ТҮРКІСТАН МЕН ШЫМКЕНТ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қоғам
694 Views

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының туризм басқармаларының басшылары Өңірліккоммуникациялар қызметінің алаңында өзара меморандумға қол қойып, екі жақтыкелісімге келді. Ондағы мақсаты – Түркістан облысы мен Шымкент қаласын біртұтастуристік бағыт ретінде одан әрі дамыту.

Қол қою рәсімінде облыстық туризм басқармасының басшысы Гульмира Ахбердиева екі аймақтың ерекшеліктері мен туристік әлеуетін пайдалана отырып, болашақта түрлі бағыттағы туристерді тартудың ірі орталықтарының біріне айналатынына сенім білдірді.

«Өңірлерде туризмнің тарихи-мәдени, экологиялық, экстремалды, гастрономиялық және басқа да түрлерін дамытуға зор мүмкіндік бар. Қарапайым мысалы, Қ.А.Ясауи кесенесіне мінәжат ету туры Шымкент қаласының аумағында орналасқан атақты сопының ата-анасы – Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелеріне барудан басталады. Яғни Түркістан мен Шымкентті қай жағынан алып қарасаңыз да бөліп қарауға келмейтін ортақ дүниелерге бай. Осы ретте бүгінгі меморандум алдағы уақытта өзінің жемісін беріп, сәтті жобаларды жүзеге асыруға сеп болады деген сенім бар», – деді Г. Ахбердиева.

Өз кезегінде Шымкент қаласы әкімдігі туризм басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Олжас Шинтаев меморандум аясында тиісті келісімге келіп, алдағы уақытта іске асырылатын ортақ жобалардың кестесі жасалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл құжат бірыңғай туристік өнімді қалыптастыруға және ілгерілетуге, одан бөлек инфрақұрылымды жетілдіруге мол мүмкіндік береді деді.

«БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» БІРЫҢҒАЙ СЕРВИСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысында Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бизнес субъектілері үшін «бір терезе» қағидаты бойынша барлық мемлекеттік қолдау шараларын және мемлекеттік қызмет түрлерін орталықтандырылған түрде көрсету мақсатында «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі іске қосылды.

Өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына оң серпін беретін бұл сервисті пайдалану арқылы әрбір кәсіпкер өз бизнесін дамыту, құзыреттер мен қаржыландыруды арттыру мәселелері бойынша кең ауқымды қызметтер мен консультациялар алады. Кәсіпке байланысты түрлі қиындықтар туындаған жағдайда кәсіп иелері қайда жүгіну керегін анық білетін болады.

«Бизнеске арналған Үкімет» сервисі қаржыландыру, өткізу, мемлекеттік қызметтер, құқықтық сүйемелдеу және құзыреттер сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді.

«Қаржыландыру» аймағында кәсіпкерлерге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржылық ұйымының қызметтері мен кеңестерін алып, екінші деңгейлі банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қызметтерін пайдалануға жағдай жасау жоспарланған.

Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы ахуал қалыптасқаны белгілі. Қазіргі уақытта облыс аумағында 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Бұл республика бойынша Алматы қаласынан кейінгі екінші орын болып саналады.

Соңғы статистикалық деректер бойынша Түркістан облысының ШОБ негізгі көрсеткіштері 2,4%-ға артқан. ШОБ арқылы халықты жұмыспен қамту бойынша облысымыз республикада 2 орын, ал ШОБ субъектілері өндірген өнім көлемі бойынша алғашқы орынға жайғасты.

Түркістан облысының әкімдігі жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өңірде белсенді іске асырылып,бағдарлама шеңберінде 65,6 миллиард теңге сомасына 445 потенциалды жобалар пулы қалыптастырылды. Бұл көрсеткіш республика бойынша көш басында. Аталмыш жобалардың 215-і қаржы институттары арқылы қаржыландырылды.

Жоғарыда аталған қолдау шараларынан басқа, 2020 жылдың соңына дейін «БЖК 2025» және Еңбек бағдарламалары, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» және «Ырыс» микроқаржы ұйымы» өңірлік қаржы институттары арқылы, АӨК дамыту бағдарламалары мен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ШОБ-ты қолдауға 84 миллиард теңгеге жуық қаражат бағытталуда.

Аталмыш шаралар нәтижесінде 50 мыңға жуық кәсіп иелері қаржылық қолдауға ие болады деп күтілуде.

Сонымен бірге кәсіпкерлікпен айналысу кезінде әкімшілік кедергілерді барынша қысқарту немесе түбегейлі жою мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер секторына ерекше назар аударылатын болады.

Бірыңғай сервис пайдалану арқылы кәсіпкерлер жер қатынастары, қаланың сәулет және қала құрылысы, МСҚБ ұсынған мемлекеттік қызметтерді ала алады.

Сондай-ақ, кәсіп иелеріне рұқсат беру құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қызмет көрсетіп, кеңес беретін болады. Кәсіпкер КҚКО-ға құжаттарды ресімдеуге өтінім берген кезде жеке кәсіпкерлікті, заңды тұлғаны тіркеуден бастап кәсіпорынды іске қосуға дейінгі рұқсат беру құжаттары бойынша қызметтер кешенін алады. Бұл жұмыстар әкімшілік кедергілерді айтарлықтай төмендетеді және кәсіпкерлердің уақытын үнемдеуге оң ықпалын тигізетін болады.

«ТҮРКІЛЕР ТӨРІ – ТҮРКІСТАН» ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Қазақстан Журналистеродағы және Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалдарының бірлесе ұйымдастыруымен«Түркілер төрі – Түркістан» атты онлайн конференциясы болып өтті.

Аталмыш шараға еліміздің түрлі аймақтарынан және Түркі елдерінен 300-ден аса адам қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Түркістан өңіріндегі тарихи маңызы бар қасиетті жерлерді насихаттаудағы әдеби шығармалардың рөлі, мүмкіндіктері мен әлеуетін жан-жақты талқылау, қастерлі құндылықтарымызды көпшілік аудиторияға әдеби, тарихи және публицистикалық тұрғыда жеткізудің тың жолдарын қарастыру мақсатында өткен шара барысында жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарық көрген «Түркілер төрі – Түркістан» кітабының таныстырылымы өтті.

Жазушының 75 жылдық мерейтойы аясында өткен шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов: «Бүгінгі мерейлі күні Мархабат ағамыздың «Түркілер төрі – Түркістан» атты туындысы қалың көрермен қауымға жол тартып отыр. Бұл кітап Түркістан өңірінің өткен тарихы мен бүгінін байланыстырған құнды еңбек деп айтуға болады», – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын тапсырды.

Сонымен қатар, конференцияға елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, сенат, мәжіліс депутаттары, аудан, қала әкімдерімен қатар Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің жазушылары, әдебиеттанушылары қатысып, Түркістанның тарихына, оның мән-маңызына қатысты құнды пікірлер айтып, Мархабат Байғұтты мерейтойымен құттықтады.

Сондай-ақ, онлайн режимінде өткен халықаралық конференцияда Түркістан облысының киелі жерлерін насихаттау, маңыздылығын арттыру бағытындағы жоспарлар талқыланды.

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті тағайындалды. Бұл лауазымға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаев ие болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қазметінде өткен брифингте Облыстық жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Дәурен Тәңірбергенов мәлімдеді.

Оның сөзінше, өңірімізде жаңадан ғана құрылған аталған мекеме бұқаралық спортты дамытып, жастар мен жасөспірім-дерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырады, сондай-ақ олимпиадалық емес спорт түрлерінің халықаралық имиджін көтеруге зор үлес қосады.

«Түркістан облысында Ассоциация 2020 жылдың 28 қаңтарынан ашылып жұмыс жүргізіп келеді. Негізгі мақсаты облыстағы спорт федерацияларына Ассоциацияны қолдау көрсетіп, жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу. Бүгінде осынау мекеменің тізгінін қолға алып отырған Әбілсейіт Ораз-ақынұлын шын жүректен құттықтап, сәттілік тілегім келеді», – деді Д.Рахымұлы.

Сондай-ақ, жиынға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жаңа басшыны қызметімен құттықтап, алдағы жұмыстарына әкімдік тарапынан да қолдау болатынын жеткізді.

«Жаңа облыста спорттың ерекше түріне жататын жауынгерлік өнердің дамуына бет бұрып жатқанына қуаныштымын. Өздеріңіз білесіздер аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің спорт саласына деген көзқарасы ерекше. Әрдайым спортшыларға қолдау білдіреді. Қазіргі таңда Түркістан қаласында ондаған спорттық нысан салынуда. Жаңадан ашылатын спорт кешендерін пайдалана отырып, өз салаларыңызды дамыта түсуге шақырамын», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаев сенім артқан әріптестеріне алғысын білдірді.

«Қазіргі таңда жауынгерлік жекпе-жектерді лицензиясы жоқ азаматтар да ұйымдастыра беретін болған. Жекелеген азаматтар өткізген мұндай спорттық шараларда тиісті талаптар сақтала бермейді. Осындай олқылықтарды болдырмау біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан спорт федерацияларына қолдау көрсетіп, жауынгерлік өнердің дамуына аянбай қызмет ететін боламыз», – деді Ә.Оразақынұлы.

Жалпы «Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы 2018 жылдың 26 қарашасында құрылды. Ұйым құрамына олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша аккредитациядан өткен 25 федерация енді, Түркістан облысы, бойынша аккредиттелген 34 спорт түрі бар, соның ішінде 8 спорт түрі жауынгерлік өнер қауымдастығының құрамына кіреді. Олардың қатарында «Түркістан облысының ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясы», «Ушу Кунг-фу федерациясы», «Муайтай феде-рациясы», «KARATE федерациясы», «Таеквандо ITF федера-циясы», «Кикбоксинг федерациясы», «Панкратион және греп-линг (AIGA нұсқасы) федерациясы», «Самбо күресі федерациясы» бар. Ассоциация төрт бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, карате, жекпе-жек түрлері, толықконтактілі спорт түрлері, ММА аралас жекпе-жек түрі.

ЕҢ ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Түркістан облысының Үкіметтік емес ұйымдары арасында жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін ең үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі биылғы жылы онлайн режимінде өтетін болады.

 Бұл жайлы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің президенті Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы мен «БЕРЕКЕ» қоғамдық бірлестігінің координаторы Андабаева Гүлсім Ахынбекқызы мәлімдеді.

 Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі «Түркістан облысы аудандық ҮЕҰ-ның дамуына қолдау көрсету» жобасы шеңберінде жүзеге асуда. Аталған жоба Түр-кістан облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен «Береке» қоғамдық бірлестігі мен «Түркістан облысы Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткелі отыр.

 Шәріпбек Жамалбекұлы онлайн байқаудың ережесімен таныстырып, көрсеткен қолдауы үшін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына алғысын білдірді.

Атап өтейік, байқаудың басты мақсаты – үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық бастамаларына қолдау көрсету, сондай-ақ облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін орындауда тұрғындардың қатысуын арттыру арқылы азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпал ету.

Байқау міндеттері:

– ашықтық, есептілік және өзара жауапкершілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік серіктестік негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдар мен бизнестің өзараіс-қимылын нығайту;

– әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдық әлеуетін арттыру.

Ал байқауға қатысу үшін төмендегідей талаптар қойылады.

1. Байқауға үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына ақпарат берген Түркістан облысының ҮЕҰ-ры қатыса алады.

2. Жоба мақсатты топтардың белсенді қатысуымен қауымдастықтарды дамытуға және азаматтық қоғам ұйымдары, жергілікті билік органдары, бизнес және БАҚ арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталуы керек.

3. Ұсынылған жоба ұйымның жарғылық мақсаттарына сәйкес келуі керек.

4. Байқауға ұсынылған жобаларға серіктестердің көрсететін қолдауы серіктестік туралы меморандум, қолдау хат, немесе басқа да тиісті құжаттармен расталуы тиіс.

5. Өтінімді тапсыру кезінде төменде келтірілген барлық қажетті қосымшалар ұсынылуы керек.

Ең үздік әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі байқауына жұмыстар мен құжаттар 25 қыркүйекке дейінгі аралықта қабылданады.

МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА 110 ПЛАНШЕТ ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданына «Білім-Инновация» лицейлерінің ата-аналары мен түлектері«Біз біргеміз!» акциясы аясында 4 миллион 491 мың теңге көлемінде қаржы жинап,110 планшетті оқушыларға сыйға тартты.

Еліміздегі эпидемиялық ахуалға байланысты бүгінгі таңда мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту маңызды. Дегенмен, ол үшін компьютерлер мен ноутбуктар, смарт-фондар мен планшеттердің қажеттілігі байқалуда. «Білім-Инновация» лицейлерінің негізгі қызметі білім саласы болғандықтан, еліміздегі жағдай ескеріліп су тасқынынан зардап шеккен және аз қамтылған отбасылардың балаларына планшеттерді табыстады.

«Елімізде қандай қиын жағдай болмасын, ұрпағымызға сапалы білім беруді жалғастыру керекпіз. Бұл – мемлекетіміздің болашағы үшін өте өзекті. Міне, су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдық оқушылардың білім алуына жағдай жасап, үлкен көмек беріп жатқан «Білім-Инновация» қоры мен лицейлеріне аудан жұртшылығы атынан өз алғысымды білдіремін!», – деді аудан әкімі Бақыт Асанов.

Айта кетейік, аталған қайырымдылық шарасы «Білім-Инновация» қоры мен лицейлерінің алғашқысы емес. Бұған дейін қор 100 оттегі концентратын еліміздің барлық аймағындағы облыстық ауруханаларға жеткізген.

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласында осы уақытқа дейін қатты отынмен жұмыс істеп келген 40 Гкал қуаттылықтағы қазандықты табиғи газға ауыстыру жұмыстары аяқталуға таяу. Қазірмонтаждау жұмыстары жүргізілуде. 1-ші қазанға дейін қазандық пайдалымғаберіледі.

Облыстық энергетитика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірде «2020-2021» жылдардың жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жылыту маусымына дейін Түркістан қаласында Отырар мөлтек ауданындағы №2-ші қазандықты кеңейту және әкімшілік іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлерге жылу беретін 5 жеке қазандығын орнатып, жылу жүйелерін жүргізу жұмыстарын аяқтау көзделуде. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар арасында шаһарда тұрғын үйлер мен өзге де нысандарды табиғи газға көшірудің тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Ал, облыс бойынша қазір аудан, қала халқына жылу жеткізетін 35 қазандықтың 23-і аязды қысқа сақадай-сай тұр. Қалғандарында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Өңірде 1522 көпқабатты үй болса, оның 586-да орталықтандырылған жылумен қамту жүйесі орнатылған. Тұрғын үйлердің 80 пайызға жуығы қысқа дайын. 2623 бюджеттік мекеменің 2214-і жылыту маусымына толық әзірленген. Бірінші кезекте облыс көлеміндегі әлеуметтік нысандардың дайындығын қамтамасыз ету, қатты және сұйық отынның бағасын өсірмей өз мерзімінде тасымалдануын қадағалау көзделіп отыр.

Бетті дайындаған Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *