ӘЙТЕНОВ НЕГЕ АЙМАҒАМБЕТОВ БОЛА АЛМАЙДЫ?

Билік
221 Views

Негізі билік өкілдері түрлі әділетсіздіктерден қарапайым халықты қорғауы керек қой. Кешегі өткен аптада Қазақстан қоғамы өзі тәуелсіздік алған соңғы отыз жылдабұрын-соңды болмаған жағдайды бастан кешті. Нақты айтқанда, қарапайым халықәділетсіздіктен билік өкілін қорғады. ҚР Білім және ғылым министрі АсхатАймағамбетов нағыз бақытты министр екен, Алтай мен Атыраудың арасын жайлапжатқан тұтас қазақ руына, жүзіне, жеріне, көзқарасына, басқасына қарамай билікөкілін түрлі сындардан қорғап, өз пікірлерін батыл білдіреді.

Білдей министрді қарапайым халық кімнен не үшін қорғап жүр? Айтайық. Аймағамбетовтың адресіне ел Президенті қол астындағы қызметкері оны «плагиатпен шұғылданды, диссертациясында біреулер деп көшіріп алған тұстар бар», – деген секілді айыптар таққан болатын. Әншейінде әкімдер, министрлер саналса, елең етпейтін көпшілік бұл жолы ерек мінез көрсетті. Басым көпшілігінің пікірі «тарт қолыңды, Аймағамбетовтен!» дегенге сайды. Жайшылықта сен айтқанды мен айттым, одан басқа не айттым?» деп бір-бірімен «қырық пышақ болып қырылысып жататын» қазақ туысы емес, туғаны емес, өмірінде қолын ұстап көрмеген Аймағамбетов үшін соншалықты неге белсенді болып кетті? Диссертациясын көшіріп алғанын немесе көшірмегенін сот органдары анықтай жатар еді ғой. Мені гуманитарлық салада еңбек етіп жүрген ғалымдар кешірсін, солардың ешқайсысының диссертациясында көшірінді ешнәрсе жоқ дегенге өз басым сене бермеймін. Бұл салада кім «Америка» аша береді дейсіз?! Жарайды, бірді айтып, бірге көшпейік, айтайын дегенім, Аймағамбетов диссертациясын жүз пайыз көшіріп алса да оған мына жұрт қарайын деп тұрған жоқ. Халықтың Асхат Қанатұлына деген махаббатында шек жоқ! Аймағамбетов әлемдегі нөмірі бірінші плагиатор болса да бүгінде қазақтың сүйікті ұлына айналып кеткен. Неге? Себебі Асхат Қанатұлы халық мүддесіне қарай қадам жасаған отыз жылдық тарихы бар Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы және әзірге жалғыз министр! Өз мүддесінен ел мүддесін жоғары қойып еді, айналайын халық оны жерден аспанға көтеріп әкетті. Көрдіңіздер ғой, халықтың махаббатына бөлену үшін соншалықты алапат ерлік істеп тастаудың түк те қажеті жоқ екен, нәпсіңді тиып, көпшілікке қарай сәл-сәл бұрылсаңыз, соның өзі молынан жетіп жатыр.

Енді Аймағамбетов жұмыс істемей-ақ қойса да болады, ол өзінен басқаға зияны жоқ қазақ деген момынның (бұл жерде момын сөзі діни мағынада қолданылып тұрған жоқ. Автор) жүрегінен мәңгіге орын алды.

Шынында да Аймағамбетов бақытты министр ғана емес, бақытты адам да екен ғой. Оның есімі ардақталып жатқанда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті керісінше, жерден алып, жерге салушыларда есеп болған жоқ. Аймағамбетов десе астындағы атын түсіп беруге даяр қазақ Әйтеновке келгенде неге тымырая қарады, неге тарыла қалды? Көзіме түспей қалып жүрмесе, дәл қазір Шымкент қаласы әкімінің сөзін әкімдіктің қызметкерлері мен Пердеш Есенбеков көкемнің бала-шағасынан өзге ешкім сөйлеп жүрген жоқ-ау. Иә, басында Қазыбек Иса, Құлбек Ергебек, Санарбеков Сахов, Қанжігіт Сыдықов секілді ағаларымыз, сосын «етінен ет кесіп алсаң да қыңқ демейтін» біраз фейк әкімнің сөзін сөйлегендей болған. Қазір олардың да даусы құмығып, жөндеп естілмей қалды. Неге олай?

Меніңше, енді ешкім Мұрат Әйтеновтің сөзін сөйлеп, абыройсыз болғысы келмейді. Қатты айтты деп ренжімесін, Әйтенов әкім болғалы абыройға бөленетіндей бір іс тындырған жоқ.

Рас, басқа әкімдер қарық қылып, жалғыз Әйтенов қана шөп басын сындырмай жүрсе, әңгіме бақа. Басқалардың да қарық қылып жатқаны шамалы. А. Баталов, Ө. Шөкеев, Б. Сапарбаев, О. Оңдаспанов, А. Мырзахметовтерден өзгелерінің мына қиын кезеңде бір нәрсені жапырып тастағаны сирек. Бірақ олардың артынан түрлі реніштерге толы әңгімелер айтылса айтылған шығар, дегенмен, Мұрат Әйтеновтың соңынан айтылғандай соншалықты ызалы әңгімелер айтылған жоқ.

Мына қарағайдай қалың жұрт Мұрат Әйтеновке неге сонша ызаланды? Әлеуметтік желілерде кейбіреулер мұны трайбализмге әкеліп тірегісі келеді. әкімнің әрекетсіздігін батыл сынаған Рүстем Ашатаев секілді кейінгі буын жастар рушыл, трайбалист екен-міс. Расын айтайын, Рүстем ініміздің руы кім екенін білмеймін де және білгім де келмейді. Бірақ, оның әкімге бағыттап айтқан әңгімелерінде ешқандай трайбализмнің белгілері жоқ. Оның жазған посттарында елдің бүгініне, ертеңіне алаңдаушылық қана бар. Елдің сөзін сөйлескендердің руы әкімнің руымен сәйкес келмесе, олардың бәрі трайбалист бола бере ме екен?! Егер мәселеге осы тұрғыдан келер болсақ, онда 1 шілде күні Әйтеновтың әкім ретінде түк бітірмегенін нақты уәждемелермен тыпыр еткізбей дәлелдеп берген Шымкент қаласының тұрғыны, есімі алыс-жақынға таныс белгілі адвокат Евгений Яворский трайбалистердің көкесі болып шығады екен де.

«әкімге «трайбалистер күн көрсетпей жатыр» деушілердің руын бір тексеріп көрсе, кімнің трайбалист, кімнің трайбалист емес екеніне бірден нүкте қойылар еді.

Осыдан кейін үлкен мегаполистің әкімі екенін айтпағанда, жәй қарапайым азамат ретінде Мұрат Әйтеновте қандай бедел қалады? Мұндай адамдардың сөзін Алтай мен Атыраудың арасын ен жайлап жатқан қазақ Аймағамбетовтің сөзін сөйлегендей неге сөйлеуі тиіс?! Сөйлесе сол бірлі-жарым адам сөйлейтін шығар.

Егер барлық мәселеге рулық тұрғыда келетін болсақ, мен қазақы жолмен Әйтеновке соншалықты алыс емеспін. Мен де қоңыраттың бір баласымын, ол да мен де көктің ұлы тармағынан тараймыз, бірақ оны жоғарыдағылар үлкен мегаполистің жыртығын жама, кеткен жерін бүтінде деп жіберді ғой. Демек, мен қанша жерден Мұрат Әйтеновты жақсы көріп тұрсам да, қанша жерден қаным бұрып тұрса да қылдан тая әңгіме айтсам, ол әрекетім әкімді қолдау емес, оны жанып жатқан отқа итеру болып шығады. Дәл қазіргі таңда Әйтеновтің кемшілігін жасыру достық болмайды, қайта оны қай жерден сүрінгенін ашық айту достық болып шығады.

Маңдайына тисе, ертең ол кемшілігін қайталамайды, айналып өтеді. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде дәл қазір оның ең жақын адамы Рүстем Ашетаев болып шығады. Қазір қисынға келсін, келмесін, сөзін сөйлеп отырғандар Әйтенов орнынан түсіп қалса да сөзін сөйлер ме екен оны алдағы уақыт көрсетеді.

Мына елдің көпшілігінің Әйтеновке қатты ренжіген себебінің бірі ол өзі аурумен алысып жатқан жұртқа бір емес, бірнеше мәрте өтірік айтқаны және ол өтірігі үшін бетінен от шықпай-ақ қойсын, ырымға болса да кешірім сұраған жоқ. Естеріңізде болса, наурыз айының ортасы ауа бере Әйтенов әкім телеарналарға шығып, «Шымкентте коронавирус пандемиясына дайындық ойдағыдай, қаладан тәулігіне 400 тонна антисептик шығаратын өндіріс орнын іске қостық» деп еді ғой. Қане, дайындық? Ел айналдырған екі-үш аптаның ішінде-ақ қырылып қалмады ма? Мен көпшілік тани бермейтіндерді, көрші-қолаң, құда-жекжаттарымды айтпай-ақ қояйын, есімдерін ел білетін шымкенттік азаматтарды санап берсем, жандарыңыз түршігеді. Талантты ұйымдастырушы, белгілі ғалым Лесбек Тәшімов, театр әртісі Мәжит Ілясқаров, журналистер Талғат Орманов, Әнуарбек Бейсе, Үмітхан Алтаева, тағысын тағылар бір аптаның о жақ, бұ жағында асығыс-үсігіс ана дүниеге аттанып жатты. Дайындық керемет жерде осыншама адам шығыны орын ала ма?!

Ажалмен бетпе-бет қалған ел қала билігінің қайыр болмаған соң дәріханаларды кезіп кетті. Ал, дәріханаларда қарапайым дәрілердің өзі жоқ. Айналайын, Мұратжан, сен ешкімге дәрі тауып бермей-ақ қой, бірақ жұртқа шындықты айтсаң болады ғой. Жұрт шындықты білсе, өз қамын өзі жасамай ма?! Ал, сен тағы өтірік айттың. Сенің «Шымкентте әне-міне 5 вагон дәрі-дәрмек келе жатыр» деген өтірігіңе мына халық тағы да иланып қалды да қамсыздау отырып қалды. Одан да «менің әрекетім жоқ, өз қамдарыңды өздерің жасап, аман қалудың әрекетін істеңдер» демейсің бе?! Сонда мына жұрт алыстағы Африкадан болса да өздері дәрі тауып келетін еді ғой. Айтқандай сол 5 вагон дәрі-дәрмегің қайда? Шымкентте фуралармен дәрі-дәрмек келіп келіп жатқанын көрдік, вагондардан дәрі түсіріп жатқан ешкімді көрмедік қой. Халық жұмыс істей алмайтындарды кешіреді, бірақ өтірік айтатын адамға еш уақытта іші жылымайды. Ел осынау қиын кезде сөзіңді сөйлемесе, сол өтіріктер үшін сөйлемейді. Осы шындығым үшін мені туысқан қылмасаң қылмай-ақ қоярсың, қалың қазақ аман болсын!

Елдің Мұрат Әйтеновтен тағы бір теріс айналып кеткен жері – жұрт аурумен, ажалмен алысып жатқанда оның арзан қол маска таратып, арзан пиармен сайналысып кеткені болды. «Мына масканы қала әкімі берді деп айт» деген сөз еді! Жоқ, жайшылықта болса, ол сөзге назар аудармай-ақ қоюға болар еді, айналайын Мұрат-ау, қасыңа кімдерді жинап алғасың? Бұл сөз дәл сол кезде сенің айналаңдағы адамдар айтпайтын сөз бе еді?! Жарайды олар саған дұшпан екен, сені араңдатқан екен, өзіңде ақыл жоқ па, сана жоқ па, ой жоқ па? Пиардан өліп бара жатсаң айналайын бауырым-ау, қол астында тұтас ішкі саясат басқармасы бар, рулас та, рухани да бауырың – баспасөз хатшың Арай Есенбек бар, соларға бір нәрсе ойлап табыңдар демедің бе?! Мына тірлігің ұят емес, өлім болды ғой. Менің біреуге ақыл айтқым жоқ. Әсіресе, әкімге. Бірақ бұлай жұмыс істеуге болмайды. Әкім қызметке тағайындалғанда лауазымға ғана қол жеткізбейді, пәленбай мың адамның тағдырын да қосып арқалап алады.

Ал, Әйтеновтың иығында миллионнан аса дамның тағдыры бар. Әкім ол адамдардан қорықпаса да құдайдан қорқу керек. Ертең бәріміз де ертелі-кеш құдайдың алдына бір баратынымыз анық қой, сонда бір сұраудың да болатыны анық шығар. «Әкімге миллион адамның тағдыры үшін не істедің?» деген де сұрақ қойылуы әбден мүмкін. Ал, ол кезде Құдайға Шымкенттіктерге әңгіме айтқандай ерсілі-қарсылы әңгіме айтуға мүмкіндік бола ма, мәселе сонда!

Қуанышбек БОТАБЕКОВ,

журналист.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *