БІР ЕМХАНАНЫ 4 ЖЫЛ «ЖЫР» ҚЫЛДЫ

Денсаулық Мәселе
634 Views

Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби өмір есігін ашады. Өткен жылы мегаполисте 33 мыңнан астам бала дүниеге келген.

Шымкентке жаңа перинаталды орталық керек.

Бірақ… дайын сметасы бар дайын жерге емхана сала алмай отырғанда, Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасы бұл мәселені жақын арада шеше алады ма?

Қазір Шымкентте 4 перинаталдық орталық бар. Алайда нәрестелердің көбеюіне байланысты бұл орталықтарда орын тапшылығы байқалуда. Сондықтан жаңа босанған аналар үйлеріне ерте шығарылады. Бірақ қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселенің шешімі емес дейді. Себебі мегаполиске тағы бір перинаталды орталық салу қажеттілігі туындап отыр.

ЕСКЕРТУ: Бозарық жақтағы 1000 орындық емхана-аурухананы айтпай-ақ қойыңыздар. Оны осының алдындағы экс-басшы Нұрлан Қасымов: «Жоспарлап жатырмыз» деп «жалаулатқан». Ол «жұмбақ жағдайда» қызметін асығыс тапсырды да, орнына тағайындалған Асхан Байдуалиев: «Міне, саламыз» деп ұрандатты. Одан кейін келген Бақытжан Позилов та осы әңгіменің жалғасын айтумен күні кеше қызметін тапсырды.

Ұят!!! Бір медициналық кешенді үш басшы бетке ұстар «күзір» етіп алып, әлі айтып жүр.

Ал БІЗ СӨЗДЕН ГӨРІ ІСТІ, НӘТИЖЕНІ КӨРГІМІЗ КЕЛЕДІ!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *