БІР АҒАШТА АЛМАНЫҢ БЕС ТҮРІН ӨСІРЕТІН БАҒБАН

Қоғам
736 Views

Түркістан облысының Сайрам ауданындаерекше алма бағы бар. Екі жарым гектар аумаққа бес түрлі алма сорты егілген.Бір қызығы, кейбір ағашта алманың 4-5 түрі өседі. Икрам Розақұлов Қарабұлақауылдық округіндегі алма өсірумен айналысатын ең кәнігі бағбан. Ауласындағы2,5 гектар аумаққа осыдан он бес жыл бұрын 700 түп алма көшетін Өзбекстаннанәкеліп отырғызған. Қазір мұнда бес түрлі алма сорты жайқалып тұр. Бұдан бөлекбағбан бір түп ағашқа бірнеше түрлі алма өсірумен де айналысады. Қазір жазортасынан ауып кеткендіктен кейбір ерте пісетін алма сорттары пісіп, түсіпқалған.

Бау-бақша өсіруде Икрам Розақұлов, бағбан:

— Бір түп ағашқа он түп істеуге болады. Он түрлі алма өседі. Тіпті алма ағашына алмұрт өсіруге болады. Бірақ алмұртқа өзінен басқасы өспейді. Тек алмұртты алады. Ал алма алмұртты ала береді. Бір түпке он түрлі сорт істеп қоюға болады. Ештеңесі жоқ, бәрі өсе береді. Кезек-кезегімен пісіп, біте береді.

Бағбанның айтуынша, мұндай тәжірибені тамыз айының басынан қыркүйектің ортасына дейін жүргізуге болады. Алдымен кез келген жемістің кішкентай бұтағын кесіп алу керек. Оны алма бұтағының қабы аршылған жеріне мықтап бекітеді. Ішіне ауа кірмеуі керек. Келесі жылы көктемде алма ағашының басқа бұтақтары сияқты ол да бүр жарып, өсе береді. Мамандар мұндай әдісті аудандағы бірнеше диқан өз бауында қолданатынын айтады. Жалпы Қарабұлақ ауылында бағбандықпен айналысатындар өте көп.

Әбдішүкір Әділахат, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі: — Қарабұлақ ауылында 35-40 гектардай алма бауы бар. Жеміс беретін. Ал әлі жеміс бермейтіндері бар. Олар әлі тізімге кірген жоқ. Жаңадан егіп жатқандар бар. Бақ өсіріп, бағбандықпен айналысатындар биыл жеміс жылдағыдан 15-20 күнге ерте пісіп жатқанын айтады. Сондықтан бағасы да арзан. Қазір алушылар баудың басына келіп, алманың әр келісін 150-200 теңгеден сатып әкетуде. Биыл Сайрам ауданының бағбандары жыл соңына дейін 30 мың тоннаға жуық алма өндіруді жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *