АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қоғам
879 Views

Таяуда Камбоджа мемлекетінде Азиялық – Тынық мұхиттық Cаммиті өткен болатын. Бұл саммитте БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комитеттің Орталық Азиядағы өкілдерінің бірі Сәтбай Әмзебайұлы Жұмабаев(генерал-майор) мен ҚР Сенат депутаты Айгүл Қапбарова қатысқан болатын.Азаматтық қоғамның ынтымағын арттырудағы бұл саммиттың ықпалы орасан зор. Адам құқықтары, олардың бейбіт өмір сүруі, жер бетіндегі халықтардың ұлт ретіндедамуы және түрлі әлемдік генетиктердің қорғалуы басты назарда болатыны ерекшеаталып өтілді. Саммит Пномпень декларациясын қабылдады. Бұл туралы толыққандымәліметті оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

АЗИЯЛЫҚ – ТЫНЫҚ МҰХИТТЫҚ САММИТ 2019 – КАМБОДЖА

ӨКІМЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

АЗИЯЛЫҚ-ТЫНЫҚ МҰХИТТЫҚ ОДАҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Ұсынылып отырған осы Азиялық – Тынық мұхиттық одақ негізі кең тараған тәуелсіз, атқарушы орган болып табылады. Бұл одақ аталған аймақтағы елдердің мүшелерінен құралған мекемелерді /Үкімет, ӨТҰ, Дінге сүйенген ұйымдар/ және ниеттес адамдарды біріктіріп тұрады. Оның өз жұмысы жалпы және осы аймаққа қатысы жоқ қиындықтарды шешуге бағытталады. Олар: сыбайлас жемқорлық, терроризм, өркениеттердің қақтығысуы, кедейшілік, білімсіздік, отбасындағы моральдың құлдырауы, қоршаған ортаны пайдалануы, климаттың өзгеруі және тағы басқалар. Алайда осы аймаққа таңсық болғандықтан, одағымыз кез келген қиындықтарды шешу жолында өзінің мәдени құндылықтарын алға тартып отырады.

Үкімет пен азаматтық қоғамның ынтымақтастығы экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік сәйкестік үшін керек. Әр орган өз жұмысын атқарады. Үкімет билік жасайды. Олардың әкімшілік және қаржы жағында жауапкершілігі бар. Олардың өздерінің атқарушы, заңқұраушы, сот органдарына тапсырма беріп, міндеттерін атқаруға құқықтары бар. Көпшіліктің таң қалуына байланыстырып, үкімет отбасы құндылықтарын да сақтауға міндетті дегенді келтірмекпіз. Адам құқығы жөніндегі Декларация 16 бабының 3 тармағына сәйкес отбасыны қоғамдағы табиғи және негізгі ұяшығы деп таныған. Отбасы қоғам және үкімет тарапынан қорғауға тиесілі. Тек сол жағдайды мемлекет немесе үкімет қалай жасамақ?

Енді осы салада үкімет пен азаматтық қоғам ынтымақтасып тірлік жасау керек. Азаматтық қоғам, әсіресе дін мекемелері моральдық және этикалық нормаларын шығарып алғанда жауапкершілікті сезіну керек. Бұл нормалар негізгі және олар адамдар арасындағы қатынастарға әсерін тигізеді. Мысалы, азаматтық қоғам жастардың мінез-құлқын тәрбиелеп, оларды некеге дайындап, отбасыны нығайту қажет. Бастысы осы бастамалар конфессияаралық түрде жұмыс жасағаны абзал. Үкімет тек бір ғана діннің мүддесін қорғап жүрмеуі керек.

Доктор Хак Джа Хан Мун осындай одақты құруды ұсынып отыр. Жаһандық бейбітшілікті қолдаған Федерацияның бірлескен құрылтайшысы есебінде аталған федерациядан осы бастамаға қолдау көрсетуді және оны насихаттауын сұрайды. Федерацияның БҰҰ жанынан, онымен қатар бейбітшілікті жақтаушылардың жанынан құрылған консультативтік мәртебесі бар. Федерацияның даусыз қыры – ол маңызды мәселелердің шешуін табу жолында конфессияаралық бағыты. Расында жарықтық Мун Сан Мен БҰҰ қос палаталық жүйені қолдаған. Оның екінші жүйесі әлемдік ұлық дәстүрлі дін өкілдерінен құралған болатын. Осы бастаманы БҰҰ Бас Ассамблеясындағы мінбеден үш рет көтеріп, ұсынған Филиппин елі болған.

Осы одақ дамып, өз құрамын түзеп болғанша осы жұмыстар 2020 жылы Кореядағы Сеул қаласындағы Саммитте өткізіледі. Алдағы тәжірибелерді алмасу алаңшасының міндетін атқара алады. Экономикалық жоғарылау процессін қолдап, туризмді дамытып, әлемде бейбітшілікке үміт сенімін арту бағытында жұмыс жасайды. Біздің одақ жұмыс барысында өз орнын тапқан үкіметаралық мекемелермен тығыз қарым-қатынаста болады. Инновациялық тұжырымдамалардың басқарушы органы ретінде Азиялық құндылықтар жүйесіне сүйенген әлемдік басымдықтарды өзгерте алады. Азиялық – Тынық мұхиттық аумақтағы елдердің одағы осы аумақты ХХІ ғасырдағы көшбасшысы болуына дайындап бере алады.

АЗИЯЛЫҚ – ТЫНЫҚ МҰХИТТЫҚ САММИТ 2019 – КАМБОДЖА

ҮКІМЕТ ПЕН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ПНОМПЕНЬ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Жаһандық бейбітшілік үшін Федерациясы, Камбоджа корольдік үкіметі, азаматтық қоғам альянстік Форумы, Азиялық мәдени кеңес және бейбітшілік үшін парламентарийлердің Халықаралық қауымдастығына бірігіп, Азиялық – Тынық мұхиттық Саммит 2019 құрып алды. Бұл Саммит 2018 жылы Непал елінде осындай Саммите құрылған болатын.

Қазіргі заманның татуласу, өзара тәуелділік, өзара даму және адами құндылықтардың мәселелерін шешу барысында Саммитке бұрынғы және қазіргі мемлекет және үкімет басшылары, Парламент спикерлері, Министрлер кабинеттерінің басшылары, заң құрушылары, дін өкілдері, азаматтық қоғамның, жастардың және БАҚ өкілдері қатысқан.

Біз осы тарихи шараны қолдаған Комбоджа корольдігінің Премьер-министрі Самдек Техо Акка Моханың әрекеттерін бағалап, сол кісінің көшбасшылық және тиімді басқару үшін марапатты ұсынғанын қолдаймыз.

Біріккен құрылтайшысы болған Сан Мен Мун мырза және оның зайыбы Хак Джа Хан Мен ханым бейбітшілік, бақыт, сәйкестік және даму орнату барысында бастаған одақтың әрекеттері үшін қатысушылардың барлығы оларға алғысын білдіреді.

Барша елдің келешектегі бастамалардан хабардар екенін және маңызды мәселелерді шешу жолында батылдықпен басшылық жасағанын еске алып, біз – АТмС делегаттары төмендегідей жайттарды растаймыз:

1. Әлемдік қауымдастық климаттың өзгеруіне тағы басқада экологияның құлдырауына байланысты қиындықтарды шешу үшін шұғыл түрде әрекет жасау тиісті. Сол қиындықтар адамзаттың және планетамыздың болашағына қауіп төндіріп тұр. Ал сол әрекеттер еленбей тұрса, тірліктің барлығы тәуекелге ұрынбақ.

2. Саммитке қатысушылар әлеуметтік, саяси және экономикалық себептерден туындаған мәселелерге жанашырлықпен қарап, екі жақты төзімділікке шақыра отырып, азаматтық кеңістікті келісім алаңшасына айналдыру амалында текетірестікті адалдықпен қалпына, тәртіпке келтірмек. Осы жұмыстарды атқару барысында БАҚ өкілдерінің жауапкершілігін еске салып отыр.

3. Неке институттарын күшейту амалдары бейбітшілікке және бақытқа жетелейтін жолға шығарады. Әлемдік адам құқығы жөніндегі Декларациясында айтылғандай, отбасы – қоғамның негізгі және табиғи ұяшығы болып танылады. Отбасы қоғам жағынан және мемлекет тарапынан қорғалуға тиесілі.

4. Отбасында қорлық көрген және жұмыс орнында келіспеушілікке ұшыраған, білім алудан шектелген, басқа да азаматтық құқықтарына зәбір көрген әйелдердің жағдайлары дұрысталу қажет. Мемлекеттік лауазымдағы тұлғалар ерлер және әйелдердің ерекшеліктерін (атрибутикаларын) есепке алып, гендерлік теңсіздікті қалпына келтіру керек.

5. Жастарды және студенттерді көшбасшылық рөлдерге тартып, қоғамдағы пікірін дамытып, әлемдік мәдениеттің талаптарын алға тартып, оларды әлеуметтік жауапкершілік, моральдық бітімгершілік ережелерін қалыптастыруға шақыру қажет.

6. Камбоджа корольдігінің Премьер-министрі Самдек Моха Сена Падей Техо Хун Сен ұсынған алдыңғы қатардағы үкіметтердің және меншікті ортаның әлемдік бастамасын мойындатып, оны қолдау. Бұл бастама Камбоджа халқын талай жетістіктерге жетелеген екен.

7. Үнді – Тынық мұхит аумағында келешегі зор АСЕАН бағдарламасын қолдау – аумақтағы қосымша амал. Аумақтағы елдердің бейбіт өмірге, тұрақтылыққа және даму жағдайына қарасу.

8. Өзгелер үшін өмірдің идеалы отбасылық, әлеуметтік, ұлттық және әлемдік деңгейде адамдардың қайшылықтарын бітімге келтіруге бағытталады. Осы амалдар бірыңғай алып отбасының мәдениетін құруға да ықпал етеді.

9. Осыған орай Саммитке қатысушылар Азия – Тынық мұхиты аумағындағы елдерде отбасыларды күшейтіп, халықтар арасындағы қатынастарды ұлғайтып, екі жақты сенімді күшейтуді, әлеуметтік сәйкестікті, бейбітшілікті және қоғамның өркендеуін қолдау үшін өз әлеуетін барынша қолдануға шақырады. Саммит Азиялық – Тынық мұхиттық аумақтағы қауымдастықты өкіметтің және азаматтық қоғамның серіктестігін жаңа қырынан байқап, Азиялық – Тынық мұхиттық одақты құру жолында барлық байланыстарды негізге алып, әлеуметтік және мәдени жаңаруын қолдауға шақырады.

Осы жиынның қатысушылары сессияда көрсетілген ұсыныстарды жоғары деңгейде бағалап, өз назарына алады. Сонымен қатар осындағы бастамаларды ары қарай жалғасуын қолдайды. Біз, Саммитке қатысушылар Пномпень Декларациясын бір ауыздан бекітеміз.

Камбоджа корольдігі,

Пномпень қаласы,

Бейбітшілік сарайы.

19 қараша, 2019 жыл.

(Орыс тілінен аударылып жарияланды).

ТҮЙІН

Азиялық – Тынық мұхиттық Саммиті бірқатар мемлекеттердің басын қосып, ел үшін, ұлт үшін ынтымақ пен бірліктің туы астына жинап отыр. Бұл басқосуға біздің елімізден де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Орталық Азиядағы өкіл, генерал Сәтбай Жұмабаев қатысып қайтты. Сары құрлықтағы бірқатар елдер сияқты Қазақстан да кезінде бодандық пен зобалаңды көп көрді. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында Тәуелсіздік таңы атып, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткіздік. Егемен ел атанып, бүгінде төрткіл әлемдегі озық отыз елдің қатарына қосылуға талпыныс жасаудамыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстанып отырған сарабдал саясат өзінің игі жемісін беруде.

Адам құқықтары жөніндегі өкіл, Сәтбай ЖҰМАБАЕВ:

– Отан отбасынан басталатыны бесенеден белгілі. Өкінішке орай, соңғы кездері елімізде отбасылық құндылықтар азайып барады. Ата-ананы, жас үлкен адамдарды, әйелді, бала-шағаны сыйлау деңгейі төмендеп барады. Ажырасушылардың саны артуда. Жас отбасы мүшелерін қолдауға, ата-ана, ел, қоғам болып белсене араласуымыз керек. Ұлтаралық татулықты дамытқанымыз жөн. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелетін міндет жүгі ауыр екені айтпаса да түсінікті. Қазақ халқы мен сан алуан этнос өкілдерінің тату-тәтті, достық қарым-қатынаста өмір сүруі аса маңызды. Бейбіт өмір біздің бәрімізге де қажет. Жер бетіндегі ұлттардың татулығы, ынтымағы мен бірлігінің дамуына кең жол ашылған.

Жалпы алғанда, Камбоджа мемлекетінде өткен Азиялық—Тынық мұхиттық Саммиті Адам құқықтарының қорғалуын, олардың бейбіт өмір сүруін, жер жүзіндегі мемлекеттермен қоса-қабат ондағы халықтардың да өркендеп, дамуы жолында алдағы кезде атқарылуға тиісті жұмыстардың бағыт-бағдарын айқындап берген алқалы жиын болды. Оған Қазақстаннан қатысқан азаматтар ел мен жер көрумен қатар мол әсермен қайттық.

«Әділет-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *