АБАЙ – МҰХИТ

Руханият
1 250 Views

Кім білмейді ұлы ақын Абайды,

Халық оны заңғар биік санайды.

Абай – дана парасатты сөзімен,

Күллі әлемде тамсандырып талайды.

Әрбір сөзі білсең артық алтыннан,

Ақын бар ма сол Абайдан артылған?

Абай – хакім әрбір сөзі ғибрат,

Жаратылған әл-әзизден нар тұлғаң.

Одан асқан аз-ау, сірә, данышпан,

Әрбір ойы баға жетпес таныссаң.

Қара сөзі, өлең сөзі білгенге

Хабар беріп тұрған сынды ғарыштан.

Абай сөзі – түпсіз терең тұңғиық,

Жан дүниеңе жібереді жыр құйып.

Кел, ағайын, қайық салып ендеше

Сол Абайдың теңізінде сырғиық.

Абай ойын мұхит десең жарасар,

Оныменен шайыр бар ма таласар?

Абай сені жетелейді ғаламға,

Өсиеті жер жаһанға жол ашар!

Әзімхан қажы ҚУАНЫШБЕК,

Сайрам ауданының Құрметті азаматы.

Түркістан облысы,

Сайрам ауданы,

Қасымбек датқа ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *