АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ

Экономика Қоғам
740 Views

Өңір экономикасында биылғы жылы басымдық берілетін бағыттар – инвестиция көлемін ұлғайту, шағынжәне орта кәсіпкерлік нысандары санын арттыру және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту.

Түркістан облысында да агроөнеркәсіп өнімдерінің өсімі зор. Соның ішінде Шардараның ауыл шаруашылығы бүгінде ауданды алғы шепте ұстап келеді. Аймақта ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жоғары деңгейде жұмыстар атқарылуда және келешекте жалғасын табарына сенім мол. Шардара ауданындағы ауыл шаруашылығы жұмыстарының барысы туралы бізге мәлім болған ақпаратқа толығырақ тоқталып өтсек.

2021 жылы ауданда 59300 га. жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру болжамдануда. Атап айтқанда: күздік бидай – 1160 га, жаздық арпа – 1500 га, күріш – 1560 га, дәндік жүгері – 3190 га, маш – 535 га, мақсары – 50 га, мақта – 15850 га, ескі жоңышқа – 15617 га, жаңа жоңышқа – 4000 га, сүрлемдік жүгері – 4100 га, картоп – 600 га, көкөніс – 250 га, бақша – 10888 га. Бүгінге дейін күздік бидай-1580 га, күздік пияз 15 га, жаздық арпа-1500 га, жаңа жоңышқа 4120 га, картоп — 207 га, көкөніс – 540 га, бақша – 4788 га жерге егіліп, 5500ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі егіс жұмыстарын жалғастыруда. Сәуір айында Жаушықұм массивіндегі «Тұрар» СТК-сы күзде 2 га жерге егілген қырыққабаттан 60 тн. өнім алып, нарыққа шығарды.

Облыс әкімінің бір алқаптан 2-3 өнім алу бойынша берген тапсырмасына сәйкес, межеленген 120 бірлік 123 бірлікке орындалуы жоспарлануда. 2020 жылы осы бағытта жұмыс жасаған 72 шаруа қожалықтары 1-ші өнім үшін егілген 331,5 га жерден 3913 тн өнім, 2-ші өнім үшін егілген 112,3 га жерден 2504 тн өнім алды. 2021 жылы осы бағытта жұмыс жасаған 123 шаруа қожалықтары 1-ші өнім үшін 960,1 га жерге егін екті, 2-ші өнім үшін 424 га жерге егін егуді жоспарлауда. Шаруалар арасында қызығушылықтың ұлғаюына және үгіт-насихат жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Ақшеңгелді ауыл округінде «Шардара ауданының агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыруда бір алқаптан 2-3 өнім алудың тиімділігі» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚМУ және ОҚПУ ғалымдарының, тыңайтқыш тасымалдайтын мекемелер басшылары, ауыл әкімдері, жер мамандары және аудандағы шаруалардың қатысуымен семинар кеңес өткізілді.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарына (мақтаны) қаржыландыру мақсатында «Нимэкс» ЖШС 500 млн. тг несие және 100 тн. шит, «Ырыс МКҰ» ЖШС 500 млн. тг несие, «Мырзакент» ЖШС 500 млн. тг несие және 60 тн. шит, «Аисиси» ЖШС — 500,0 млн. теңге несие, 200 тн. шит беруді межелеуде. Бүгінге дейін «Аисиси» ЖШС 500 млн. теңге, «Ырыс МКҰ» ЖШС 382 млн теңге, «Мырзакент» ЖШС 258 млн. теңге, «Нимэкс» ЖШС 331,7 млн. теңгеге несиелендірді, 200 тн. шит таратуда. Жер жыртатын ауыл шаруашылығы техникалары жеткілікті, 2020 жылы 102 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникалары алынды.

Көктемгі дала жұмыстарына үкімет тарапынан жеңілдетіліп берілетін жанар жағармай алушы АШТӨ-лар тізімі жасақталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан биылға ауданға босатылатын жанар жағармай көлемі 3155,0 тонна бекітіліп, тендер жеңімпазы «Қазроснефть» және «Симург Транс Оил» ЖШС-лары болып анықталып, 1 литр бағасы 163 теңгеден босатылуда. Осы сияқты, субсидияланатын минералды тыңайтқыштар тізбесін бекіту туралы облыс әкімінің қаулысы жарияланып, тасымалдау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінге дейін 500,0 тонна селитра, 280,0 тонна аммофос, 350,0 тонна сульфат аммоний тасымалданып, Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне жеңілдетілген субсидиялық қолдаумен таратылып берілуде. Тасымалдау жұмыстары жалғасуда.

Ауданда ПУИД-2 бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізу мақсатында аудан әкімінің өкімімен аудандық штаб құрылды. Аудандық штаб Қызылқұм және Алатау батыр ауыл округтерінде атқарылып жатқан жұмыстарға күнделікті мониторинг жүргізуде. Көктемгі дала жұмыстарының барысы бөлім мамандары тарапынан тұрақты бақылауға алынған.

Ағымдағы жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 2238,6 млн. теңге, НКИ 102,4 %. Егін шаруашылығы 22,5 млн. теңге, НКИ 100,0 %, мал шаруашылығы 1936,3 млн. теңге, НКИ 102,8 пайызды құрады. Мал шаруашылығы саласы бойынша мал мен құстың союға өткізілген (тірідей салмақта) еттің көлемі 1617,2 тн (102,4%), сауылған сиыр сүті 3346,8 тн. (103,1%), алынған жұмыртқалар 546,7 мың дана (104,1%). ІҚМ – 55376 бас (107,5%), қой мен ешкі 234353 бас (101,5%), жылқы 14190 бас (128,0%), түйе 2948 бас (106,1%), құстар 48867 басты (104,4%) құрады.

Аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы №2-7Ө өкімімен аудандық штаб құрылды. Штабтың құрамына аудан әкімінің орынбасары төраға, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, ауыл әкімдері, ауыл округі жер мамандары, аудандық аумақтық инспекциясы, аудандық фитосанитария мекемесі, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық орталық аурухана, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» Шардара орманшылығы мамандары енгізілді. Ауыл округі әкімдеріне жұмыс зерттеу-анықтауды жүргізетін қажетті анықтаушыларды аудандық жұмыспен қамту орталығына тіркеу жөнінде тапсырма беріліп, анықтау жұмысына қатысатын 42 анықтаушының тізімдері нақтыланып, аудандық жұмыспен қамту орталығында 42 адам жасақталды. Аудандық аумақтық инспекциясы, аудандық фитосанитария мекемесі және бөлім тарапынан атқарылатын жұмыс көлемдері келісіліп, бекітілді. Атап айтқанда, 2021 жылы аудан бойынша марокко шегерткесі зиянкестеріне қарсы іс-шаралар бойынша 6800 га, оның 3000 га әуемен, 3800 га жер үсті техникасымен өңдеу жұмыстары болжамданды. Анықтаушылардың күнделікті нормаларының орындалуына ауыл округінің әкімдері жауапты болып белгіленді. Аса қауіпті марокко шегерткесіне қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстарына ауыл округтерінен қолданатын қажетті су көздері, мамандер мен жұмысшылардың қонуға ыңғайлы мекен жайлары белгіленіп қойылды. Бүгін, яғни 16 сәуірде Жаушықұм ауыл округі аумағында марокко шегерткесінің жер бетіне шыққаны жөнінде аудандық фитосанитария мамандары тарапынан хабарлама берілді. Анықтаушылар 19 сәуірден бастап жұмысқа кірісті.

2021 жылы «BS Agro Group» басшысы Руслан Нұрманов Достық ауыл округінде жаңа технологиялар қауынқақ өңдеу зауытын іске қосуды жоспарлауда. Инвестиция көлемі 500 млн.теңге, қуаттылығы жылына 200 тн-дан 500 тн-ға жеткізу жоспарлауда. Осының нәтижесінде 40 азаматқа жаңа жұмыс орны ашылады. Осы сияқты «Қуаныш-С» ЖШС 1000 бастық мал бордақылау нысанын және өндірістік қуаттылығы жылына 5000 тонна жем өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі 1 млрд. теңге, 2025 жылы іске толықтай қосылады. Осының нәтижесінде ақ бас сиыр және тұқымдас сиырлардың етін жылына 5000 тоннаға, жем өндіруді жылына 30000 тоннаға жеткізу көзделіп, 50 азаматқа тұрақты жұмыс орны ашылады.

«Шардара ауданы Жаушықұм алқабында 12192 га алаңдағы су таратқыш пен сорғы станциясын реконструкциялау» жобасын ағымдағы жылы бастау көзделуде. Жобаның сметалық құны 11,8 млрд.теңге. Жоба іске асқан жағдайда жылына 523 мың тонна көлемінде азық-түлік және мал азықтық өнімдері өндірілетін болады, 12500 адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады.

Қорытындылай келе айтарымыз, ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектерінің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді. Әрине, одан әрі еліміздің игілігі бағытындағы әлеуетіміздің арта беретініне сенімдіміз. Қажырлықпен атқарылған жұмыстар жақсы нәтиже беріп, табиғаттың дүлей күші айналып өтіп, еккен дәндер көл-көсір өніммен қуантқай!

А.СӘКЕНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *