ОТЫРАРДА ШАБАҚ БАЛЫҚ ӨСІРЕДІ

Қоғам
315 Views

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов ауыл округтердегі маңызы бар бірқатаркәсіпкерлік нысандарға барып, жұмысын саралады.

Бүгінде облысымызда балық шаруашылығы облыс экономикасының маңызды саласына айналуда. Облыс көлемінде өркендеу жолына түскен іргелі салада атқарылған жұмыстар да, алдағы міндеттер де ауқымды.

Іссапар барысы алдымен Көксарайлық кәсіпкер Әбужахил Есмұрзаевтың шабақ балық өсіру орнымен танысты.

Көксарайлық кәсіпкер көлде балық түрлерін көбейтіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Ауданда өсірілген балықтарға сыртқы нарықта сұраныс жоғары.

Бүгінде Әбужахил Есмұрзаевтың иелігіндегі «Жұлдыз» шаруа қожалығы 1992 жылы құрылған. Кәсіпкер қазіргі таңда Көксарай ауыл аумағында орналасқан «Көксарай көлінде» 2016 жылдан бастап шабақ балық өсіру кәсібімен айналысып келеді. Бүгінде кәсіпкерлік нысанда 10 адам жұмыс істейді.

Аудан әкімі С.Сұлтанхановпен кездескен жеке кәсіпкердің мәліметінше алдағы уақытта арнайы балық өсіретін зауытты іске қоспақ. Жалпы, осы жоба іске асқан жағдайда, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, балықтарға арналған азық (гидопоника) өсіруге арналған цех ашып кәсібін одан әрі дамытатындығын жеткізді.

Кәсіпкер енді ендегі жерде «Көксарай көлінің» аумағына жасыл желек егіп, субұрқақ орнатуды және демалыс аймағының құрылысын жүргізіп, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Бүгінде жаңа кәсіпті игерген шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау бар. Кәсіпкерлік нысан иелермен кездескен аудан әкімі, жұмыстарына сәттілік тілеп, мемлекет тарапынан қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *