ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ОБЛЫСТА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ»

Экономика Қоғам
238 Views

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданында жұмыс сапарымен болып, өндірісорындарын аралады. Ауданда жұмыс орындарын көбейту бағытындағы жобаларментанысып, жергілікті азаматтармен кәсіпкерлікті дамыту бағытында пікір алмасты.

– Орталықтан келетін бюджет қаражатына емес, кәсіпкерлік пен зауыт-фабрикалардан түсетін табысқа сенім артқан жөн. Облыста өндіріс орындарын ашуға басымдық беріледі. Елді кәсіпкерлікке баулу, жаңа кәсіпорындар ашу мәселесін назарда ұстаңыздар. Бұл негізгі индикаторлардың бірі болады. Басшылардың жұмыс нәтижесі осы саладағы жұмыстармен де есептеледі, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі «CaPable Group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жөргектер және сулықтар шығаратын өндіріс орнында болды. Бүгінде аталған кәсіпорын жылына 100 млн. дана, тәулігіне 85-90 мың дана тауар шығаруға қауқарлы. 60 адам жұмыспен қамтылған.

Одан кейін Дархан Сатыбалды «Медикал Центр Манкент» клиникасы мен «BELLA TRADE» жиһаз фабрикасының жұмысымен танысты. 100 орынға арналған медициналық мекемеде 38 адам жұмыспен қамтылған. Ал жиһаз зауытында 120-ға жуық адам жұмыс істейді.

Бүгінде Сайрам ауданында агросала және мал шаруашылығы өте қарқынды дамып отыр. Солардың бірі – «NUR AGRO» шаруа қожалығы. Қазіргі таңда мұнда 35 адам жұмыспен қамтылған. 3,6 гектар аумақта орналасқан шаруа қожалығында қияр мен қызанақ егіледі. Кәсіпкер бұл жобаны жүзеге асыру үшін өз қаражатын жұмсаған және «Аграрлық несие корпорациясынан» да қомақты қолдау несиесін алған.

Сайрам ауданындағы «Қайып ата» ЖШС 2016 жылдың тамыз айында құрылған. Кәсіпорын ет шаруашылығымен айналысады. 40 адам жұмыспен қамтылған. «Қайып ата» ЖШС етті Қазақстанға ғана емес, шет мемлекеттерге де экспорттап келеді.

Аталған кәсіпорындардың жұмысымен танысқан Дархан Сатыбалды өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар күшейетінін жеткізді. Жауапты басқармалар мен аудан басшылығына инвестиция тарту, индустриалды аймақтарды дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *