АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕРБЕСТІК – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕТІГІ

Білім Қоғам
119 Views

Қазіргі таңда жастарға білім беру тәуелсіз еліміздіңкелешек экономикасы мен әлеуметтік дамуы және оны тұрақты қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.

Еліміздегі білім беру жүйесінің негізгі мақсатының бірі – отандық білімді бәсекеге қабілетті деңгейде дамыту, кәсіптік және техникалық, білім беретін жеке ұйымдардың толыққанды жүйелі секторын құру. Ал, Қазақстанның халықаралық білім беру жүйесін интеграциялау – қазіргі заман талабы.

 Республика бойынша білім сапасынодан әрі арттыру әр деңгейдегі педагогикалық кеңестерде жыл сайын кеңіненталқылануда. Себебі, қазіргі таңда, сапалы білім қоғам мен мемлекеттіңтұрақтылығын арттырудағы сенімді кепілі болып табылады. Соңғы бағыт аясында, білім саласының 5 мыңнан астам сарапшылары және жарты миллион педагог қауымдастығының өкілдері ұдайы қадағалап, жұмыс жүргізуде.

Колледждерге академиялық дербестік берілді. Аталған шара білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге мүмкіндік беріп, оқыту мерзімдерінқысқартып, білім сапасын арттырады, еңбек нарығына жылдам шығаруды қамтамасызетеді.

 Колледждер академиялық дербестігіналғанға дейінгі, олардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау тәртібі, әрбір мамандықтар бойынша берілген типтік жоспарларына байланысты болған. Ал 2022-2023 оқу жылынан бастап академиялық дербестікті пайдалана отырып, әр колледждергеоқу мерзімін анықтау құқығы берілді және білім беру бағдарламаларын жұмысберушілермен бірлесе отырып әзірлеу кезінде, мұндағы білім беру үдерісін ұйымдастырудағы, оның мазмұны мен мерзіміне өз ойын қоса алатын мүмкіндіктералды.

 Оның үстіне, егер бұрын оқу мерзімі екі жылдан төрт жылға дейін өзгеріп, нақты бекітілген болса, ал, ендігі жерде колледждерге академиялық дербестік берілгеннен кейін, мұндағы мамандықтардың ерекшеліктері мен оқу нәтижелерінің күрделенуіне байланысты, бұрынғы түрлі біліктіліктер бойынша оқыту мерзімдерінің қатаң регламенті алынып тасталып, білім беру мерзімін өз шешімі бойынша анықтауға болады.

 Осы орайда, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің колледж ұжымының алдында студенттерге «Білім берудің сапасын қалай арттыруға болады?» деген сауал әр оқу жылы мазалаумен келеді. Осы орайда, колледж ұжымы бағытталған орталық қағидасын қамтамасыз ете отырып, студенттерге, қажетті дағдыларды игеруге және қысқа мерзімде оқуын аяқтауына және жұмысқа тұруына, сондай-ақ қажет болған жағдайда жастардың қайта оралып, басқа да қосымша біліктіліктерді меңгеруіне мүмкіндік ашқан болатынбыз.

Өйткені, колледжді бітіруші түлектердің біршама мамандықтары бойынша, білім деңгейлері, қазіргі жұмыс берушінің заманауи технологиялық талаптарына сәйкес келмей жататыны жасырын емес. Әсіресе техникалық мамандықтар өндірістің инновациялық технологияларына ілесе алмай қалуда. Ендігі жерде, оқуын аяқтаған түлектерді, жұмысқа қабылдау кезінде, жұмыс берушілер колледждермен бірлесе отырып жұмысқа қабылдайды әрі оқу орындарындағы олардың сұраныстарына сәйкес келетін білім беру бағдарламалары мен тәжірибелік сабақтарын әзірлеуге қатысуына толық мүмкіндік берілген. Мұндай академиялық еркіндік колледждерге білім беру үдерісін түбегейлі өзгерте отырып, студенттердің алған теориялық білімдерін, тәжірибе жүзінде қолдануына жол ашады.

Осы бағытта М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің колледж ұжымы жаңа 2023-2024 оқу жылын біршама оң жетістіктермен қарсы алуда. Талап техникалық және кәсіптік білімге kasipkor.kz сайтына 2022-2023 оқу жылында 15 мамандық бойынша талапқа сай жұмыс оқу жоспарлары орналастырылды. Барлық оқу жоспарлары өндірістік орындардағы жұмыс берушілердің, World Skills және кәсіптік стандарттар талаптарымен сәйкес жасалды. Жоспарлар оқу-әдістемелік кеңесі мен өндірістік кеңес мүшелерімен бірлескен отырысында мақұлданып, қажетті мамандықтар бойынша паспорттар да жасалынып, республикалық оқу орталықтарына жіберілді, онда оң баға алып, реестрге енгізілді.

Білім беру бағдарламалары 07150100 – «Машина жасау технологиясы», 07130200 – «Электрмен қамтамасыз ету», 10130300 – «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандықтарының оқу мерзімі 1 жылға қысқартылды. Ал 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», 08410100 – «Ветеринария» және 07320100 – «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандықтарының оқу мерзімдері негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 айға сақталып отыр.

2022-2023 оқу жылынан бастап білім берудің оқытудың кредиттік жүйеге көшкен болатын. Мұнда 1 кредит 24 академиялық сағатқа, ал, 1 академиялық сағат 45 минутқа теңестірілді. Соңғы жылдары білім берудің кредиттік-модульдік технологиясы нысаны мен мерзіміне қарамастан, оқытудың барлық кезең ішінде біліктілікті беру үшін кредиттерді бағалау, оны растау жүйесіне өтіп, білім беру сапасын арттыру бағытында оң өзгерістер іске асырылуда.

 Қазіргі таңда колледжімізде мамандар дайындауда 130 оқытушы жұмыс атқаруда, оның ішінде негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын өндірістік оқыту шеберлерінің саны – 3, ал олардың ішінде 2 ғылым докторы, 1 ғылым кандидаты, 33 магистр, 1 педагог-шебер, 2 педагог зерттеуші, 5 педагог сарапшы, 20 педагог-модератор бар. Яғни, колледж оқытушыларының санаты 39%-ды құрап отыр. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде дуальдық оқытуға басымдық берілгендіктен, студенттердің іс-тәжірибелік жүйесі бойынша барлығы 54 өндірістік мекемелермен келісім-шарт жасалып, өндіріс орындарынан студенттерге жетекшілік жүргізуге тәжірибелі мамандар тартылып отыр, олардың саны қазіргі таңда – 19. Алайда, заман талабына сай кейбір мамандықтарға деген сұраныс төмендесе, ал кейбіреуіне керісінше, сұраныс арта түсуде. Осы жағдайды ескере отырып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің колледжі сұранысқа ие мамандықтар бойынша қосымша лицензия алуға жұмыс жүргізуде. Ол мамандықтар:

1. Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері. BIM – техник

2. Құрылыстағы сметалық жұмыс — «Техник-сметашы» мамандықтары

Колледжде жас маман-кадрларды даярлау кезінде ұдайы олардың сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі екі жақты өзара тиімді іс-шаралар өткізуді қолға алуда. Мұнда дуальды оқытудағы студент кадрларды мақсатты даярлауға қатысатын барлық кәсіпорындар, «Жұмыс беруші күні», «Жас маман» тағы басқа тақырыпта жан-жақты кездесулер өткізу қарастырылып отырады. Осы тұста, жергілікті атқарушы органдары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер қауымдастығы, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді түрде қатысып, дуальды оқыту жүйесіндегі жастарға айтарлықтай серпін берері даусыз.

Г. Е. САДУАКАСОВА,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті

колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *