БІЛІКТІ МАМАН – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНННЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Білім Қоғам
209 Views

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай біз экономикамыздағы қордаланған мәселелерді жақсыбілеміз. Еліміз таяу жылдары әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру, озық елдер қатарынан көріну үшін алдымен біліміміз озық болуы шарт.

Сондықтан, біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім – ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Қоғамның маңызды салаларына реформалар енгізіліп, бәсекеге қабілеттілікті арттырып, өмір сүру салтын да заман ағымына қарай өзгертуге тура келеді. Көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан әлем елдерімен теңесуде білікті мамандар мен көзі қарақты, көкірегі ояу жастарды тәрбиелеудің маңыздылығы арта түспек. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру, бәсекелестікті дамыту, яғни, бәріне бірдей мүмкіндік беру, сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.

Шымкент университетінің оқытушылары мен студенттерінің тәжірибесімен алмасу мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келесі жетекші жоғары оқу орындарымен шарт жасалды. Өзбекстан Республикасы, Беларусь Республика Могилев қаласының Беларусь Мемлекеттік тамақ және химиялық технологиялар университетімен» және Қырғыз Республикасының, Ош қаласының ОШ мемлекеттік университетімен және т.б. университеттерімен келісім-шарттар құрылып, пікір алмасу нәтижелері бойынша тараптар арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Осындай маңызды кезеңде бізде қуатты экономикалық серпіліс үшін барлық мүмкіндіктер бар. Ол үшін біз абстрактілі жетістіктерге емес, азаматтардың өмірін нақты жақсартуға негізделген жаңа экономикалық модельге кезең-кезеңімен батыл көшуіміз керек.

Бүгінгі таңда университетімізде IT, экономика және құқық факультетінің «Экономика және құқық» кафедрасында көп іс-шаралар іске асырылуда, осыған байланысты тікелей әсер еткен бірнеше іс-шаралар өткізілді. Студенттердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуға, белсенді азаматтық позиция қалыптастыру, студенттік өзін-өзі басқаруға қатыстыру арқылы ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, ұлтаралық және әлеуметтік өзара байланыс тәжірибесін қалыптастыру, салауатты өмір салты туралы ғылыми түсініктер, рухани дамыту дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру қажет.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты іс-шара студенттер мен және професессорлық-оқытушылар құрамымен өткізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсат – Әділетті Қазақстанды құру, саяси-экономикалық реформа жасау, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керектігі, әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажеттілігі, әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болу керектігін білдірдік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы – өте көп қырларды қамтыған нақты тапсырмалар мен жаңа міндеттемелерді жүктеді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу «Адалдық ардың ісі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Джазира Салханқызы студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, адалдық, парасаттылық құндылықтары туралы мәселелер қозғалды, сондай-ақ студенттермен сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы жұмыс жүргізілді.

«IT, экономика және құқық» факультетінің «Экономика және құқық» және «Ақпараттық коммуникациялар технологиялар» кафедрасымен бірлесіп, «Студенттерді ғылыми жұмыстарға айналысуға, мақала жазуға, шығаруға үйрету, ғылыми жобаларға қатысу жайлы кеңес беру» атты тақырыбында ғылыми семинарлар өткізілді. «Экономика және құқық» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Өскемен қаласындағы» Inscience Asia ғылыми-білім беру орталығында V Республикалық Халықаралық олимпиадаға және ХХІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA» 2,3,4 курс студенттері конференцияға қатысып, дипломдармен, сертификатпен марапатталды.

Кафедрамыздағы ғылыми-әдістемелік семинарлар, оқу-әдістемелік әдебиеттер шығарылған: жаңа талаптарға сай орындалды. Кафедрамызда ашық сабақтар өткізу кезінде профессорлық-оқытушылар құрамы негізінен дәрістің ақпараттық, проблемалық түрлерін, ал семинар сабақтарында пікірталас, семинар-зерттеу, семинар-дөңгелек үстел, тақырып бойынша жоба әзірлеу, презентация сияқты түрлерін пайдаланды.

2023-2024 оқу жылында біліктілікті арттыру курстарына жоспарланған 7 профессор-оқытушылар құрамының (100%) орындады. Білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытудағы жаңа тенденциялар тақырыбындағы 72 сағаттық курстарды «ASTANA JOBALARY» Халықаралық және республикалық жобаларды ұйымдастыру, ОШ мемлекеттік университетінде және т.б. жоғарғы оқу орындарында біліктілігін арттыруда.

Бүгінгі таңда «Экономика және құқық» кафедрасы өзінің жеткілікті жоғары интеллектуалды әлеуеті арқасында заманауи материалдық-техникалық базасы негізінде білім беру бағдарламасының көлемін біршама кеңейтіп, бакалавриат бойынша мамандық саны 8-ғе жетті. Кафедраның ПОҚ Түркістан облысының, Бәйдібек, Ордабасы, Сарыағаш аудандарында профориентациялық іс-шара жұмысын өткізді. Университетіміздің 34 бакалавриат, 6 магистратура бағдарламалары бойынша білім беретінін атап көрсетіп, университеттің мүмкіндіктерін, жаңашылдық негізінде жұмыс жасап жатқанын айқын сипаттап, сапалы кәсіптік білім беру жүйесі бар екенін айқындады.

Шымкент қаласындағы Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының бас мамандарымен «Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбында жұмыс берушілермен кездесу өтті. Іс-шараның өткізу мақсаты – жалпыға бірдей декларациялаудың әлеуметтік саясатты жетілдіруі, көлеңкелі экономиканы қысқартуды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету, декларациялауға жататын мәселелер, жеке тұлғаның сұрақтары мен студенттерін білім беру бағдарламасы бойынша өндірістік және диплом алды іс-тәжірибесінен өту, жұмысқа орналастыру туралы мәселелер қарастырылды. Біздің бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру шараларын жүзеге асыру мақсатында келесі мекемелерімен келісім-шарттар құрылды: «Шымкентмай» АҚ, «Azala Cotton» ЖШС, «Tehno-Control» ЖШС,«Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Спец Проект Строй» ЖШС, «Aziya Bizness» ЖШС, «Аркана» ЖШС, «SakaGrand» ЖШС, «KZ-Спецстрой» ЖШС, Мемлекеттік кірістер комитетті, Шымкент қаласы, «АльТайрGroup» ЖШС, «Сарыағаш-Жарық» ЖШС, «Сами» ЖШС, «Нуртас-Ж» ЖШС, «Шымкентмай» АҚ, «АльТайрGroup» ЖШС, «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Aziya Bizness» ЖШС, «Сами» ЖШС, «Сарыағаш-Жарық» ЖШС, «Нуртас-Ж» ЖШС, «Визит АСЗ» ЖШС, «Аркана» ЖШС, «ФортеБанк» АҚ.

Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыру және білікті мамандарға тапсырыстарды қанағаттандыру мақсатында жыл сайын «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізіледі, оған ауданның білім бөліміне қарасты мектептер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысады. «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», жұмыспен қамту жол картасы, мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылады.

Біздің университеттегі білім беру бағдарламасы бойынша экономистердің алған білімдері экономиканың дамуына үлкен үлес қосуға және ел халқының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

Е. А. БАКИРОВ,

э.ғ.к., аға оқытушы,

А. А. ДЕМЕСІНОВА,

э.ғ.к., аға оқытушы,

З. А. АБДУРАХМАНОВА,

э.ғ.м., аға оқытушы,

С. Б. АШИРБАЕВА,

э.ғ.м., аға оқытушы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *