ОНЛАЙН-СЕМИНАР: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТІЛ ҮЙРЕТУДЕГІ ЖАҢА ҮРДІС

Білім Қоғам
327 Views

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 13-22 мамыр аралығында «Оқытушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға және жасанды интеллектіні интеграциялауға бағытталған қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өткізді.

Оқытушыларға жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, заманауи әдіс-тәсілдермен тіл үйрету жолын ұсынып, біліктіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің барлық аймағынан 100-ден астам тіл маманы қатысты.

Әдістемелік шараның алғашқы үш күні мемлекеттік тілді оқытуда жасанды интеллектіні тиімді пайдалану тақырыбына арналды. Тіл үйрену үдерісіне жаңа леп беретін жүйе мүмкіндіктері мен тіл оқытуда қолданысқа енгізу жолдары жайында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. Бақыт Айтпаева, НЗМ ДББҰ филиалы «Білім беру бағдарламалары» орталығы Лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімінің аға менеджері Алтынгүл Хасенова дәріс берді.

Спикерлер жасанды интеллектпен қатар тіл үйретуде пайдалануға ыңғайлы әрі қызықты қолданбалы платформаларды таныстырып, жұмыс істеу жолын көрсетті.

16-17 мамыр күндері оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру тақырыбында НЗМ ДББҰ филиалы «Білім беру бағдарламалары» орталығы, «Лингвистикалық бағыттағы пәндер» бөлімінің қызметкерлері ф.ғ.к. Нұрлыгүл Дәулеткереева мен Алтынгүл Хасенова өз тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтың жеке тұлғалық болмысы, адами құндылықтарды игеруінен бастап, тіл үйренушінің білім диапазонын анықтауға дейінгі кәсіби жолы сөз болды.

Семинардың соңғы сабақтары әдістемеге бағытталды. Нұрлыгүл Дәулеткереева қазақ тілін оқытудағы лексикалық және грамматикалық минимумдарды үйретудегіавторлық методикасымен бөлісті. Ол мәтін құрылымына, жаңа лексикалық минимумды түсіндіру және оны беру формасына кеңінен тоқталып, дағдылардың үйлесімі менсатылай көшуінің заңдылықтарын тарқатты. Ал Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к Гүлназ Төкенова тіл үйренудегі мәдени-танымдық құзыреттің маңызына тоқталды.

Онлайн-семинар «Тіл-Қазына» ҰҒПО Әдістеме-LAB ғылыми қызметкері, PhD Ләйлә Демесінованың дәрісімен тәмамдалды. Ол қазіргі уақыт талабына, сұранысқа саймаман болу үшін педагог білуі тиіс ең қажетті дағдылар турасында сөз қозғады.

– Біз қазір қаласақ та, қаламасақ та аудиторияны виртуалды әлемнен табамыз. Сондықтан әлеуметтік желілерді өз мақсатымызға сайқолдана алуға тиіспіз. Біздің міндет – ең алдымен дұрыс, қажетті ақпаратты көпшілікке жеткізе білу. Сондықтан қоғам үшін не өтімді болса, сол бағыт біз өзойымызды жүзеге асыруымыз керек, – деді спикер.

Онлайн басқосу барысында тіл мамандары өзара тәжірибеалмасып, арнайы тапсырмалар орындады. Сабақ жоспары негізінде дәріс берудің жаңа әрі тың әдіс-тәсілдері талданып, түсіндірілді.

Аталған семинар Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен ұйымдастырылды. Іс-шара соңында комитет төрағасы, ф.ғ.к. Ербол Тілешов қорытынды сөз алып, іс-шараның маңыздығына тоқталып, қатысушыларға және спикерлерге алғысын білдірді.

Айта кетейік, онлайн-семинарға өңірлік тілдірді оқыту орталықтарының, ЖОО оқытушылары мен әдіскерлері қатысты. Барлық тыңдаушыға 72 сағаттық біліктілік арттыру курсына қатысқандығын растайтын сертификатт абысталды.

Жазира ӘШІРБЕК,

журналист.

Астана қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *