АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ДАМЫМАСА, МЕМЛЕКЕТ ТЕ ДАМЫМАЙДЫ

Саясат Қоғам
545 Views

Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан қоғамдық ұйымдардың дамуына ерекше көңіл бөліне бастады. Ел президенті халыққа арнаған Жолдауындаел экономикасын  саяси модернизация жасауарқылы күшейтіп, оған қоғамдық ұйымдарды және азаматтық секторды көбірек тартуқажеттілігі туралы айтқан болатын.

Осыған орай «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық  филиалы ғимаратында алғаш рет Азаматтық ресурстық орталығы ашылды. Енді мұнан былай азаматтық қоғам институтын құраушы қоғамдық бірлестіктер, жалпы үкіметтік емес ұйымдар  осында жиналып, жаңа әрі тың идеяларын бірге бөлісетін болды. Өйткені,  су жаңа орталық қоғамда белсенділік танытатын азаматтардың жиі бас қосатын орны болмақ. Ресурстық орталықтың ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, ҚР Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева және үкіметтік емес ұйым мүшелері болды.

Орталықтың мақсаты – азаматтық бастамалар мен әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Ал міндеттері – Шымкент қаласының бастамашыл азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдары үшін консультациялық-оқыту бағытын ұйымдастыру екенін айта кетейік.

Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы өз сөзінде: Азаматтық қоғам институттарында ерекше басымдылық саяси партияларға жүктеледі. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады, — деді.

Үкіметтік емес ұйымдардың, ерікті жастардың, жалпы қоғам белсенділерінің орны әсіресе пандемия кезінде қатты сезілді. Белсенділер әрбір қысылтаяң сәттерде халыққа, мұқтаж жандарға көмек қолын соза білді.  Олар үкімет мен әлеумет арасындағы көпір сынды рөл атқара алды. Ал шет мемлекеттерде қоғамдық ұйымдарды, бірлестіктер мен қорларды көбінде бизнес өкілдері қаржыландырады. Елімізде үкіметтік емес ұйымдарды әзірге мемлекет қаржыландырып келеді. Біз алдағы уақытта кәсіпкерлер, ірі мецанаттарды қоғам үніне құлақ салып, бірге азаматтық қоғам қалыптастыруға атсалысатындай деңгейге жету керекпіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *