Өнеркәсіптік меншік — зияткерлік меншік объектісі ретінде өзіне өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгілерге патентті және тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын жатқызады. Сонымен қатар, өнеркәсіптік меншік түсінігі жосықсыз бәсекенің жолын кесуді қамтиды.
Өнеркәсіптік меншік тіркеуді талап етеді, өйткені ол объектілерді құрумен, қорғаумен және пайдаланумен байланысты зияткерлік меншік болып табылады, оның мәні өнеркәсіптік меншік нысанында алынатын міндетті нәтиженің мазмұнымен анықталады. Ол белгiленген тәртiппен мемлекеттiк патент органында тiркеледi және патент немесе куәлiктi талап етедi, тек осындай жағдайларда ғана зияткерлік меншiк өнеркәсiптiк меншiк мәртебесiне ие болады.
Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында негізгі заңдар мен нормативтік құқықтық актілер қабылданды, сонымен қатар зияткерлік меншік саласын реттейтін халықаралық шарттар ратификацияланды.
Өнеркәсіптік меншік құқығын қорғау зияткерлік меншіктің маңызды саласы болып табылады.
Құқықтың бұл саласы екі негізгі заңмен – Қазақстан Республикасының Патент заңымен және «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.
Осы Заңдармен өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, пайдалы модельдерге, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне және тауарлар мен қызметтердің шығарылған жерінің атауларына құқықтар реттеледі және қорғалады.
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мынадай объектілерге зияткерлік меншік құқығын береді:
— элементтерi мен қосылыстары негiзiнде өнiм шығарылатын материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде бөлiнбейтiн түзiлетiн электрондық схеманың функцияларын орындауға арналған соңғы немесе аралық нысандағы микроэлектрондық бұйымдар жасалған;
— интегралды микросұлбалардың топологиялары — интегралды микросұлба элементтерінің жиынтығының кеңістіктік-геометриялық орналасуы және олардың арасындағы материалды тасымалдаушыға бекітілген байланыстар;
— мал шаруашылығындағы, өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер.
Сонымен, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығы азаматтық-құқықтық қатынастардың кең салаларын қамтиды.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың осы салаларындағы құқықтарды қамтамасыз ету және қорғау тиімді мемлекеттік саясатсыз мүмкін емес.
Әділет органдарының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы бақылау-қадағалау қызметі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі, оған сәйкес тексеру іс-шаралары жүзеге асырылады.
Өркен ЖОЛДЫБАЕВ,
Түркістан облысының Әділет департаменті
Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы