ЖАСӨСПІРІМГЕ АРТЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Жастар Қоғам Құқық
483 Views

Білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 24-қыркүйегінде Шымкент қаласындағы №61 жалпы орта мектебінде «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті.

Іс-шара барысында Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Хамид Турсиметов кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді.

Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оныңалдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып,оған толыққанды нақты жауаптар алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *