ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Білім
765 Views

29.12.2020 күні Silkway Халықаралық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай қаламыз бенуниверситетіміздің көркеюіне үлес қосып, түрлі салалар бойынша жетістіктергежетіп жүрген ұжым мүшелерін салтанатты түрде марапаттау жиыны болды.

Үміткерлерді іріктеу жөніндегі байқау комиссиясының шешімі бойынша «Шетел филологиясы» кафедрасы «Жылдың үздік кафедрасы» номинациясының иегері атанды.

Ал «Жылдың үздік ғалымы» номинациясын «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасындағы педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Кенжебекова Рабига Ибрахимовна ұстазымыз иеленді. Ал «Жылдың үздік оқытушысы» номинациясы бойынша «Кәсіптік оқыту және өнер» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Конакбаева Улжамал Жандаралиевна марапатталды.

«Жылдың үздік қызметкері» номинациясын Халықаралық қызмет жөніндегі проректоры Алимбаев Мырзахан Туймебаевич қанжығасына байлады.

Байқау қорытындысына орай, SWIU президенті, ҚР ҰИА корреспондент мүшесі Юнусов Мадияр Бахтиярұлының тапсырмасымен «Жылдың үздік кафедрасы» номинациясының иегерлері 350 000(үш жүз елу мың) теңгемен марапатталса, «Жылдың үздік ғалымы», «Жылдың үздік оқытушысы» және «Жылдың үздік қызметкері» номинациясының жеңімпаздары 200 000 (екі жүз мың) теңге қаражат сыйақы иеленді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *