ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 24 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Білім
29 Views

Шымкент қаласының білім ұйымдары жаңа оқу жылын 222 мыңнан астам оқушымен бастағалыотыр. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева жаңа оқу жылынадайындық барысы туралы өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Басқарма басшысының мәліметінше, бірінші сыныпқа 24 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланған. Бүгінге дейін 17 401 өтініш берілген. Құжаттар электрондық үкімет Egov.kz порталы және mektep.shymkent.edu.kz сайты арқылы қабылданып жатыр.

«Шымкент қаласы жаңа оқу жылын 745 білім беру мекемелерімен бастағалы отыр. Олардың қатарында мектеп, балабақша, колледж бен қосымша білім беру мекемелері бар. Қаладағы 172 мектептерге 18 мың жаңа парта, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен 30 мектепке турникеттер орнату жоспарлануда. Ал білім мекемелерінің жылыту жүйелерін жөндеу, қысымдау жұмыстары толық аяқталды. Жеке қазандықпен жылытылатын 25 мекемеге 4 793 тонна қатты және 190 тонна сұйық отын тасымалдануда», – деді басқарма басшысы.

Жаңа оқу жылында 11-сыныптарды оқулықтармен 100 пайыз және қалған сынып оқушыларын қосымша кітаппен қамтамасыз ету үшін баспалармен толық келісім шарт жасалып, оқулықтарды тасымалдау басталған. Айта кету керек, кітаппен қамту жұмыстары 25 тамызға дейін жалғасады.

Сонымен қатар Шымкентте үш ауысымды мектептер саны бесеуге азаятын болды. Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде 5-і жаңа мектеп болса, 3-і қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебі де бар.Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды. Жалпы 2020 жылы қалада 13 білім нысанының құрылысы жүрсе, оның ішінде 4 мектеп құрылысы келер жылға өтпелі. Карантиндік шектеулерге қарамастан Шымкентте салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Жалпы нысандардың құрылысына 620 жұмысшы жұмылдырылған.

Шымкент қаласының білім ұйымдарында ағымдағы жөндеу аяқталып, 15 мекемеде күрделі жөндеу, 17 мекемеде спорт алаңдары және 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылып іске қосылды. Ал мектеп парталары 18 000-ға жаңарып, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен 30 мектепке турникеттер орнату жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *