АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЕҰУ-ДА ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДЕ

Білім
89 Views

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары АҚШ студенттеріне дәріс беруде. Аризона университетінің білімалушылары Астанаға келді. Олар 6 апта ішінде жазғы мектеп форматында тілдерді меңгеріп, ұлттық мәдениетімізбен және салт-дәстүрлерімізбен тереңірек танысады.

Аризона университетінің студенттеріне арналған оқу бағдарламасын ЕҰУ оқытушылары әзірледі. Мазмұнды оқыту әдістемесі тек академиялық жүктемені ғана емес, сонымен қатар ұлттық мәдениетті зерделеуге арналған аудиториядан тыс сабақтарды да қамтиды. ЕҰУ оқытушылары мен еріктілері шетелдік меймандарға  елорданың және Ақмола облысының көрікті жерлерін таныстырып, экскурсия ұйымдастырады.

Шетелдіктерге арналған курстың оқытушысы Айжан Майбалаева АҚШ-тан келген студенттер біздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге үлкен қызығушылық танытатынын атап өтті. Шетелдік меймандардың сұраныстарына сәйкес оқу мазмұны елтану бағытына ие.

«Студенттер қазақ тіліне үлкен қызығушылық танытуда. Олардың бірі қосымша сабақтар өткізуді сұрады. Біз шетелдік қонақтарымызға күнделікті қарым-қатынасқа қажетті қазақ тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерін үйретеміз. Сондай-ақ, шетелдік студенттерді қазақ тілінің ерекше дыбыстарымен таныстыруды бастаймыз және ең қажетті минималды лексиканы меңгеруге көмектесеміз. Оқу материалдарында халқымыздың тыныс-тіршілігі туралы мәтіндер, Қазақстанның әлеуметтік және мәдени дамуы  туралы мәліметтер бар. Біздің университеттің еріктілері де бізге көмектеседі«, — деді ғалым.

Аризона университетінің студенті Мейсон Молтби Қазақстанда бұған дейін келген. Ол ұлттық мәдениетке үлкен қызығушылық танытып, ұлы Абайдың шығармаларымен танысып үлгерген.

«Көптен бері Қазақстанға қызығушылық оянды. Менің профессорым маған сіздердің елдеріңізге баруды ұсынды. Мен қазақ мәдениетімен, дәстүрлерімен жақынырақ танысқым келеді. АҚШ-та орыс тілін, шығармашылық жазуды және дінтану пәндерін оқимын. Мен әдебиет аудармасымен айналысқым келеді. Орталық Азиялық, әсіресе Қазақстандық авторлардың әдеби еңбектерін аударған ұнайды. Мен Абайды біраз оқыдым. Маған өте ұнады. Болашақта қазақ ақындарының шығармаларын көбірек оқуды жос парлап отырмын. Еуразия ұлттық университетінде маған кампустар өте ұнады. Біздің университетте сіздерде секілді йога, гимнастика және үстел теннисіне арналған залдар жоқ», — деп атап өтті америкалықстудент.

Даниэла Гонзалес АҚШ-тан Еуразия ұлттық университетіне шетелдік достарымен және оқытушыларымен сөйлесу үшін тілдерді үйренуге келді.

Жазғы мектеп жұмысының қорытындысы бойынша шетелдік студенттерге тілдік курстарды аяқтау туралы сертификаттар табысталады.

ЕҰУ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *