ПРАЙМЕРИЗ – ХАЛЫҚ АМАНАТЫН СҮЛЕСОҚ АРҚАЛАЙТЫНДАРДЫ ШЕТКЕ ЫҒЫСТЫРАДЫ

Саясат Қоғам
1 054 Views

Жуырда «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың 17-тамызы мен3-қазанына дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралықаулыға қол қойғаны белгілі. Соған сәйкес, алдағы уақытта аймақтарда мәслихатқасайлауға түсетіндердің 70 пайызы праймериз арқылы іріктелген үміткер ретінде өзбағы мен бабын сынайтын болады. Праймериз – партияның әр өңірінде өткізілетінсайлау алдындағы ішкі сайлауы. Ұғынықты тілмен айтқанда депутат ретінде халыққақызмет етуге белін бекем буған жаңашыл азаматтардың анықталып, олардың елтірлігіне араласуына мүмкіндік беретін алаң. Іскер азаматтар анықталып,іріктелетін, содан соң сайлау деген саяси тартысқа жіберілетін праймериз АҚШ,Канада, Аргентина, Уругвай, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Испания, Италиясынды елдерде құқықтық салмағы басым формат болып табылады. Қазақстан тарихындамұндай демократиялық акцияны алғаш болып «Nur Otan» партиясы қолға алып отыр.

Өзегінде теңдік, әділеттілік деген ұғымдар жатқан демократияның дамуына, дәуірлеуіне жол ашатын праймериз жаңа көшбасшыларды анықтауға жол ашады. Қоғам өміріне бей-жай қарамайтын үміткерлердің ішінен депутат болуға лайық болатын азаматтар партия мүшелерінің дауыс беруімен іріктеледі.

Жасыратыны жоқ қазіргі таңда қоғамда депутат болу үшін мал-дүниең, адымы ашылған бизнесің, қаржылай қорың, демеушілік тірлігің болуы керек деген қасаң түсінік бар. Депутаттардың арасында біреуге үй салып, келесі бір топқа ғимарат салып беріп жүрген азаматтардың жомарттығын менде құптаймын. Қолдаймын. Бірақ депутат жұмысының өрісі одан да кең болуы тиіс. Ол қоғамда болып жатқан түрлі мәселелерді тап басып, одан нақты нәтиже шығара алатын азамат болуы қажет. Түгеліне топырақ шашудан аулақпын, бірақ қазіргі таңда Шымкентте сайлаушылар үшін «сағымға» айналған депутаттар да бар. Праймериз жауапты әрі сауапты жұмысқа сайланып алып, халық аманатын сүлесоқ арқалап жүрген сондай азаматтарды шетке ығыстырып, оралымды қабілеті бар азаматтарға таңдау жасалатын саяси қадам. Халық аманатын арқалаған адам бұқарамен біте қайнасқан байланыста болуы қажет. Солай боларына сенім мол. Себебі, сайлау алдындағы сайлауда яғни, праймеризде қолынан іс келетін, сан алуан дау-шарға араласа алатын, билікке түрлі проблемаларды шешудің жолдарын ұсына білетін, ой өрісі терең, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүретін азаматтар таңдалады. Бұл сенім баянды боларына сенейік.

Талғат БАЛТАБАЕВ,

«Уақыт» газетінің бас редакторы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *