ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗЫ

Әр алуан
2 294 Views

«Әйел – балалар панасы, әйел отбасы шамшырағы, сонымен қатар әйел саясаткер, әйел билеуші, әйел көшбасшы да бола алады» дегендей, соңғы жылдары елімізде «Гендерлік саясат» ұғымы көп айтылып жүр. Жалпы, «Гендер» дегеніміз – ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы.

«Gender» сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi. Ал «Гендерлік саясат» дегеніміз – өмір құндылықтарының барлық саласына қатысты ер мен әйел арасында теңдік орнатуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-әрекеттер. Гендерлiк саясат – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Гендерлік саясат туралы қоғамда сан түрлі пікірлер бар. Біреуі мақтаса, ал біреуі даттап жатады. Алайда, екі тараптың да өз кемшіліктері мен өз артықшылықтары бар.

Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен егемен еліміз қосылған Халықаралық актілерде жарияланған, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің барлық салаларына тең жағдайда қатысуы.

Осы саясатты қолдайтындарды түсінуге әбден болады. Мысалы, еңбек нарығында орын алатын дискриминацияны әрекет ету аясына және оның нәтижесіне байланысты жіктеуге болады. Мұндай көзқарастан әйелдер дискриминациясының жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан шығару кезіндегі дискриминация, яғни жұмысқа қабылдау кезінде әйелдер соңғы орында, ал жұмыстан шығару кезінде бірінші кезекте тұрады. Нақты бір мамандықтар немесе лауазымдар шеңберіндегі дискриминация (әйелдердің мұндай жұмысты орындауға қабілеттігі бар болғанына қарамастан, нақты бір қызмет түрімен, лауазыммен немесе мамандықпен айналысуына шектеу қою немесе тыйым салу), кәсіби карьерада қызмет бабы бойынша көтеру кезіндегі дискриминация (әйелдердің қызмет бабы бойынша өсуіне шектеу қою) деп атап көрсетсе болады. Демек, гендерлік саясат еңбек нарығы қызметімен тығыз байланысты.

Қорыта келе гендерлік саясат әйелдердің теңдігі және оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудің тәжірибелік құндылығы өздерінің құқығын іс жүзінде пайдалану мүмкіндігін білдіреді. Ал әйелдердің қоғамдық жұмысты атқарып, отбасына да уақытын қажетті деңгейде бөліп, балаларының тәрбиесімен де айналысып жүргені жасырын емес. Осы тұрғыда қазақ халқының: «Әйел бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді» деген әдемі даналық сөзі еріксіз ойға оралады.

Ерсұлтан ТОҚСАНБАЙ,

Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық сотының бас маманы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *