ҚАЛАМГЕРГЕ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Мерей
1 572 Views

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жазушы Әбді-Жәмил Нұрпейске «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Әбді-Жәмил Кәрімұлы Нұрпейс – 1924 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысының, Арал ауданының, Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. ХХ ғасырдақазақ әдебиетіне зор үлес қосып жүрген суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері.«Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы Ә.Нұрпейісовтің ғана емес,күллі қазақ әдебиетінің табысы. Жазушының ерен еңбегі елдің, мемлекеттің жоғарыбағасына ие болды. Жазушы ретінде «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», Қазақстанмемлекетінің «Отан» орденімен марапатталған.

Ол – КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Бұл мәртебелі сыйлықты жазушылардан Қазақстанда үш қаламгер: Мұхтар Әуезов, Әбді-Жәмил Нұрпейс, Жұбан Молдағалиев қана алған.

Республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы Әбді-Жәмил Кәрімұлын торқалы тойымен және «Қазақстанның Еңбек Ері» атануымен шынайы құттықтап, зор денсаулық, қажырлы қайрат тілейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *