ҚАЗАҚ ПОЛИЦИЯСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТА, ҚАМҚОРЛЫҚ ТА ЖАСАЙДЫ

Қоғам Құқық
374 Views

Қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін полицейлердің арқалаған жүгі қашанда ауыр. Тәртіп сақшылары күнделікті қызмет барысында түрлі оқиғалар мен күрделі жағдайларға тап болады. Оларға дамыл жоқ.

Жоғалған зат, адасқан бала, ұрланған мүлік, жәбір көрсеткен жан бойынша азаматтар алдымен 102-ге – полицияға хабарласатыны мәлім. Күн-түн демей ел ішіндегі тыныштық, қоғамдық тәртіптің күзетшісі мен қорғаушысына айналған Қазақ полициясы жастар мен жасөспірімдердің қорғаны десек жарасады.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІҢ САҚШЫСЫ, ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚОРҒАНЫ

Жедел-профилактикалық іс-шара

Дәлел келтірейік: қазір елімізде кәмелетке толмаған балалардың кешкі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеуін бақылау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара – рейд жүріп жатыр. Бұл, әрине, жастардың бақылауда болуы, жайсыз оқиғаларға ұрынбауы үшін маңызды. Шымкент полициясының қызметкерлері, бірақ, бұл мәселеде арнайы тапсырма немесе рейдтік шараларды күтіп отырмайды. Жасөспірімдердің түнгі уақытта себепсіз көшеде жүрмеуін олар әрдайым қадағалап отырады. Мәселен, 2022 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша түнгі сағат 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 1465 жасөспірім анықталған. Оған қоса ойын-сауық мекемесінде болған 69 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылған. Бұл шара ата-аналардың баласын бақылауда ұстауына себепші болатыны анық.

Мұндай жауапкершілік ойын-сауық мекемесіне де тиесілі – олар кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойынханаға кіргізуі тиіс, олардың ойын ойнауына рұқсат бермеуі керек. Сол үшін 42 ойын-сауық мекемесінің иесіне әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кешкі уақытта баласының қайда екенін, не істеп жүргенін бақыламайтын, яғни балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын 23 ата-ана да айыппұл төлеп, ескерту алыпты. Яғни полиция тек ұрлық-қарлық, айқай-шу шыққан жерде ғана емес, жалпы отбасылық тәрбие мәселесінде де маңызды роль атқарады.

Мынаны қараңыз: биылғы жылдың 3 айында полицейлер қоғамдық орында мас халде болған 15 жасөспірімді анықтаған. Құқық бұзушылыққа бейім 148 жасөспірім және балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттеріне немқұрайлы қарайтын 96 отбасы ішкі істер органдарының есебіне қойылыпты. Бұл Шымкент полициясы қызметкерлерінің бала тәрбиесінде де үлкен роль атқаратынын, бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, бала түгілі ересектерді – ата-ананы да тәрбиелеуге атсалысатынының дәлелі.

АДАМ ӨМІРІН ҚҰТҚАРҒАН ЖАУЖҮРЕКТЕР

Суға кеткен азаматты құтқару сәті

Ол ғана емес, полицейлер адам өмірін құтқаруда да алдыңғышепте. Естеріңізде болса, өткен қараша айының соңында Шымкентте жігітімен ұрысып қалған қыз көпірден секірмек болды. Өмірімен қош айтыспақ болған қыздыполицейлер құтқарып қалды.

«Оқиға 27 қарашада сағат 17:00 шамасында орын алды. Осы уақытта аталған аумақта жүрген Шымкент қаласы ПД патрульдік полиция полкінің 10-рота қызмет инспекторлары Марат Исаханов пен Абылайхан Абенов осы қыздың өмірін құтқарып қалды. Олар көпірдің жақтауында тұрған бойжеткенді сөзге тартып, алдаусырату арқылы жақын барып, оны қауіпсіз жерге шығара білді», — дейді Патрульдік полиция полкінің Штаб бастығы, полиция майоры Бақытжан Набиев.

Суицид жасамақшы болған адамды құтқару полицияқызметкерлері үшін сирек те болса кездесіп қалатын, әрі қызметтік жауапкершіліктерінің бір бөлшегіне айналып кеткен жағдай. Тағы бір мысалкелтірейік.

Бақытжан Набиев, Патрульдік полиция полкінің Штаб бастығы, полиция майоры

«Былтыр жыл басында, кешкі уақытта Шымкенттегі Арғынбековпен Қазиев көшелерінің қиылысында кезекшілікте тұрған Шымкент қаласы Полициядепартаменті патрульдік полиция полкінің 7-рота №942-ші автоэкипажыныңқызметкерлері өзіне қол салмақшы болған ер азаматты құтқарып қалды. Оқиға былайболған: полиция қызметкерлеріне бірнеше азаматтар келіп, Дендропаркта өз өзінеқол жұмсамақшы достарын іздеп жүргендерін айтқан. Патрульдік полиция полкініңекі автоэкипажы жедел саябаққа барып, бүкіл аумақты аралайды. Өмірден түңілгеназамат «беседка» жанынан табылған. Тәртіп сақшылары оған жақындаған кездемойнына жіп іліп алған жігіт «беседканың» қоршауына көтеріліп, секіріп кетеді.Бірақ мұндай жағдайға дайын полиция қызметкерлері жедел қимылдайды. Сөйтіп Әлібек Асылбеков, Тұрар Молдахожаев, Мұхит Утеулиев және Ескендір Абдукаримотержігітті көтеріп, жіпті үзеді, — деп еске алады Патрульдік полиция полкінің Штаб бастығы, полиция майоры Бақытжан Набиев.

Ауруханаға жеткізілген азаматтың не үшін өлмек болғаны кейін анықталды, ол қызымен жанжалдасып қалған екен.

СУ МЕН СУИЦИДТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛҒАН

Е. Жанысбаев, полиция лейтенанты

Қазақта «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Адам өмірін құтқару – жақсылықтың төресі емес пе? Сондықтан тағы бір оқиғаны айта кеткен жөн сияқты. Өткен жазда «Бадам» стационарлық полиция бекетіне бекітілген поолиция лейтенанттары Е.Ерубаев пен Е.Жанысбаев (суретте) көпірден секіріп, суға кетіп өлмек болған адамды құтқарды. Бұл тамыз айы болатын. Тәртіп сақшылары сағат 15:45 уақыт шамасында Ташкент-Термез тас жолының бойындағы Бадам өзенінің көпірінде бір азамат көпірден секірмек болғанын байқайды. Тез жанына жетіп, оны кеуде тұсынан қысып ұстап, суға кетуіне жол бермеген полицейлер бір уақытта психологиялық және медициналық көмек көрсеткенін айтпай кету мүмкін емес. Яғни тәртіп сақшылары бір сәттік әлсіздікке жол берген азаматқа үйінде балалары, ата-аналары күтіп отырғанын, басқа да психологиялық қолдау көрсететін сөздер айтады. Осы уақытта Төтенше жағдай қызметкерлері де келіп жетеді. Кейін белгілі болғанындай, суға кетіп өлмек болған адам 1981 жылы туылған Бақытжан есімді азамат екен.

Айта кетейік, аталған жәйт бойынша Қазақстан РеспубликасыІІМ 27.08.2021 жылғы №414 ж/қ бұйрығымен полиция лейтенанты Е. Жанысбаев «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен наградталды.

Өзін өлімге қиғандар ғана емес, кездейсоқ жағдайларға тап болғандар арасында да Шымкент полиция қызметкерлеріне алғыс айтқандар аз емес. Тап осы жерде Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің 811 авто экипажы, полиция аға лейтенанттары С.Батырбаев пен Н.Жаманғараев туралы айтпай кетуге болмас. Бұл азаматтар суға кеткен азаматты құтқарған: жардың жанынан айналып, суға түсіп, арқан арқылы 1987 жылы туылған Бекболат есімді азаматты құтқарған. Төтенше жағдай қызметкерлері мен медицина қызметі жеткенде азаматтың өміріне төнген қауіптің беті қайтқан еді.

Біз мұны неге жазып отырмыз? Қазақ полициясының жұмысы уақыт пен жағдай талғамайтынын және қай кезде да адам өмірі мен тыныштығы үшін олар алдыңғы шепте екенін ескерткіміз келеді. Ол ғана емес, тәртіп сақшылары өздерінің күнделікті қауырт қызметіне қарамастан, уақыт тауып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуді назардан тыс қалдырмаған. Тіпті мұндай қайырымдылық іс-шаралар полиция қызметкерлері тарапынан жиі ұйымдастырылып жатады. Себебі ізгілік көмек көрсету өздерінің азаматтық борышы деп біледі.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТА, ҚАМҚОРЛЫҚ ТА ЖАСАЙДЫ

№4 балалар үйінің тәрбиеленушілері Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің қамқорлығында

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы көпбалалы және жалғызбасты аналардың отбасы мүшелеріне үнемі көмек қолын созудыдәстүрге айналдырған. Бұдан бөлек, Шымкенттегі №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері 2019 жылдан бері Шымкент қаласы Полиция департаментіқызметкерлерінің қамқорлығында. Полицейлер балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, қамқорлық танытуда.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қайырымдылық донорлық іс-шараларға да жиі ат салысып отырады. Нақтырағы, «Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қалалық қан орталығы» МКҚК-на арнайы медициналық тексеруден өтіп, қан тапсырды. Бұл тәртіп сақшыларына өз қызметін тоқтатпай пайдалы және қажетті істі – қан банкін толықтырып, ауру адамдарға көмек көрсету үшін жасалған.

Медицина қызметкерлері еріктілердің барлығына өз алғыстарын білдіріп, Полиция департаменті – қызметінде адам өміріне қатер төнетін жағдайлармен күнделікті бетпе-бет келетіндіктен, донордың маңыздылығын түсініп, медициналық қызметкерлердің көмек көрсету туралы өтініштеріне әрдайым дайын қаладағы белсенді ведомстволардың бірі екендігін айтып кетті.

Акция барысында полиция қызметкерлері тапсырған қан қаланың ондаған тұрғындарын емдеуге және құтқаруға көмектеседі. Осылайша Шымкенттік полицейлер кезекті рет қайырымдылыққа атсалысып, аурумен күресіп жатқан науқастың өмірін сақтап қалуға өз үлестерін қосқан жайттар бар.

Мегаполистің тәртіп сақшылары үшін мұқтаж жандарға көмек қолын созу дәстүрге айналған. Шымкент қаласы Полиция департаментінің полицейлері «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорымен де етене байланыста болып, мұқтаж жандарға ұдайы көмектесіп отырады.

Өз қызметтерін адал атқарып жүрген тәртіп сақшылары қайырылымдылықпен айналысып, қамқоршысынан айырылған жалғыз басты аналарға да көмек беріп тұрады. Айта кететін жайт, осындай қайырымдылық іс-шаралар полиция қызметкерлері тарапынан жиі ұйымдастырылып жатыр. Себебі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, ізгілік көмек көрсету өздерінің азаматтық борышы деп біледі. Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы көп балалы және жалғызбасты аналардың отбасы мүшелеріне үнемі көмек қолын созуды дәстүрге айналдырған.

Кешегі көңілден сызы, жүректен ізі кетпеген қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде де полиция қызметкерлері ел тыныштығы мен тұтастығы үшін кеуде тосып алда жүрді, күн-түн дамыл көрмеді. Міне, осы кезде өз басын қатерге тіге отырып ерлік көрсеткен полиция қызметкерлеріне Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қ.Дәлбековтың атынан «Алғыс хат» табысталды.

Зерек ДҮЙСЕМБЕКОВ

…Қазақстан полициясына биыл 30 жыл. Еске сала кетсек, 1992 жылғы 23 маусымда ҚазақстанРеспубликасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарытуралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетінанықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. Ал 2007 жылдың 5 маусымы күні ҚР Президент Жарлығымен 23 маусымды — Полиция күні деп бекітті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *