МУЗЫКАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕДЕГІ ӘНШІЛІК ТЫНЫС АЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Білім Қоғам
697 Views


Әншілік тыныс вокалдық хор техникасының әртүрлі элементтерімен тығыз байланысты: дыбыс атакасы, дикция, динамика, дауыс регистры, интонация тағы басқалар.

Тағы да:

  • Тыныс жинау дауыстық аппараттағы артық бұлшық еттік қосылыстар және тағы артикуляциялық органның қосылуы, дикцияның жинақталмауы, детонация, дауыс дыбысталуының еркін болмауы.
  • Дыбысты алу кезіндегі бір мезгілдік тыныс ұстанымының болмауынан, дыбыс интонациялық тұрғыда да дұрыс болмай «подъездбен» алынады. Ереже бойынша белгілі жоғарылықты төменнен алуы тиіс.
  • Алынған ауа көлемі дыбыс динамикасына пропорционал болады.
  • Төменгі байланыстағы ауа қысымының күші дауыс астарының жиілігіне әсер етіп тембр түрін анықтайды.
  • Дауыс астарындағы шағын қысым әсерінен дыбыс тембрі жағынан кедей болып көрінеді. Фольцеттік мінезде төменгі байланыс қысымының күштілігі керісінше әсер етеді, яғни дыбысталу толып, тембрі едәуір бай, кеуделік типке жақын болады.

Балалардың тыныс алу техникасымен жұмыс істеуінің кейбір әдістері.

№1 жаттығу. Дирижер қолы арқылы қысқа тыныс алып, санау арқылы (1,2,3,4,5…) тынысты шығару. Жаттығуды қайталаған сайын тыныс шығарғанда цифр санын көбейтіп отыру керек.

№2 жаттығу. Төменгі қабырғалар қозғалысын сезіне отырып қысқа тыныс алу, әркім өз қозғалысына есеп бере отырып, төменгі қабырғаларын қолымен ұстай отырып, санаумен ұзыннан тыныс шығару, цифр қатары осылай көбейе береді.

№3 жаттығу. Төменгі қабырғалар қозғалысы арқылы қысқа тыныс алу, тынысты ұстаумен ақырын санай отырып тынысты шығару.

№4 жаттығу. Төменгі қабырғалар қозғалысымен тыныс алу, тынысты ұстап, дирижер қолымен жұмсақ атакамен бір дыбысты примарды тонға дейін бір қалыпты дыбыс күшімен айту. Басында дыбыс 2-3 с созылады, кейіннен ұзарады.

Үздіксіз тыныс (цепное).

Үздіксіз тыныс бұл – ұжымдық дағды.

Үздіксіз тыныстың негізгі ережесі:

  • Көрші отырған адаммен бір уақытта тыныс алмау.
  • Музыкалық фраза ішінде таныс алмау керек, мүмкіндігінше ұзын ноталардың ішінде тыныс алу.
  • Тыныс білдірмей және тез алу.
  • Хорда жұмсақ дыбыстық атакамен, интонациялық тұрғыда нақты, яғни «подъездсіз» партитура нюансын сақтай отырып айту.
  • Көршінің айтқан әнін тыңдап, жалпы хор дыбысталуына қосылу.

ДЫБЫСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Ән айту кезіндегі дыбыстың қалыптасуы тыныс алумен артикуляциялық органдардың дауыстау астарымен өзара байланыстарының нәтижесінде пайда болады.

Дыбыс қалыптасуының миоэластикалық теориясы.

Миоэластикалық теорияны қолданғандар; (Гарма, Мюллер, Музехольд, Левидев) дауыстың байланыстағы жиілікте дыбыс жоғарылығы шығарылған ауа күшіне байланысты.

Дыбыс қалыптасуының нейрохроноксикалық теориясы.

Резонаторлармен күштелген обертондардың жеке тобының форманты спектр деп аталады. Төменгі әшекейлік форманта – дауысқа жұмсақтық қоңыр әсер береді. Жоғарғы әншілік форманта – дауысқа ашықтық, ұшқырлық береді.

Дауыстардың қалыптасуы әрбір кезеңде 3 түрлі жағдай шамасына байланысты болады;

  • Көмейдің құрылуы (толық немесе бір жақты)
  • Дауыстық астарды бір – біріне әкелу.
  • Ауа шамасына.

Үш шамада тыныс алу жүйесі жұмысымен әншінің артикуляциялық аппараты арқылы көркемдік талаптарды орындайды. Дауы қалыптасуының физиологиялық механизмін түсіну фонация кезеңін түсінуге жол нұсқайды.

ЖЕКЕ ӘНШІЛІК ДАУЫСТЫҢ ТЕМБРІ

Ән – бұл тек дауыстық аппараттың ғана емес сонымен бірге, бүкіл ағзаның функциясы. Балалар дауысының жеке тембрі былай анықталады.

  • Көмейдің және бүкіл ағзаның анатомиялық және морфологиялық структурасының ерекшеліктерімен (көмей мен дауыс астарының мөлшері және құрылымы, дауыс қалыптастырушы бұлшықеттерінің күштілігі, мидың жылдам жұмыс істеуі, жалпы денсаулық, сұлулықтың сезгіштігі.
  • Демді, жыныстық және жеке ерекшеліктерімен эндокринді жүйеге және де әншінің эмоционалды жағдайынан.
  • Айту кезіндегі көмей функциясы (айтылу дағдысы, дыбыстық қатардың айқын ерекшеліктері, жеткізу әдістері, жеке жеткізу мәнері).
  • Ән айту кезіндегі көмей функциясы (дауыс қуысындағы дыбыс мінезі, тыныспен жұмыс және конфигурация, әнші дауысының тембрі дыбысталуымен басқару, яғни регистрді басқарумен.

Вокалдық әдістердің көзқарасы бойынша дауыстың регистрда дыбысталуы мынадай факторларға байланысты: тесситура, дыбыс күші, атака түрлері және дыбыс жүргізу әдісі, дауысты дыбыс типі мен оның артикуляциялық әдісі, әншінің эмоционалды көңіл күйіне, орындалған шығарманың көркемдік образымен байланысты.

ТЕССИТУРА

Вокалдық әдістің негізгі талаптарының бірі барлық жұмыстық дауыс диапазоны бойынша қалыпты тембрлік дыбысталу. Тембрлік дыбысталудың дамуын айтқанда негізгі мәселе регистрлық ауысым, өйткені әртүрлі дыбыс ұзақтығында бірдей тембрді алуға болмайды және керек те емес, керісінше вокалдық орындауда тембрдің әдемілігінің әртүрлілігі қажет. Тембрлік дыбысталудың 2 кезеңі бар:

ӘН АЙТУ АРТИКУЛЯЦИЯСЫ ЖӘНЕ ДАУЫСТЫ ТИП

Артикуляциялық ағзаның жұмыс істеуі дыбыстық қалыптасу бағыты артикуляция деп аталады. Артикуляцияның жай кезден ән кезінде көп ерекшеліктері бар. Күнделікті жұмыс істеуді сыртқы органдар тез қарқынды жұмыс істеуді (ерін, төменгі жақ), ал ән айту кезінде ішкі (тіл, жұтқыншақ, жұмсақ таңдай) органдар дауысты дыбыстың созылуына байланысты ақырын жұмыс істейді. Дауыстылармен жұмыс басқалай, жай дауыстыларға қарағанда ән айту кезіндегі дауысыздар үлділігі артады. Дауыстыларды дұрыс айтуға 500 – 540 Гц күш кетеді, төменгі ән айту форманты бойынша үнділіктің күшеюінің жиілігі 2000 – 3000 Гц барады, бұлар жоғары ән айту форманты болып табылады.

Әншілік артикуляцияда басты талап дауыстылардың тембрде дыбысталуы қажет «о», «у», тәрізді дауыстыларды айтқанда көмей төмен түседі, «и», «э» айтқанда жоғары көтеріледі, ал «а» орташа қалыпта болады. Кейбір вокал мектебінің мамандары көмейдің төменнен орналасуы жақсылыққа дейді. Бірақ бұл барлық әншілерге келе бермейді.

Көмейдің қалыпты жағдайын тапса, жоғалтпай ұстау міндетті. Әнші дауысын неғұрлым кеңірек алса тембр, дауыс жиілігі де соғұрлым кеңейеді. Әр вокалдық мектеп әр түрлі айтады. Бірі дауыстыларды күліп тұрғандай айту міндетті десе, бірі «о» әрпін айтқандай ауызды ашу керек дейді. Жоғарғы дауысты әншілерде еріннің күліп тұрғандай ашылып айтуы оңай. Қорытындысында дыбыс тембрі жағынан жеңіл фальцетке жақын болып естіледі. Ал «о» тәрізді ашылған ауыз дауыстық астарды тереңнен қозғап, қою тембрлі, кеуделік дыбысталуға әкеледі. Әртүрлі дауыстылар әнші тембрінің сапасына, ауыз бірқалыпты ашылғанда да әсер етеді. Егер дауыстыларды белгілі бір қатармен айтса (и, э, а, о, у) іштегі дыбыс шығарушы труба ұзарады. Бұл дауыс астарында вибрацияға әсер етеді.

Артикуляциялық бірқалыптылығымен дыбыстың күші мен ұзақтығында, дауысты и, э дыбыстары айтылғанда кеуделік дыбысталуға жақын келеді. Еріннің жартылай күліп тұрғандай тұруы өз позицияңды табуға көмектеседі. Барлық дыбыс резонаторда естілуі тиіс.

ЭМОЦИОНАЛДЫҚ КҮЙ

Әрбір әншінің дауыс тембрі оның дауыстық регистрының типі арқылы жақын әншілік позициясы арқылы және әншілік вибратоның сапасына қарай анықталады. Дауыстық тембрде дыбысталуына — дыбыс күші және жоғарылығы, атака түріне, дауысты типіне, артикуляция қажет. Хордың көркемдік орындаушылық деңгейін арттыру үшін барлық дауыс регистрына сай тесситурада орындалуы тиіс. Тембрлік жұмыс істеу дауыс күйін примарлық тондардан бастауы керек. Хорда тембрмен жұмыс істеудің бір талабы – дауыс дыбысталуының регисторлық переходтардың көмегімен өз ретіне келтіру. Бұл үшін түрлі жаттығулар қолданылады; біріншіден төменнен және жоғарыдан дыбыстық қатарлар, содан соң төменнен жоғарылауын секіртпелер арқылы арпеджиолар кеңейту. Дыбыс жоғарылығымен динамикалық диапазонға арналған жаттығулар тембрге де қолданылады.

Х. О. СЕИТОВА,

С. Д. ЕЛҒОНОВА,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Музыкалық білім» кафедрасының оқытушылары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *