АНАР ҚАЙЫРБЕКОВА – ОҚМПУ РЕКТОРЫ

Білім Құттықтаймыз
1 975 Views

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің бұйрығымен Анар Мерекеқызы Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры – басқарма төрайымы болып тағайындалды. Ол1976 жылы 23 қаңтарда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысында дүниеге келген.

2001 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, 2012 жылы Мәскеудегі «Ресей Федерациясы Есеп палатасының жүйелік талдау ғылыми-зерттеу институтының» аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Көкшетау қаласындағы «КИД» ЖШС экономисі болып бастаған. 2000-2002 жылдары «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістерминистрлігі ШБ» Республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны кадр бөлімініңинспекторы, 2002-2003 жылдары «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттікжоспарлау министрлігінің ШБ» РМКК кадр бөлімінің инспекторы, экономисі қызметінатқарды.

2003-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде инспектор, бас маман, кеңесші-мемлекеттік ревизор, бас сарапшы-мемлекеттік ревизор, бас сарапшы-бас мемлекеттік ревизор, бас сарапшы-мемлекеттік бақылаушы болып жұмыс істеді. 2010 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында аға оқытушы қызметін қосымша атқарды.

2011-2013 жылдары Жамбыл облысы Ревизиялық комиссиясының мүшесі болды.

2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде үш департаментті басқарды: 2014-2015 жылдары Ішкі бақылау департаментінің директоры, 2015-2016 жылдары Әкімшілік департаментінің директоры, 2016 жылдан 2019 жылдың қазан айына дейін Әкімшілік жұмыстар мен мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры қызметін атқарды.

Бұдан бұрын Анар Қайырбекова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы сыбайлас жемқорлық бойынша, сондай-ақ экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған докторлық диссертациясын жазуда плагиатқа жол берді деп айыптаған. Аталған айыптаудың негіздемесін екі тәуелсіз шетелдік плагиатқа қарсы ұйым растаған. Жарияланған айыптаулардан кейін 2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен А. Қайырбекованың қызметі төмендетілген еді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі бұйрығымен А. Қайырбекованы 2019 жылдың қазанында Департамент директоры қызметіне қайта тағайындады.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры қызметіне Анар Мерекеқызы Қайырбекова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әкімшілік жұмыстар мен мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры қызметінен тағайындалып отыр.

Республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы Анар Мерекеқызын жаңа лауазымды қызметімен құттықтап, мол шығармашылық табыс тілейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *