БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАУДЫ ЕСКЕРТЕДІ

Қоғам Құқық
661 Views

Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты, Шымкент қаласы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері ата-аналарды өте сақ болуға жәнекішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұрайды.

Абай АПБ Ювеналдық полиция қызметкерлері балалардың терезеден құлап кету жайттарының алдын алу мақсатында көпқабатты үй тұрғындарына арнайы кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында ата-аналарға, әсіресе кішкентай балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмау қажеттілігі айтылып, қауіпсіздік ережелерінің жиынтық жаднамасы таратылды.

Онда көпқабатты үйлерде кішкентайлардың терезенің алдына шығып алуы, абайсызда құлап кетіп қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін екендігі жазылған.

Тәртіп сақшылар балалардың қауіпсіздігі үшін, сақтық шараларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *