«ӘДІЛЕТ» – ӘР ШАҢЫРАҚ АСЫҒА КҮТЕТІН БЕДЕЛДІ БАСЫЛЫМ

Қоғам
1 166 Views

Келесі – 2020 жылдың баспасөзіне жазылу науқаныжүргізіліп отырған қазіргі кезеңде Сіздерді өзінің он жылдық мерейтойын атапөтетін республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру»газетіне белсене жазылуға шақырамыз. Біздің газетіміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп отырған сара саясатын жүзегеасыру жолында шынайы ақпарат таратуда жүйелі жұмыстар атқарып, әр шаңырақ асығакүтетін беделді басылымға айналып келеді. Мемлекет басшысының Жолдаулары ментапсырмаларының орындау барысында жергілікті билік және құқық қорғауоргандарының жүзеге асырып отырған жұмыстары тұрақты түрде жазылып,насихатталып келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, білім, денсаулық сақтау, тағыбасқа да бюджеттік мекемелердегі өткір де өзекті, түйткілді мәселелер тұрақтыназарда ұсталады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»,«Ауыл – ел бесігі», тағы басқа да бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуыда бақылауымызда болады. Бүкіл байтағымызға тарайтын басылым бетінде білім,ғылым, әдебиет, мәдениет, өнер, спорт, туризм, тағы басқа сан алуан тақырыптағысараптамалық, зерттеу, зерделеу материалдары жиі жарияланады. Әбді-Жәмил Нұрпейс,Әбіш Кекілбаев сынды төрткүл әлемге танымал қазақтың классик жазушыларыныңшығармалары кеңінен насихатталуда. Келесі жылы аталып өтетін мемлекеттік маңызыбар Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150, Абай Құнанбайұлының 175, Ұлы Жеңістің 75жылдық мерейтойлары, сонымен қатар Шымкенттің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығыелдерінің мәдени астанасы атануына байланысты материалдар топтамасын жариялауда ойымызда бар. Бұған қоса-қабат редакциямыздың құрамында «Adilet.tv.kz»ақпараттық агенттігі жұмыс істейді.

Қымбатты оқырман қауым! Сіздерді басылымымызға қолдау көрсетіп, көптеп жазылуға шақырамыз. Газетімізге жазылу жыл бойына жалғасатын болады.

Біздің басылымымызға «Қазпошта», «Еуразия-пресс», «Экспресс-пошта», «Ернұр-пресс» және «Қазпоштаның» жергілікті бөлімшелері және тікелей редакция арқылы жазыла аласыздар.

Газетіміздің индексі – 64702.

Жазылу бағасы: 6 айға – 2000 теңге, бір жылға – 4000 теңге.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *