ҚОС ҚАЙРАТКЕРДІ ҚАРСЫ ҚОЙМАЙЫҚ

Қоғам
48 Views

Талқылау, пікірталастың болғаны дұрыс қой. Бірақ қатты таңқалдырып жүргені, ғалымдардың ғылымдағы қарапайым заңдылықтарды сақтамауы болыпотыр. Қос майданға бөлініп алып «соғысуы». Ғылымға адалдық туралы ғылымда жоқменің айтқаным ұят шығар. Тарих ғылымында тек құжаттар ғана сөйлеуі керек.Болды. Қалғанын саясаткерлер, журналистер, тағы басқалар өз беттерінше болжап, пікір айта берер. Ал ғылымда болжам, тәпсір дегендер болмау керек.

Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхан – екі түрлі көзқарастағы,екі түрлі күрес жолын таңдаған, екі түрлі өмір жолын таңдаған тұлғалар. Бұлдауласатын мәселелер емес.Әртүрлі даму жолындағы, саяси, экономикалық әртүрлілігіне және алфавиттерінің әртүрлі болуына, әлемдік алпауыт күштердіңқарсылығына, басшыларының әртүрлі көзқараста болуларына қарамастан Түркі халықтарының интеграциясы даму жолына түсуі – бұл табиғи заңдылық. Ел болыпқалудың қамы.

Мұстафа Шоқай бүкіл әлемде ұзақ ғасырлар бойғы монархиялық, теократиялық елдердің жойылып, елдер одақ болып, бірігіп қана өмір сүретін заманкелетінін алдын ала білді, жазды, күресті. Діні бір, тілі бір, мәдениеті біртүркі халықтарының бірігіп қана тәуелсіздікке қол жеткізетінін айтты.

Мәселен, Мұстафа Шоқай: «Ресей секілді империяға қарсыбөлек-бөлек күресіп, жеке-жеке тәуелсіздік ала алмаймыз. Түркістан халықтарының жауы ортақ. Ортақ жауға күресіп, мәреге жетіп алғанша бірігіп күресуіміз керек.Мәреге жеткеннен кейін әрқайсысымыз жеке-жеке тәуелсіздік жариялай аламыз», –деген пікірді ұстанды. сол жолда күресіп, саналы ғұмырын арнады. Бүкіл өмірін Түркістанның тәуелсіздігіне арнады. Бұл – факт. Мұстафа Шоқайдың бұл күресіне қарсы ешқандай факті жоқ. Тек адал кіршіксіз қызмет етті. Болды.

Ал осындай жағдайда бір тарихшы ғалымдардың ӘлиханБөкейханды әлем тұлғасы, император жасауы (Түркістан империясын құрмақшы болыпты-мыс), одан түркі халықтарының көсемін жасауға ұмтылулары ұят тірлікемес пе? Жалғандық жарға жығады ғой. Әлихан Бөкейханды асыра мақтаймын депатына кір келіп қалмай ма?! Әлихан Бөкейхан да, Мұстафа Шоқай да мақтау, мадақтауды қажет етпейді. Мұқтаж емес. Біреуін асыра көсем жасаймын деп екіншісін төмендету ғалымдарға жараспайды. Екеуі екі түрлі жол таңдағандықтан екеуін екі бөлек қарастырған жөн. Бір-бірімен салыстырмайық, жарыстырмайық.

Әлихан Бөкейхан ұлттық мемлекет құрғысы келді. Ұлттық автономия жолын таңдады. Түркі бірлігі емес, Батыс өркениетіне ұмтылды. Соған өмірін арнады. Бұл – бұлтарпас факт. Ол Балқан соғысы кезінде Осман империясына көмек ретінде Мұстафа Шоқай секілді студенттер көмек жинап, Стамбұлға жолдағанда Әлихан Бөкейхан бұл әрекетті сынап, қарсы шыққан. Студенттерге «өздеріңді сағыммен алдамаңдар» деген. Олардың іс-әрекеттеріне «утопия» деп қараған. Петербордағы (қазіргі Санкт-Петербург) түрікшіл патриоттық сезімдегі студенттерге «Құлау алдындағы Түркия жағында емес, Батыс өркениеті жағында болуымыз керек», – деген үгіт-насихат жүргізген. «Шығыста қазақ үйренерліктей мәдениет жоқ, Түркістан өзінің діндарлығымен ілгері беттеген көшті кері тартады», – деген.

Енді бірде Әлихан Бөкейхан: «Түркістан өлкесіндегі қазақтардың Далалық өлкедегі қазақтармен бірігуі қиынға түсетінін өзінше, алдын-ала болжапбілген жөн. Түркістандықтар діншіл, мәдениеті артта қалған. Қазақ Түркістанменбір автономия болса, автономия арбасына түйе мен есекті пар жеккен болады. Бұларбаға мініп, біз қайда барамыз?» Оның түркі бірлігін сынаған сөздері өте көп. Мақсатым – оның әрқайсысына тоқталу, сынау емес. Әлихан Бөкейханның өз пікірі,ұстанымы бар. Оған құрметпен қарау керек. Мақсат – өтірік жазбау, қолдан тұлғажасамау. Түркі бірлігін қолдамаған Әлихан Бөкейханды «Түпкі мақсаты – Тұран, Түркістан одағын құру болған», – деп бүкіл түркі халықтарының ұлыкөсемі жасау – барып тұрған ұятсыздық. Бар айтатындары – ол кезде астыртынсөйлеу, жазу керек болды. Әйтпесе ол Тұран одағын құрғысы келді деп ӘлиханБөкейханның сөздерін жан-жаққа бұрмалап, тәпсірлеп кетті. Философиялықойларында шек жоқ. Бірақ бұл философия емес, тарих қой…

Эмиграция бойынша да екеуінің пікір қайшылықтары болған. Мұстафа Шоқай «Бұл большевиктердің болмысы да, санасы да ұлттық мемлекеткетабиғаты қарсы. Сонда Сіздер большевиктермен қандай ұлттық автономия құрудыкөздеп отырсыздар деп айтқаны бар. Бәлкім, Алаш қозғалысының өкілдері МұстафаШоқай секілді Еуропаға кеткенде одан да көп қызмет жасар еді деп ойлаймын.

Масондар ложасы бойынша да пікір қайшылықтары бар. Әлихан Бөкейхан масондар ложасына кірген. Ал Мұстафа Шоқайда қаншама мүмкіндіктерболса да (Еуропадағы достары үгіттесе де) кірмеген. Әлихан Бөкейхан қандаймақсат-мүдделер бойынша кіргенін болжамай ақ қоялық. Кіргені – факт. Болды. Бұлжерде айтпағым, екеуінің жан дүниелері, пікір айырмашылықтары туралы. Әйтпесе екеуі түрлі тұлға болса да Қазаққа қызмет етті. Екі түрлі жолмен болса да елгеқызмет етті. Осы жағы бәрінен маңызды болуы керек.

Фазылбек ӘБСАТТАРҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *