ОҚМПУ-ГЕ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ЕСІМІН БЕРУ ҰЙҒАРЫЛДЫ

Білім
424 Views

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың төрағалығымен өткен республикалық ономастика комиссиясының отырысында 86 жылдық тарихы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, тарихшы, академик Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беру туралы шешім қабылданды.

Өзбекәлі Жәнібековтің қайраткерлік өнегесі, ұлттық руханиятқа қосқан өлшеусіз үлесі – педагог мамандардың бағдар алар шамшырағы іспеттес. Дәуір дарабозы елдік мұрат жолында халықтық танымның, ұлттық тағылымның, мәдени мұраның, тарихи дәстүрдің қайта түлеп жаңғыруына айтулы еңбек сіңірді.

Қайраткерлік рухтың тәлім-тәрбиеге қосар үлесі ескеріліп, университетімізде «Өзбекәлі Жәнібеков орталығы» ашылып, тарихымыздағы біртуар тұлғаның этнографиялық бай мұрасын зерттеуге, ұлттық мәдени танымды, тәрбие құндылықтарын, қазақ мәдениетінің қалыптасу үрдісін және даму белестерін ғылыми тұрғыда дәйектеуге қызмет етіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *