Түркістан облысы аумағының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттеріне экспорттаушы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына!
Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылауды біркелкі жүзеге асыру мақсатында келесіні хабарлайды:
Қазақстан Республикасының экспорттаушыларды қолдау мақсатында ЕАЭО елдеріне шығаратын тауарларды, сонымен қатар бюрократтық шығындарды төмендету үшін ЕАЭО-қа мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде ЕАЭО шеңберінде еркін орын ауыстыру принципін бұзатын Мемлекеттік шекарада рұқсаттама бекетінде бақылауды жүргізген кезде ҚР экспорттаушыларынан артық құжаттарды сұрау қажет емес.
Бұл ретте ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң Халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы өзара iс-қимылы туралы келiсiмдi бекiту туралы» № 833 қаулысы 7-бабының 4-тармағына және 8-бабына сәйкес Келiсiмде көзделген жүк тасымалдары тауар-көлiк жүк құжаты (CMR) бойынша жүзеге асырылады.
2016 жылғы 12 тамыздағы «ҚР ДСҰ қосылуына байланысты ЕАЭО кедендік аумағына тауарлар жүгінуін және әкелуі мәселелері туралы» Еуразиялық Үкіметаралық Кеңес шешімімен тауарға ілеспе құжаттардың орнына қағаздағы электронды шот-фактура көшірмесі тауардың пайда болуы туралы куәліктің СТ-1 нысана түпнұсқасы немесе СТ-KZ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі болып танылады.
ҚР «Экспорттық бақылау туралы» заңы 9-бабының 2-тармағымен регламенттелген импорт/экспортты экспорттық бақылауға жататын өнімдерді әкелу және әкету лицензиялар негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар экспорттық бақылау облысында уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып табылады.
Қосымша ақпаратты ҚР ҚМ МКК-нің www.kgd.gov.kz- ДСҰ сайтында орналастырылғанын және толық мәліметті салық төлеушінің тұрғылықты мекен жайы тіркеу есебі бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан алуға болатынын хабарлайды.
С. ЖАПАШОВ,
Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылау басқармасының басшысы.