ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП ТА ЖОҒАРЫ БОЛЫП ТҰР

Қоғам
970 Views

Еңселі елордамыздың төрінде білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің 10 жылдығына орай «Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігі» ТМ (БСҚТҚА) 2018 жылдың 20-21 қыркүйек күндері аралығында Агенттіктің 10 жылдық мерейтойына орай Еуропалық жоғары білім берудің сапасын қамтамасыздандыру ассоциациясы (ENQA), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінің, Еуропа мен Ресей, Орталық Азия мен Кавказ және БСҚТҚА- IQAA ұлттық сарапшыларының қатысуымен «Болашаққа бет бұру: жоғары білім сапасын қамтамасыз етудегі үрдістер, мүмкіндіктер мен проблемалар/мәселелер» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Форум жұмысы білім сапасын қамтамасыздандыруға бағытталған жаңа ой-толғаныстарға толы болды. Форумның ашылуы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов құрметті қауымға бүгінгі таңда іске асырылуға тиіс тың бастамалармен таныстырды. Ең маңызды мәселе ретінде мектептердің жаңа бағдарламаларды енгізіліп жатқанын алға таратты.

Келесі кезекте БСҚА Байқау Кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өндіру және бұрғылау технологиялары ҒЗИ бас директорының кеңесшісі, профессор Жақсыбек Әбдірахметұлы Күлекеевке берілді. «Инвестициялық институттар және жекешелендіру үдерістері», «Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік құнды қағаздар» (1996), «Жобалық талдауға кіріспе», «Микроэкономика», «Нарыққа өту кезеңіндегі жер қатынастары» секілді біршама кітаптардың авторы.

Пікір: Біздің еліміздің білім саласында үлкен реформалар жасалып жатыр. Жобамен осыдан 15 жыл бұрын, 2003 жылдары «Білім туралы» заңға өзгеріс енгізіп, тәуелсіз бақылау деген ұғым кіргіздік. Ол дүниежүзінің талабына сәйкес жасалған өзгеріс еді. Ол уақытқа дейін тек қана мемлекеттік аккредитация болатын. 2008 жылы тәуелсіз бақылайтын аккредитация орталығын аштық. Бұл агенттік 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр. Біздің басты міндет – еліміздің университеттерінің дипломдары Қазақстан территориясында ғана емес, ТМД, Еуропа мемлекеттерінде мойындаса екен деген үлкен талабымыз бар. Осы жетістікке жетуіміздің себепшісі осы агенттік болып отыр. Өйткені, осы агенттіктің жұмыстарының нәтижесі бүкіл Еуропа елінде мойындалады.

Жоғары білім сапасын бағалаудың қолайлы, қолжетімді құралдарының бірі – университеттің рейтингісі. Қазақстанның жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі оқу орындары қызметінің негізгі аспектілерін, олардың ішінде білім беру сапасын, ғылым дәрежесін, оқытушылар мен түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін ескереді. Сонымен қатар ол жоғары оқу орындарын жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие білім мен дағдыларды алу сапасын сарапшылардың көрсетулері негізінде бағалауға мүмкіндік береді. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі Рейтинг 2008 жылдан бастап, Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының барлық университеттеріне ақпараттық хаттар жіберіледі. Бірақ рейтингіге қатысу туралы шешімді университет тікелей өзі қабылдайды. Университеттің рейтингіде болуы беделін арттырады әрі оқу орны үшін жақсы жарнама екенін жасырмаймыз.

Отандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, профессор-оқытушылар құрамының басын қосқан жиында Мишель Вера да сөз сөйледі. Нидерланды және Фландрия Аккредиттеу агенттігінің (NVAO) сапаны қамтамасыз ету саясаты бойынша аға кеңесшісі болып қызмет атқаратын спикердің өзіндік ой-тұжырымы да бөлек екен. Не дегенмен, шетелдік тәжірибенің біздің елге берері көп. «Сапаны қамтамасыз етудегі салыстырмалық теориясы» атты тақырыпты мейлінше кең ауқымда таныстырды. Форум барысында Германиядағы Дуйсбург-Эссен университетінің білім сапасын арттыру бойынша сарапшы Петра Пистердың көкейге қонымды кеңестерімен бөлісіп, қатысушыларды бір серпілтті.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор, педагогика ғылымының докторы Такир Оспанұлы Балықбаевтың «Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізіндегі Қазақстандағы білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесі» жайында айтқандары көкейге оралымды болды.

Пікір: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жоғары білімі әлемдік деңгейде болуы керек. Біздің түлектеріміз әлемде кез келген жерде жұмыс істей алатындай мүмкіндігі болуы қажет. Екінші жағынан біздің жоғарғы оқу орындарына көптеген жағдайлар жасалып жатыр. Тек қана биылдың өзінде әлеуметтік бастаманың негізінде 20 мың мемлекеттік грант беріліп жатса, сонымен бірге студенттерге қосымша жатақханамен қамтамасыз ету бағдарламасы жүріп жатыр. Осы орайда біздің жоғары оқу орындарының жауапкершілігі жоғары болуы керек. Біз жастарға сапалы білім беруіміз керек. Сапалы білім деген нәрсе бүгінгі таңда жай ғана сөз емес. Оның өзінің әртүрлі өлшемдері бар. Соның бірі – Халықаралық немесе республикалық аккредиттеу жүйесі. Осы аккредиттеу агенттіктерінің тексеруімен университеттеріміз әлемге танымал болып отыр десек, артық айтпаймыз. Сондықтан бүгінгі күні тәжірибе алмасуымыз ерекше қажет.

Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымының докторы, РБА академигі Андрей Александрович Вербицкий, «Контекстік білім беру мен тәрбиелеу теориясы тұрғысынан білім берудің сапасы» – туралы сөз сөйледі.

Пікір: Сөзсіз бұл форум қатысушыларға, шетелдік әріптестерге, сондай-ақ білім ошақтарының ұстаздарына да берері мол. Ресейде де осындай жұмыстар жасалуда. Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім сапасына аса мән беруіне разымын. Бұл іс жүзінде жүріп жатқанына да қуанамын.

Форум жұмысына БСҚА (Білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі) президенті Ш. Қаланова (суретте) тізгіншілік етті. Шолпан Мұртазқызы «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. ҚР оқу озаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі атанған. 3 монография, 4 оқу құралдары мен 150 ғылыми және әдістемелік мақалалардың авторы және бірлескен авторы. Ол кісінің мына бір пікірі көңілімізге қонды: «Қандай университетті таңдауға болатынын түсіну үшін жастар көптеген факторларды талдап, барлық жағымды және жағымсыз мәселелерді талқылайды. Олардың ішінде мамандық таңдау, жоғары оқу орнының орналасқан жері, оның беделі мен оқыту деңгейі, мемлекеттік гранттардың болуы, оқу үшін ақы төлеу сомасының мөлшері, жұмыспен қамту перспективалары, тағы басқа да маңызды факторлар бар. Аккредиттелген жоғары оқу орындарының және оқыту бағдарламалары туралы барлық мәліметтер тұрақты негізінде Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі www.iqaa.kz сайтында орналастырылады. Дегенмен өмірдің қарқыны жеделдейді, ал қазіргі талапкерлер мен басқа да мүдделі тұлғалар қолжетімді нысанда жылдам нәтижені талап етеді. Сондықтан рейтингілер қазіргі уақытта Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен сұранысқа ие.»

Еліміз өз дамуының тағы бір елеулі белесіне батыл қадам басуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында мемлекет өркендеуінің алдағы бес басымдығын белгілеп берді. Президент жүктеген межелі міндеттерді жүзеге асыруда агенттіктің арқалаған аманат жүгі ауыр. Сол себепті бел жазбай еңбек етуде аянып қалып жатқан жоқ. Ақпарат жеткіліксіз болса, талдауды өз бетінше жүргізу оңай емес. Кез келген жоғары оқу орнын алсақ, ондағы білім беру сапасын кешенді түрде институционалдық та, білім беру бағдарламалары бойынша да аккредиттеу береді.

Білім беру ұйымдары мен бағдарламаларын аккредиттеу агенттігі, профессор, техника ғылымының докторы Бактыбек Искакович Исмаилов «Қырғызстан жоғары оқу орындары сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйелерін талдау және дамыту, профессор, экономика ғылымының докторы Леонид Сергеевич Гребнев «Жоғары білімдегі ұжымдық құзыреттілікті қалыптастыру үшін Flipped Class технологиясын қолдану», Молдованың ғылыми зерттеулер және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Ұлттық агенттігі (ANACEC), PhD докторы Елена Петрова «Студентке орталықтандырылған оқытуды сапаны қамтамасыздандыру арқылы қарастыру: Молдова Республикасы тәжірибесі», Әзірбайжан мұнай және өнеркәсіп мемлекеттік университетінің ректоры, профессор, техника ғылымының докторы Мустафа Бабаоглы Бабанлы «Қазіргі заманауи жоғары оқу орындарды басқару тұрғылары», жоғары білім беру мектебі деканы, Назарбаев университеті, филология ғылымының кандидаты Аида Қыстаубайқызы Сағынтаева «Автономды университетті басқару», Алматы менеджмент университетінің проректоры, профессор, философия ғылымының докторы Алмагүл Медихатқызы Қанағатова «Кәсіпкерлік университеттің үлгісі: AlmaU кейсі» жайында баяндама оқыды. Жоспарланған конференцияда келесі бағыттар бойынша пікірталастар мен баяндамалар анықталған: Университеттерді басқару, Ішкі сапаны қамтамасыз ету және институционалдық даму, бітірушілердің сапасы мен жұмысын қамтамасыз ету.

Марапаттау рәсімінің қорытындылары бойынша еліміздің үздік оқу орындарының рейтингісі анықталды. 2018 жылғы Ұлттық рейтингіге 60 университет қатысты, алайда кейбір университеттер рейтингіге кірген жоқ. Сондай-ақ институционалдық рейтингіден бөлек агенттік оқу бағдарламаларының рейтингін жүргізеді. 2018 жылғы бағдарлама рейтингінде 60 жоғары оқу орны 289 білім беру бағдарламасын (өткен жылы – 279) ұсынды. Бұл бағдарламалар бойынша университеттік сауалнамалардың жалпы саны 1100-ден асты. Ұсынылған бағдарламалардың саны бойынша алдыңғы бестікте – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (155), Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университеті (129), академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (128), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (109), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (63) орналасқан. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА) талапкерлерге мамандық бойынша жоғары оқу орындарын таңдауда өз қалауын дұрыс жасауда сәттілік тілейді және сол таңдауда Қазақстанның үздік ЖОО рейтингісі дұрыс бағыт беретін жол сілтеуші болады деп сенеміз!

Жансұлу ЖИЕНҚҰЛ,

Халықаралық Журналистер одағының мүшесі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *