БІЛІКТІ МАМАН – ЖОО АЙНАСЫ

Білім
689 Views

Педагогтың кәсіби стандартында педагогтың еңбеккүрделілігі оның «адам-адам» мамандық/кәсіп түріне жатқызуына байланыстылығы, педагогтық іс-әрекет – бұл бір адамның басқа адамға тікелей әрекет жасауы емес,олардың өзара әрекеттесуі. Сондықтан педагогтың әрекет объектісі педагогикалықүдеріс болып табылады. Ал білім алушы әрекет жасау объектісінен әрекетсубъектісіне ауысатындығы айтылып, осының негізінде педагогикалық кәсіпқұндылықтарын білім алушының тұлғасын, оның құқығы мен бостандығын құрметтеу,басқа сенімдерге, әлем мен дәстүрлерге деген көзқарастарына толеранттылықбілдіру, мәдени алуан түрлілігіне ашықтығы, икемділігі, бейімделу қабілеті,эмпатияға деген қабілеті, тұлға құндылықтарын, тіл мен коммуникацияны түсіну,өз бетімен білім алу, талдамалық және сыни ойлау дағдылары, коммуникативтік жәнетілдік дағдылары, ынтымақтастық дағдылары, дауларды шешу қабілеті айқындалған.Педагог бойындағы осындай құндылықтарды тәрбиелеу бағытында SILKWAY Халықаралықуниверситеті педагогикалық факультетінің профессор-оқытушылары инновациялықәдіс-тәсілдермен болашақ білімді, білікті, бәсекеге қабілетті маман дайындаужолында еңбек етуде.

Факультеттегі Білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға бағдарланған оқыту мен оқытуды жүзеге асыру студенттер, магистранттар мен докторанттарға қатысты құрмет көрсетуге, студенттер мен магистранттар мен докторанттардың әртүрлілігі мен олардың қажеттіліктерін есепке алуға, оқытудың әр түрлі педагогикалық әдістері мен формаларын қарауға және пайдалануға, оқыту нысандары мен педагогикалық әдістерді жүйелі түрде бағалау мен түзету, «студент-оқытушы», «магистрант–оқытушы» қарым-қатынасында өзара сыйластық таныта отырып, оқытушыға қажетті басшылық пен қолдауды қатар қамтамасыз ете отырып, білім алушының дербестік сезімін көтермелеуге негізделіп, студенттер мен магистрант, докторанттарға білім беру саласындағы болашақ педагогтың міндеттерін меңгеруге дайындауға, олардың кәсіби ғылыми-зерттеу қызметі саласында тәжірибелік дағдылары мен құзыреттілектерін қалыптастыруға бағыттау мақсатын қойып отыр.

Факультетте жоғары білімнің кеңеюі мен дамуының шешуші факторы, әр адам мен қоғам үшін аса құнды мәдени және ғылыми мұра болып табылатындығын мойындауға негізделген біліктілікті мойындау тәжірибесін, оның ішінде оқу кезеңдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бұл біздің университет білім алушыларының басқа мемлекеттердің білім беру ресурстарына қол жетімді болуын және олардың білімін жалғастыруға немесе осы мемлекеттердің жоғары оқу орындарында оқу мерзімін аяқтауға күш салуын жеңілдетеді; оқу курстарын, магистрлік диссертацияларды және ғылыми дәрежелерді тану академиялық ұтқырлықты арттырудың маңызды шарасы, біліктіліктің әділ мойындалуы білім алу құқығының, сонымен қатар қоғамның міндеті болып табылады.

Педагогикалық факультет түлектері бүгінгі жоғары санатты мұғалім, шебер-ұстаз, беделді маман.

Р.Ж.ИСМАНОВА,

SILKWAY Халықаралық университеті Педагогикалық факультет деканы, п.ғ.к., доцент м.а.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *