«АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА!»

Білім Руханият
821 Views

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті кітапханасының оқу залында АББО кітапхана маманы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ғалым, жазушы, сазгер Б.Қожахметовпен бірге «Абай – дана, Абай– дара қазақта!» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Оған университетіміздің оқу-әдістемелік бөлімнің проректоры Ә. Елтаев және «Болашақ» колледжінің директоры М.Туртаев, профессорлар – Р.Ташкараев, Е.Турашев және университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Іс-шараның модераторы – кітапханашы Н.Айтенова болды. Алғашқы сөз университеттің оқу-әдістемелік бөлімнің проректоры Ә. Елтаевқа берілді. Кеште Абай Құнанбайұлының өлеңдері,қара сөздері, өмірі мен шығармашылығынан үзінділер оқылды. Акапеллада кітапхана меңгерушісі А.Одаманова Абайдың «Көзімнің қарасы», және тағы басқа әндерін орындады. Көрермендерге Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында бейне, аудио материалдар көрсетіліп, слайдтар қосылды. Б.Қожахметов Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, шығармаларына шолу жасап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтты.

Кеш барысында студенттер қазақ халқының XIX ғасыр аяғынан қазірге дейінгі тарихында ұлы ақын, ағартушы, данышпан Абай Құнанбайұлының алар орны ерекше екені жайында өз ойларын ортаға салды.

«Әділет-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *