ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМДАРЫ

Білім Мерей
905 Views

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ ЕРЛАН СЫДЫҚОВТЫҢ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ КӨПШІЛІКТІ ТӘНТІ ЕТТІ

Жақында Л.Н.Гумилеватындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі ЕрланСыдықовтың халықпен, оның ішінде ата-аналар, білім алушылар, жұмыс берушілер,ғылыми-педагогикалық қауымдастық пен бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілдеріменбілім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбие қызметі мәселелері бойынша 2020-2021 оқу жылындағы есеп беру кездесуі болып өтті.

Жыл ішіндегі аса маңызды өзгеріс –ЕҰУ Коммерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесінде алғашқы жыл жұмыс істеді. Директорлар кеңесінің құрамы бекітілді, Директорлар кеңесінің комитеттері құрылды, Басқарма құрамы бекітілді, Ішкі аудит қызметі құрылды. 12 мамырда ЕҰУ-дың 2021-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясы бекітілді.

Ректор Ерлан Бәтташұлы Сыдықов есепті баяндамасын өткен оқу жылы бәріміз үшін маңызды да жауапты болғаннан бастап, жыл ішінде атқарылған қадау-қадау мәселелерге тоқталды.Өткен жылғы жетістіктер мен болашақтағы мақсаттар баяндаманың негізгі тұздығына айналды десе де болады.

– Ең бастысы, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына даярландық. Білім және ғылым құндылығын танытқан әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығын табыспен атап өттік.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа жолдауында «Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз» деп атап көрсетті.

Еуразия университеті – сол Тәуелсіздік символдарының бірі. Оқу орнымыз – ел егемендік алғаннан кейін жаңа астанада құрылған тұңғыш университет.

25 жыл ішінде университет шағын өңірлік жоғары оқу орнынан еліміздің жоғары білім флагмандарының біріне айналды. Бұйырса, әрі қарай да қарқынды дами бермек. Біз «әлемде бәсекеге қабілетті, инновациялық экожүйе мен цифрлық технологияларға негізделген ұлттық зерттеу университетіне» айналуды көздейміз. Бұл мақсатымыз 2021-2025 жылдарға арналған Даму стратегиямызда көрініс тапқан,– деді, ректор Ерлан Сыдықов өзінің есепті баяндамасында.

Рас, 2020-2021 оқу жылы толығымен онлайн режимде өтті. Пандемия отандық білім беру жүйесіне зор сын-қатер болды. Жаһандық проблемамен бетпе-бет келгенде, Елбасы негізін қалаған ұлттық университет тездетіп қашықтан оқыту формасына көшті. 20 мың білім алушыны онлайн оқумен қамтамасыз ету қосымша ресурстарды талап етті. Интернет жылдамдығын ұлғайтуға, серверлер, компьютерлік техника, коммутаторлар мен Wi-Fi-ды жетілдіруге 1 миллиардтан астам қаражат бөлінді. Жасыратыны жоқ, қиын кезеңде бұл білім мен ғылым саласын дамытуға стимул болды.

Негізгі нәтижелерге қысқаша тоқталып өткен академик Ерлан Бәтташұлы университеттің ғылыми-зерттеу қызметі енді кластерлік тәсіл негізінде дамитынын және іргелі, қолданбалы зерттеулерді, инновациялық қызметті өрістетуге бағытталатынын баса айтты баяндамасында. «Университет негізгі ғылыми кластерді жүзеге асырады. Олар: физика ғылымдары және ядролық технологиялар; математика және ақпараттық технологиялар; биология, биомедицина және биотехнология; инжиниринг; химия және жер туралы ғылым; қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар.

Басым ғылыми кластердегі озық зерттеулер – DC-60 ауыр иондарды жеделдеткіш негізінде жаңа материалдар жасау, киберқауіпсіздік және телемедицина, ядролық және биомедицина, гендік инженерия және сутекті энергетика т.б.» -деді ректор есепті баяндамасында.

Содан кейін Еуразия ұлттық университеті Web of Science және Scopus басылымдарындағы мақалалар саны бойынша еліміздегі жоғары оқу орындар арасында көш бастап келе жатқанын, 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда Scopus базасындағы мақалалар саны 35%-ға артқанын, бір құжатты цитаттаудың орташа саны 3,9 құрайтынын, сонымен қатар 2020 жылы Максим Здоровец, Артем Козловский, Жақсылық Сәбитов секілді жас ғалымдарымыз жиі цитатталатын және жарияланатын авторлар ретінде Web of Science сыйлығымен марапатталғанын жеткізді.

ЕҰУ – ҚР БҒМ ұсынған басылымдар тізіміне кіретін, сонымен қоса халықаралық базаларда индекстелетін ғылыми журналдар саны жөнінен еліміздің жетекші жоғары оқу орындары катарына кіреді. Мысалы, Scopus-та индекстелетін Қазақстанның 6 журналы ішінде 3 журнал – ЕҰУ-дың еншісінде. «Еуразия физика және функционалдық материалдар журналының» Scopus халықаралық ғылыми өлшемі базасына енуі – үлкен жетістік!

2020 жылдан бастап университетте Құрылыс және Техникалық физика бағыттары бойынша постдокторантура бағдарламасын оқытуды жүзеге асыра бастады. Бұл – дарынды жас ғалымдары тартудың тиімді жолы.

Өткен оқу жылы штаттық кестеге алғаш рет «оқытушы-зерттеуші» лауазымы енгізілді. Конкурстық негізде осы лауазымға 13 ғалым қабылданды. Жаңа оқу жылы бұл санды 23 адамға дейін арттыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар былтырғы жылы 23 диссертациялық кеңес жұмыс істесе, қазір 35 мамандық бойынша 25 диссертациялық кеңес бар: «Біз ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны ретінде PhD доктор дәрежесін беріп, ЕҰУ-дың жеке үлгідегі дипломын табыстаймыз. 2020-2021 жылы философия докторы дипломын 120-дан астам адам алды, олардың арасында Түркия, Оңтүстік Корея, Украина, Белорусь азаматтары да бар», – деді Ерлан Бәтташұлы Сыдықов.

Өткен оқу жылында ғалымдарымыз атақ-даңқ, марапаттардан кенде болған жоқ. 2020-2021 оқу жылында ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Университеттің 25 жылдығына орай 656 қызметкер әр түрлі наградалармен марапатталды. Елеулі мақтанышқа ие болғандардың ішінде ҚР БҒМ айқындаған Қаныш Сәтбаев, Күлтегін атындағы сыйлықтардың, мемлекеттік ғылыми стипендиялардың, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» атағының, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының жеңімпаздары бар.

Сонымен қатар былтыр 152 ғылыми жоба , соның ішінде гранттық қаржыландыру бойынша 129 жоба, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша 5 жоба, 4 халықаралық жоба, 7 жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-құрылымдар жобасы, мемлекеттік тапсырыс бойынша 7 жоба жүзеге асырылған. Ғылыми-инновациялық қызметтен түскен табыс 1,9 млрд теңгені құрайды.

Ғылыми-зерттеу қызметінің маңызды қорытындысы қорғау құжаттарын алу болып табылады. 2020 жылы университет ғалымдары 18 патент, 93 авторлық куәлік, 5 өндіріске енгізу және 4 оқу үдерісіне енгізу актісін алса, биыл ақпанда ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес «Ядролық технологиялар паркі» АҚ (ЯТП) мемлекеттік акциялар пакеті ЕҰУ-ға берілді. ЯТП-ның қосылуы ғылымды қажет ететін радиациялық және ядролық технологиялардың ғылыми-өндірістік базасын кеңейтуге септігін тигізеді. Ең бастысы, коммерцияландыру саласындағы алғашқы ірі қадам ретінде ЯТП базасында суды тазартуға арналған ядролық-тректі мембраналық сүзгілердің жаңа өндірісін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Жастар бизнес-инкубаторы қызметін жолға қойған университет 2020-2021 оқу жылы осының базасында студенттердің 12 стартапы жетілдіріліп, жүзеге асырылған. Сондай-ақ студенттер, магистранттар мен докторанттар контингенті, әсіресе ағылшын тіліндегі білім бағдарламалары мен білім алушылар саны артып келеді. Бұл санаттағы білім алушылар саны 2 669 адамды құрайды, бұл осыған дейінгі оқу жылымен салыстырғанда 973 адамға артық.

Өткен оқу жылы 18 қос дипломдық білім бағдарламасы іске асырылса, биыл 25 бағдарлама іске асырылып, мұнда 128 адам білім алып жатыр. Жалпы, есептік кезеңде 54 біріккен білім бағдарламасы әзірленген, атап айтсақ: ТМД Желілік университеті аясында – 10, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Университеті аясында – 5 және университетаралық келісімдер аясында – 39.

Ал биылғы жылы білім алушыларды қабылдау 256 білім бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған. Бұл туралы ректор Ерлан Сыдықов есепті баяндамасында ерекше атап өтті.

– Үздік университет – дарынды студенттер мен дарынды оқытушылардың үйлесімділігі. Биылғы қабылдау талант менеджментке сүйене отырып жүзеге асырылды, – деді. – Біз жыл бойғы кәсіптік бағдарлау жұмысы арқылы анағұрлым дарынды жастарды тартуға тырыстық. Кейбір білім бағдарламалары бойынша жоғарғы межелік балл белгіленді. Нәтижесінде бізге мемлекеттік тапсырыс бойынша 5 мыңға жуық студент, соның ішінде 629 «Алтын белгі» иегері оқуға түсті. Бұл өткен жылға қарағанда 123 адамға артық.

Сондай-ақ баяндамашы еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, студенттердің қосымша құзыреттерін қалыптастыру үшін бағдарлама әзірленгенін, кәсіби қауымдастықтар арқылы түлектерді сертификаттау жұмысын күшейткенін атап өтті. Мысалы, биыл кәсіби қауымдастықтарда біліктіліктерін бағалаудан 674 түлек өткен, оның 591-і – педагогикалық мамандық түлектері. Демек, осы сертификаттар түлектердің өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуына мол септігін тигізеді деген сөз.

Еуразия ұлттық университеті Қазақстан аккредиттеу агенттіктерінің институционалдық және мамандандырылған рейтингінде көшбасшы орынды иеленіп келеді. Бұл да жылдық есептен тыс қалған жоқ.Мәселен, өткен жылы «Атамекен» ҰКП мамандандырылған рейтингіне 43 бағдарлама қатысса, оның 21-і, яғни 49%-ы 1-3 орындарды еншілеген. Сонымен қатар, білім қызметінің сапасына берілетін сыртқы баға – университет үшін аса маңызды шарт. Аталған оқу жылы 71 білім бағдарламасы халықаралық аккредиттеуден және қайта аккредиттеуден өтті, яғни бүгінгі таңда университеттің 95% бағдарламасы аккредиттелген.

Тағы бір тоқтала кетер тұс: 2021 жылы бакалавриат пен магистратура түлектеріне алғаш рет ЕҰУ-дың жеке үлгідегі дипломы берілді. Мұнда университет мамандықтарын аккредиттеген агенттіктердің логотиптері көрсетілген.

Жасыратыны жоқ, университет азаматтық ұстанымы биікзияткер тұлғаны қалыптастыруға көп көңіл бөледі. Осы мақсаттағы жұмыстар ұлы Абай даналығын арқау еткен «Нұрлы ақыл», «Ыстық қайрат», «Жылы жүрек» бағыты бойынша жүргізіледі. ЕҰУ-да студенттердің 83 клубы мен бірлестігі жұмыс істейді. Пандемия кезінде олар интернет-платформалар арқылы онлайн форматта жұмыс атқарса, әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде ЕҰУ-дың 500-ден астам білім алушысы мен қызметкеріне қайырымдылық көмек көрсетілген.

Халықаралық ынтымақтастық бойынша да ауыз толтырып айтатын жетістіктер аз емес. Мәселен, ЕҰУ шетелдік университеттермен және зерттеу орталықтарымен 400-ден астам келісімшарт негізінде жұмыс жүргізіп отыр. Олардың ішінде Кембридж университеті (Ұлыбритания), Колумбия университеті (АҚШ), Осака Университеті (Жапония)және басқа да жоғары рейтингті оқу орындары бар.

Сондай-ақ ЕҰУ базасында 2001 жылдан бастап Ломоносов атындағы ММУ кампусы жұмыс істейді. Университет жетекші шетелдік жоғары оқу орнының екінші кампусын ашуды жоспарлауда. Бұл үшін Аризона Университетімен келісім-шартқа қол қойылатын өткен жөн.

Еуразия ұлттық университетінің әлемдік рейтингтегі бәсі де жоғары. Нақты фактіге жүгінсек, бұдан үш жыл бұрын ЕҰУ 6 рейтингке қатысса, бүгінгі таңда19 халықаралық рейтингте көрініп отыр. Биыл QS әлемдік рейтингіндегі позициямызды жақсартып, 328 орынды иелендік. ЕҰУ – QS Top 50 Under 50 рейтингінде Орталық Азияданенген жалғыз жоғары оқу орны және мұнда 43-і орынды иеленуде. Басқасын айтпағанда, Лондон Университеті, Оңтүстік Австралия Университеті және Израиль технологиялық институты сияқты әлемдік жоғары оқу орындарымен бір қатарда тұруының өзі жоғарыдағы сөзімізді дәлелдей түссе керек.

Тағы бір жағымды жаңалық: 2020-2021 оқу жылында ЕҰУ шетелдік мамандарды дистанттық негізде тарту жөніндегі бағдарламаны енгізді. Барлығы 345 шетелдік профессор, соның ішінде қашық форматта 80 шетелдік профессортартылды және білім алушылардың академиялық ұтқырлығында белсенді дамытуда. Соңғы үш жылда академиялық ұтқырлық шеңберінде ЕҰУ-дың 1000-нан астам студенті100-ден астам әлем университеттерінде білім алды.

2020-2021 оқу жылы650 шетелдік азамат, соның ішінде 472 толық курста, 127 дайындық курсында, 113 академиялық ұтқырлық бойынша, 17 қосдипломдық бағдарлама бойынша білім алды. Қазіргі уақытта Ресей, Бельгия, Иран, Түркия, Қытай, Беларусь Өзбекстан, Пәкістанда ашылған ЕҰУ-дың 12 мәдени-білім орталығы табысты жұмыс істеп жатыр.

Білім алушылар мен оқытушылар үшін қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыру– университеттің басым бағыттарының бірі. Ректор Ерлан Сыдықовтың айтуынша, жыл сайын материалдық-техникалық базаны нығайтуға және университет инфрақұрылымының 23 нысанын жаңартуға қаражат бөлінеді.Орайы келгенде айта кеткен жөн, 25 жылдық мерейтойымыздың аясында жаңа «Студенттердің спорт кешені» пайдалануға берілді.IoT және медиа дизайн зертханасы, «ACT Huawei» академиясы, «Dostyq» аллеясы және «Түлектер аллеясы» ашылды.

2020 жылғы қазанда инвестор қаражаты есебінен А. Байтұрсынұлы және К.Әзірбаев көшелері қиылысы аумағында 2361 орындық «Студенттер үйі» кешенінің құрылысы басталды. Жатақханаларды кезең-кезеңмен пайдалануға беру орынның жетіспеушілігі проблемасын шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 2020 жылы 5 оқу ғимараты, «Отырар» ғылыми кітапханасы мен № 5 жатақхана территориясына жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Университеттің цифрлық экожүйесін жаңғыртумақсатында мобильдік қосымшалар мен ақпараттық жүйелер әзірленуде.Бұл дегеніміз, оқу орны біртіндеп инновациялық менеджмент принциптеріне, корпоративтік басқарудың жаңа үлгісіне көшуде деген сөз. Мысалы, биыл академиялық, басқарушылық, қаржылық еркіндік беру аясында екі факультетті Жоғары мектеп және Институтқа көшіру үдерісі басталды.

Кадрлардың сапалық құрамын да сөз ете кетейік. Білікті кадрларды қалыптастыру талант-менеджмент негізінде бастау алады. Фактілер сөйлесін: 2020-2021 оқу жылында ОПҚ жалпы саны 1 376 адамды құрады, оның ішінде 176 ғылым докторы, 518 ғылым кандидаты, 193 PhD бар. 2021 жылы ҚР оқытушы-профессорлар құрамының Топ-50 бас рейтингінеЕҰУ-дың 14 оқытушысы, яғни 28% кірді. Үздіктер ондығында: Мырзақұлов Рәтбай, физика-математика ғылымдарының докторы – 1 орын; Здоровец Максим Владимирович, физика-математика ғылымдарының кандидаты – 4 орын; Инербаев Талғат Мұратұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты – 9 орын.

Оқытушалар мен қызметкерлерді ынталандыру үшін университетте КРІ жобасы іске асырылады. 2020 жылы сыйақыға профессор-оқытушылар үшін– 246 млн, қызметкерлер үшін 75,5 млн теңге бөлінді.

Демек, университет басшылығы қызметкерлердің әл-ауқатын және еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. 2020 жылғы қыркүйекте ОПҚ еңбекақысы20%-ға, ал 2021 жылғы 1 қыркүйектен тағы 10%-ға арттырылды. Қазіргі уақытта оқытушыныңорташа еңбекақысы –285 мың теңге, аға оқытушы – 327 мың теңге, доцент – 406 мың теңге және профессордық еңбекақысы 471 мың теңгені құрайды.

Әлем өзгерді – академиялық орта да өзгерді.Бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелер кешегімен салыстырғанда мүлдем бөлек. Бұл – жоғары оқу орындарын қайта құрылымдау, жоғары білім жүйесіндегі нарықтық компонентті дамыту, университеттердің әлемдік рейтингі үшін бәсекелесу, халықты жоғары біліммен барынша қамту, қашықтан білім беру т.б.

Осы орайда біз 2021-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясында ЕҰУ-дың үлкен мақсаттарды көздеп отырғанын айтқымыз келеді. Бұлалдағы оқу жылындағы негізгі басымдықтарды айқындайды. Ол қандай басымдықтар? Ректор Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың есепті баяндамасына зер салайық:

Біріншіден, «Зерттеу университеті» мәртебесін алу, яғни ЕҰУ зерттеу, инновация, коммерцияландыру үшін ашық алаңға айналуы тиіс. Бұл үшін: 6 ғылым-білім кластері негізінде кластерлік ғылымды дамыту; Scopus-тағы ғылыми мақалалар санын 500 бірлікке дейін жеткізу; инновациялық өнім шығаруға арналған 4 шағын өндіріс құру;ғылыми қызметтен түскен табыс үлесін жоғары оқу орнының жалпы бюджетінің 16% дейін жеткізу қажет.

Екіншіден, білім бағдарламаларының сапа кепілдігі, яғни біздің бағдарламалар өңірде, елде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болуы керек. Бұл үшін:инновациялық, соның ішінде Жаңа мамандықтар атласынан бағдарламалар үлесін12% жеткізу; шетелдік серіктестермен бірігіп, 6 МВА, DВА бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;халықаралық аккредиттеу мен сертификаттаудан өткен бағдарламалар үлесін 96% жеткізу қажет.

Үшіншіден, QS рейтингісінде Топ-300 кіру, яғни біз соңғы екі жылдағы оң қарқынды сақтап қалуымыз керек. Бұл үшін:QS рейтингісінде Топ 300-ге кіру;шетелде ЕҰУ филиалын ашу; жетекші шетелдік жоғары оқу орнының ЕҰУ-дағы кампусын ашу қажет.

Төртіншіден, ақпараттандыру, автоматтандыру және цифрландыру жайы.Біз өнімсіз шығындар, аудиториялық және жұмыс уақыты, адам ресурстары шығындарын төмендететін цифрлық экожүйені қалыптастыруымыз керек. Бұл үшін:негізгі және қосалқы бизнес-үдерістерді автоматтандыру және цифрландыру;мәліметтерді синхрондау арқылы корпоративтік (Платонус) және ведомстволық (НОБД, ЕСУВО) ақпараттық жүйелерді интеграциялау; ғылым және коммерцияландыру ақпараттық платформасын енгізу қажет.

Бесіншіден, табыс көздерін әртараптандыру, яғни біз табыс көздерін әртараптандыру арқылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл үшін:фандрайзинг, аутсорсинг, грейдирлеу және басқалары сияқты қаржылық менеджменттің инновациялық құралдарын пайдалану; коммерцияландыру, консалтинг, жобалық қызмет, нейминг, демеушілік, эндаумент және венчурлік қорлар есебінен бюджеттен тыс табыс көздерінің үлесін арттыру қажет.

Алтыншыдан, жаңа кадр саясатын іске асыру. Кадрлар – қашанда дамудың драйвері. Сондықтан: профессор-оқытушылар құрамын іріктеу және рекрутинг және студенттерді іріктеу кезінде талант-менеджментті енгізу;8%-дан кем емес «Алтын белгі» иегерлері мен халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздарын қабылдау; академиялық, басқарушылық және қаржылық еркіндік беру мақсатында екі факультетті Жоғары мектеп пен Институттарға өзгерту; стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетін инновациялық жобаларды енгізудіжүзеге асыру үшін Өзгерістер офисін құру қажет.

Міне, бұл алға қойған басымдықтар – бір жылға арналған міндеттердің құрғақ тізімі емес, бұл – университетімізді дамытуға бағытталған және өзара байланысты әрекеттер жүйесі. Сондықтанда академик Ерлан Сыдықов өзінің есепті баяндамасын: «Көрсетілген мақсаттарға бірге, ынтымақпен қол жеткізетінімізге сенімдімін. «Еңбек бәрін жеңбек!» дейді халқымыз.Нақты жұмыс пен нәтиже арқылы ғана біз еліміздің, астанамыздың, қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса аламыз. Ендеше алдағы уақытта да осы жауапкершілік үдесінен көріне берейік!» деп аяқтады.

Расында талантты тұлға, ҚР ҰҒА академигі, ЖОО жұмысының білікті білгірі Ерлан Бәтташұлы Сыдықов басқаратын ұлттық университеттің алдағы уақытта да биік белестерден көрінетініне зор сенімдеміз.

«Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық газетінің редакция алқасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *