БИЫЛ 94 КӨШЕГЕ ТАС ТӨСЕУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Қоғам
331 Views

2022 жылдың нәтижесінде қаланың 175 шақырымдық 185 көшесіне тас төселген болатын. Биыл бұл жұмыстар 94 көшеде жүзеге асырылады.

Бүгінде тас төсеу жұмыстары басталғалы 21 шақырымдық 24 көшеде жүргізілді.

Атап айтқанда, Яссы, Шауғар, Бірлік, Отырар секторларындағы — 5 көшеге, Сауран секторындағы Н.Бекежанов, М.Өтемісұлы көшелеріне, Бекзат секторындағы А.Үсенов, А. Дибаев көшелеріне тас төселді.

4,7 шақырымдық 5 көшеде тас төсеу үшін жолды реттеу жұмыстары пысықталып, дайындалуда.

Сондай-ақ, Түркістан қаласында 7 нысанда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Тұран-2, Отырар-2, Яссы-Ыждыхат шағынаудандары, Бекзат, Бірлік секторларында, сондай-ақ, Ортақ мөлтек аудандарында кәріз жүйелері тартылуда.

Одан бөлек, 5 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 4 нысанға жобалау сметалық құжаттар дайындалуда.

Аталған жұмыстар аяқталғанда қаланың кәрізбен қамтылған 32% (2022 жылдың көрсеткіші) 40%-ға жеткізу жоспарланды.

Нәтижесінде 34 177 абонентке кәріз жүйесі қолжетімді болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *