ПОЛИЦЕЙЛЕР ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗДІ

Қоғам Құқық
682 Views

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініңнұсқауларына сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелердегі, аулалардағы, өзге деқоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, сондай-ақмасаң күйде, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу, криминогендік ахуалды оңалту мақсатында Шымкентте қосбірдей жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Атап айтқанда, 5-11 тамызаралығында Абай ауданының аумағында «Қауіпсіз аула», ал 7-13 тамызда «Тұрмыс»жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, біршама құқықбұзушылықтардың алды алынып, жолы кесілді. Ішімдікке салыну, шылым шегу, наша тарту секілді қоғамға жат тірлік саны қысқарды. Отбасылық дау-жанжалдар сап тыйылды. Қала тұрғындары мен қонақтары, әсіресе балалар көшеде емін-еркін жүріп сауық-сайран салды. Көпшілік мұндай ізгілікті де игілікті іс-шаралардың алдағы кезде де жиі өткізіліп тұруын қалайтынын білдіруде.

«Әділет-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *