Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Сарқырама» суқоймасы салынады. Жаңа жобаның құрылысы Ақбастау ауылдық округі аумағынанөтетін Бөген өзені бойынан жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі ӨмірзақШөкеев Бәйдібек ауданына барған жұмыс сапарында «Сарқырама» су қоймасысалынатын орынға барып, маңызды мәселені сала мамандарымен бірге талқылады. Облыс басшысы су қоймасының сыйымдылығын 50 млн текше ұлғайтуды ұсынды.
Түркістан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы бірқатар нысанды аралап, қарияларымен кездесті. Сапар барысында Мыңбұлақ ауыл округіне қарасты Қосбұлақ ауылында жаңадан бой көтерген 150 орындық мектепте болды. Заман талабына сай салынған нысан, биылғы жылдың тамыз айында ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Жаңа мектептің құрылысы екі жыл бұрын басталған. 150 орындық мектепте балалардың жан-жақты оқып-жетілуі үшін барлық жағдай жасалынатын болады.
Аймақ басшысы мал шаруашылығын дамыту бойынша енгізілген жаңа технология арқылы «Ақылды жайылым» жұмысымен танысты. Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылындағы «Молшылық» шаруа қожалығы он жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады. Жайылымдық жерді тиімді пайдаланудың жолы — ақылды жайылым. «Ақылды жайылым» жобасы аясында күннен энергия алатын құрылғымен энергетикалық қоршау жасалынған. Төрт түлік сол қоршаудың ішінде ғана жайылады. Бұл шағын жерді бірнеше бөлікке бөліп, малдың кезек — кезек орнын ауыстырып, жайылымдық жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Мыңбұлақ елді мекеніндегі табиғи газ жүйесінің қазіргі жағдайын және газ құбырларын жүргізу жоспарларымен танысты. Бүгінгі таңда аудан аумағында орналасқан 10 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Сондай-ақ, биыл құрылысы жүргізіліп жатқан 7 елді мекен табиғи газбен қамтылады деп жоспарланып отыр.
Мыңбұлақ елді мекеніне 2019 жылдан бері газ құбырының құрылысы жүргізілуде.
ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ – ТИІМДІ ТӘСІЛ
Келестік шаруалар тамшылатып суару әдісінің тиімділігін көруде. Атап айтқанда Қошқарата ауылдық округінің Жаңа қоныс ауылында орналасқан «Бижігіт-ата» шаруа қожалығының иесі Нұрбол Жанұзақов 10 гектар аумаққа тамшылатып суару әдісін қолдануда. 5,5 гектар жерге жылыжай, 4,5 га жерге ашық алқапта өнім өсіріп, ағын суды тиімді, ысырапсыз пайдаланудың жарқын үлгісін көрсетуде.
Жылыжай кешенінің қуаттылығы жылына 120 тонна өнім беруге қауқарлы. Өнімнің қияр, болгар және баклажан түрлерін өндіретін кешеннің жалпы құны 85 млн теңгені құрайды. 2018 жылы жылыжай құрылысын бастап, 2019 жылы алғашқы өнімін егіпті. Шаруа өңірдің климаттық жайының ұтымдылығын пайдаланып ашық алқапқа да егінін егуде. Алқаптың 3,5 гектарына сарымсақ өсірсе, баклажан өнімін 1 гектар аумаққа отырғызған. Шаруа жалпы 15 адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр.
АУЫЛДЫҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРАДЫ
Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ-баба елдімекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты28 шақырымнан астам ауыз су құбыры толығымен жаңартылатын болды. Бүгінге дейінтіршілік көзін кестемен тұтынып келген 621 отбасыға енді тәулігіне 24 сағат суберілетін болады.
Бұл мәселе аудан әкімі Нұрлан Байғұттың Шақпақ ауылдық округі тұрғындарының алдында өткен жылы атқарылған жұмыстары туралы берген есебі кезінде көтерілген болатын. Нәтижесінде аудан басшысы аталған елдімекеннің ауыз су мәселесін жеделдетіп шешуді тиісті сала мамандарына тапсырған.
Аудан басшысы құрылыс нысанының басына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жауапты басшыларға және мердігер мекемеге жоспарды сапалы түрде орындалу керектігін ескертті. Құрылыс басына жиналған ауыл ақсақалдары халықтың айтқан өтінішіне құлақ асып, ел мүддесі үшін қызмет етіп жүрген азаматтарға алғыстарын білдірді. Айта кетейік, бұл нысанның құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде.