ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТАР ЛИГАСЫНДА БАҚ СЫНАЙДЫ

Спорт
1 629 Views

Еуропа футбол қауымдастықтары одағында (УЕФА) Ұлттар лигасы деп аталатын жаңа жарыс түрі пайда болды. Халықаралық футбол күнтізбесіне сәйкес әр екі жыл сайын өтетін болады. Мақсат – ұлттық құрамалар деңгейінде футболдың өркендеуіне ықпал ету мен ресми ойындарының санын арттыру болып отыр. Жарысқа қатысатын кәрі құрлықтағы 55 елдің ұлттық құрамасы төрт дивизионға бөлінген:

 

А ДИВИЗИОНЫ

І топ: Германия, Франция, Голландия

ІІ топ: Бельгия, Швейцария, Исландия

ІІІ топ: Португалия, Италия, Польша

ІV топ: Испания, Ұлыбритания, Хорватия

 

В ДИВИЗИОНЫ

І топ: Словакия, Украина, Чехия

ІІ топ: Ресей, Швеция, Түркия

ІІІ топ: Аустрия, Босния және Герцоговина, Солтүстік Ирландия

ІV топ: Уэльс, Ирландия, Дания

 

С ДИВИЗИОНЫ

І топ: Шотландия, Албания, Израиль

ІІ топ: Венгрия, Грекия, Финляндия

ІІІ топ: Словения, Норвегия, Болгария, Кипр

ІV топ: Румыния, Сербия, Черногория, Литва

 

D ДИВИЗОНЫ

І топ: Грузия, Латвия, Қазақстан, Андорра

ІІ топ: Беларусь, Люксембург, Молдова, Сан-Марино

ІІІ топ: Әзербайжан, Фарер аралдары, Мальта, Косово

ІV топ: Македония, Армения, Лихтенштейн, Гибралтар

 

ОЙЫН КЕСТЕСІ:

6 қыркүйек. Қазақстан – Грузия

10 қыркүйек. Андорра – Қазақстан

13 қазан. Латвия – Қазақстан

16 қазан. Қазақстан – Андорра

15 қараша. Қазақстан – Латвия

19 қараша. Грузия – Қазақстан

Іріктеу бәсекелері биылғы қыркүйек пен қараша айларының аралығында өтеді. Командалар өзара екі рет (өз алаңында және сырт алаңда) кездеседі. Топ жеңімпаздары 2019 жылдың жазында финалдық турнирге қатысады. Екінші орынды еншілегендері элиталық дивизионда ойнау құқығын сақтап қалады. Үшінші орынды иеленгендері өздерінен төменгі – В дивизионына түсіп қалады. Өз кезегінде D дивизионындағы төрт топтың жеңімпазы С дивизионына ауысады. Топ жеңімпаздары финалдық жарысқа қатысaтын болады. Финалдық жарысты шешуші ақтық сайысқа шыққан төрт елдің бірінде өткізу жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *