оның ішінде, Абай ауданы – 7, Әл-Фараби ауданы – 6, Еңбекші ауданы – 7, Қаратау ауданы – 7 техника дезинфекция жұмысын атқарып жатыр.

Сонымен қатар, орталық көшелерді арнайы мандандырылған мекемелер техникалармен, ал демалыс орындары,көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы, ойын алаңшалары, ішкіорамдық көшелерді әскери қызметшілер мен сервистік мекеме жұмысшылары су бүріккіш жабдықтармен залалсыздандыруда.

Аталған іс-шарда жалпы 2 000 астам көше, 1147 аялдама, 45 көпшілік демалыс орындары (саябақ, гүлзарлар) және 2171 көп қабатты үй аулалары толығымен қамтылады.

Қала аумағындағы барлық кәсіпкерлік нысандарды дезинфекциялау нысан иелерімен келісім негізінде атқарылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *