МИРБОЛАТ АЮПОВ – «ҚАЗТЕЛЕРАДИО» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Қоғам
439 Views

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы бұйрығымен «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы болып Аюпов Мирболат Хайратұлы тағайындалды.

Аюпов Мирболат Хайратұлы 1963 жылы 26 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-физикалық институтының кибернетикафакультетін бітірген.

1986 жылдан Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми және оқытушылық қызметте. 1998 жылдан бастап «Алтел» АҚ және«Қазақтелеком» АҚ компанияларында басшылық қызметте. Әр жылдары «Транстелеком»АҚ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС басқарды. Байланыс және телекоммуникация, сондай-ақ, телевизиялық технологиялар саласында 20 жылдан астам басшылық орындарда еңбекетіп келеді.

ҚР «Құрмет» орденінің, медальдарының кавалері, «Құрметті байланысшы» атағы бар. В. Зворыкин атын-дағы «Телевизия және онымен байланысты технологияларды дамытуға қосқан жеке үлесі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты атағына ие болған Қазақстанның жалғыз өкілі.

«Қазтелерадио» АҚ басты мақсаты – халыққа телерадио хабарларын таратудың түрлі желілерінде мемлекеттік бағдарламаларды тегін қабылдау мүмкіндігін беру. Бұл ретте бірінші кезектегі міндеттер цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу, жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісін, мемлекеттік хабар тарату желілерін дамыту, интернет-хабар таратуды алға жылжыту және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Мирболат Хайратұлы, біз “Әділет. Рухани жаңғыру” газетінің ұжымы қазақ телевизиясын дамыту, өркендету жолындағы қызметіңізге жетістіктер мен қажымас мол күш-қайрат тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *